Теміржол – мемлекеттің күре тамыры, экономиканың қозғаушы күші.
Осы жолда талмай еңбек етіп жүрген теміржолшылардың еңбегі ерекше құрметке лайық. Жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Теміржолшылар күні – осы салада қызмет ететін жандарға деген алғыс пен ықыластың белгісі. Бүгінгі таңда Қазақстан теміржолы – ірі көлік желісі, халықаралық тасымалда маңызды орын алады. Осы жетістіктердің артында мыңдаған теміржолшының табанды еңбегі тұр. Тобыл станциясының теміржол вокзалында еңбек етіп жүрген әрбір қызметкер – еліміздің көлік саласының тірегі. Солардың ішінде ұзақ жылдар бойы адал қызмет атқарып келе жатқан, талай пойыздың қозғалысын үйлестіріп, мыңдаған жолаушының амандығына жауап беріп жүрген білікті маман – Исмаилова Қарлығаш Казезқызы. Қарлығаш Казезқызы Ақмола облысының Есіл қаласында үлкен теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Анасынан бастап, 3 ағасы мен 6 апа-сіңілдері теміржолшылар. Исмаилова Қарлығаш білімі жоғары, Оңтүстік Орал мемлекеттік университетін тамамдаған. Қарлығаш Казезқызы қызметте тиянақты маман болса, өмірде мейірімді ана, адал жар. Отбасы – оның ең үлкен байлығы. Жолдасы Тобыл депосында машинист болып еңбек етсе, ұлы Dar Rail теміржол мекемесінде машинист көмекшісі. Қарлығаш Казезқызы отбасында да, ұжымда да сыйлы жан. Әріптестері оны қарапайым, кішіпейіл, көмекке дайын, әділ мінезді жан ретінде сипаттайды. Жұмысынан бос уақытында қоғамдық шараларға қатысады. Теміржол саласында теміржол вокзалы бойынша кезекшісі Қарлығаш Казезқызының адал еңбегі мен кәсіби біліктілігі жастарға үлгі. Ол өз ісіне ерекше жауапкершілікпен қарап келеді. Бүгінде ол, жас мамандарға бағыт-бағдар беріп жүрген тәлімгер. Тобыл кентінің теміржол вокзалы – күнделікті жүздеген жолаушыны қарсы алып, сапарға аттандырып жатқан маңызды нысан. Ол осы вокзалдың тыныс-тіршілігін, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәулік бойы қырағылықпен еңбек етіп жүрген мамандардың бірі. Қарлығаш Казезқызы бұл салада он жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Оның басты міндеті – вокзал аумағында тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, пойыздардың уақытылы келуі мен кетуін бақылау, жолаушыларға қажетті ақпаратты дер кезінде жеткізу. Күннің ыстығына да, боранды түндерге де қарамастан, ол өз жұмысына асқан жауапкершілікпен қарап, әр пойыздың кестеге сәйкес қозғалуын мұқият қадағалап, вокзалдағы барлық қызметтің үйлесімді жұмыс істеуіне атсалысады. – Басты мақсатым – жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлы жүруіне жағдай жасау. Әр күн – үлкен жауапкершілік. Вокзал – адамдардың өміріндегі маңызды тоғыс нүктесі. Біреу туысына асығып барады, біреу алыс сапарға аттанып жатыр. Олардың бәрі бізге сенім артады, – дейді Қарлығаш Исмаилова. Қарлығаш Казезқызының көпжылдық еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол Қазақстан теміржолы мекемесінің «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісінің иегері және бірнеше мәрте марапатқа ие болған. Ол –кәсіби шеберліктің және адами жылылықтың үлгісі. Алдағы теміржолшылардың кәсібі мерекесі күні барша теміржол қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, қажырлы еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тілейміз! Тәртіп пен тәрбие жолында темірдей мықты болып, абыройларыңыз асқақтай берсін!
«Áıet shamshyraǵy» Новости района Б. Майлина.
