Қайырлы таң!

Арайланып таң атар,
Таң қылаң берсе кім жатар.
Бүгінгі жырым басқалау,
Бұған кімдер тіл қатар.
Ана жайлы зарлы әндер,
Көбейіп кетті-ау, тыңдасаң,
Ролін жоғалтқан аналар,
Тағдырын жоғалтқан балалар,
Не болып кетті заманға,
Көрінген балдар аман ба.
Баласын іздейтін анадан,
Анасын іздейтін бала көп шығар.
Азды деуге бола ма,
Кім қорған болады балаға.
Жан даусына шыдамай,
Жүгіре шығасың далаға.
Бақытын қайдан табады,
Мейіріне ананың қанбаған,
Нәрін қайдан алады
Уызды жарытып сормаған,
Тумай жатып сорлаған.
Обал да болды-ау, балдарға.
Алды тұман бұлыңғыр,
Анасын жоқтаған зарлы әндер,
Көбейіп кетті құрғырлар
Көбейіп кетті-ау,құрғырлар.
Мейіз Закірқызы. 26.02.24ж

Комментарии