Конституция күні қарсаңында медициналық жедел жәрдем қызметінің автопаркі 28 жаңа автомобильдермен толықты.

Көлік кілттерін тапсыру рәсіміне Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Қала әкімі жедел жәрдем қызметінің ұжымын алдағы Конституция күнімен құттықтап, денсаулық сақтау әкімдік жұмысының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Қазіргі кезде жедел жәрдем қызметінде 3874 адам еңбек етеді. Мұнда - 177 жедел жәрдем бригадасы мен 265 автомобиль бірлігі бар. Қызмет құрамында 11 қосалқы станция мен 3 автоколонна, 2 автокөлікке май құю бекеттері жұмыс жасайды.
Барлық автомобильдер Денсаулық сақтау министрлігі жасаған стандарттарға сай және заманауи құралдармен жабдықталған.
____________________
В канун Дня Конституции автопарк Службы скорой медицинской помощи пополнился на 28 новых автомобилей. В церемонии вручения ключей принял участие аким Алматы Бакытжан Сагинтаев.
Аким города поздравил сотрудников скорой с наступающим Днем Конституции, отметив, что здравоохранение – один из главных приоритетов работы акимата.
На сегодняшний день в службе скорой медпомощи трудятся 3874 человека. Всего - 177 бригад скорой помощи и 265 единиц автомобилей. В составе службы - 11 подстанций и 3 автоколонны, 2 автозаправочные станции.
Все автомобили соответствует стандарту, разработанному Минздравом, и оснащены современным оборудованием.
#akimatalmaty #almaty

Комментарии

Комментариев нет.