Теміржол – мемлекеттің күре тамыры, экономиканың қозғаушы күші.
Осы жолда талмай еңбек етіп жүрген теміржолшылардың еңбегі ерекше құрметке лайық. Жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Теміржолшылар күні – осы салада қызмет ететін жандарға деген алғыс пен ықыластың белгісі. Бүгінгі таңда Қазақстан теміржолы – ірі көлік желісі, халықаралық тасымалда маңызды орын алады. Осы жетістіктердің артында мыңдаған теміржолшының табанды еңбегі тұр.
Тобыл станциясының теміржол вокзалында еңбек етіп жүрген әрбір қызметкер – еліміздің көлік саласының тірегі. Солардың ішінде ұзақ жылдар бойы адал қызмет атқарып келе жатқан, талай пойыздың қозғалысын үйлестіріп, мыңдаған жолаушының амандығына жауап беріп жүрген білікті маман – Исмаилова Қарлығаш Казезқызы. Қарлығаш Казезқызы Ақмола облысының Есіл қаласында үлкен теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Анасынан бастап, 3 ағасы мен 6 апа-сіңілдері теміржолшылар. Исмаилова Қарлығаш білімі жоғары, Оңтүстік Орал мемлекеттік университетін тамамдаған. Қарлығаш Казезқызы қызметте тиянақты маман болса, өмірде мейірімді ана, адал жар. Отбасы – оның ең үлкен байлығы. Жолдасы Тобыл депосында машинист болып еңбек етсе, ұлы Dar Rail теміржол мекемесінде машинист көмекшісі. Қарлығаш Казезқызы отбасында да, ұжымда да сыйлы жан. Әріптестері оны қарапайым, кішіпейіл, көмекке дайын, әділ мінезді жан ретінде сипаттайды. Жұмысынан бос уақытында қоғамдық шараларға қатысады. Теміржол саласында теміржол вокзалы бойынша кезекшісі Қарлығаш Казезқызының адал еңбегі мен кәсіби біліктілігі жастарға үлгі. Ол өз ісіне ерекше жауапкершілікпен қарап келеді. Бүгінде ол, жас мамандарға бағыт-бағдар беріп жүрген тәлімгер. Тобыл кентінің теміржол вокзалы – күнделікті жүздеген жолаушыны қарсы алып, сапарға аттандырып жатқан маңызды нысан. Ол осы вокзалдың тыныс-тіршілігін, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәулік бойы қырағылықпен еңбек етіп жүрген мамандардың бірі. Қарлығаш Казезқызы бұл салада он жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Оның басты міндеті – вокзал аумағында тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, пойыздардың уақытылы келуі мен кетуін бақылау, жолаушыларға қажетті ақпаратты дер кезінде жеткізу. Күннің ыстығына да, боранды түндерге де қарамастан, ол өз жұмысына асқан жауапкершілікпен қарап, әр пойыздың кестеге сәйкес қозғалуын мұқият қадағалап, вокзалдағы барлық қызметтің үйлесімді жұмыс істеуіне атсалысады.
– Басты мақсатым – жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлы жүруіне жағдай жасау. Әр күн – үлкен жауапкершілік. Вокзал – адамдардың өміріндегі маңызды тоғыс нүктесі. Біреу туысына асығып барады, біреу алыс сапарға аттанып жатыр. Олардың бәрі бізге сенім артады, – дейді Қарлығаш Исмаилова. Қарлығаш Казезқызының көпжылдық еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол Қазақстан теміржолы мекемесінің «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісінің иегері және бірнеше мәрте марапатқа ие болған. Ол –кәсіби шеберліктің және адами жылылықтың үлгісі.
Алдағы теміржолшылардың кәсібі мерекесі күні барша теміржол қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, қажырлы еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тілейміз! Тәртіп пен тәрбие жолында темірдей мықты болып, абыройларыңыз асқақтай берсін!