1917 жылдың 5 мен 13-ші желтоқсан аралығында Орынбор қаласында қазақ-қырғыз құрылтайы өтті. Аталған құрылтайда тұңғыш рет заманауи бағытта мемлекет құрылып, оның аты Алашорда деп аталды. Бұл туралы «Сарыарқа» газетінде Әлімхан Ермеков: «Декабрьдің 12-сі күні, түс ауа, сағат 3-те дүниеге Алаш автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. Отансыз жұрт Отанды болды» деп жазған еді. Алашорда үкіметінің ел тәуелсіздігінің алғышарттарын жасады. 1917 жылы құрылған автономия Қазақстанның кейіннен Кеңес одағының құрамына автономиялы одақтас республика