.

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ НАЙМАН-ҚАЛА (ЖАМБЫ) ТАРИХЫ
ҮРЖАР-ҚАРАҚОЛ ОАЗИСІНІҢ ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ
Үржар-Қарақол оазисі Қазақстан Республикасының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Тарбағатай жотасының етегінде орналасқан. Аталмыш өңір Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының таулы-орманды және далалық-шалғынды мекенін алып жатыр. Оазистің солтүстік батыс бөлігін Тарбағатай жотасындағы Ақшәулі, Шәуілдір, Биікқызыл тауларынан бастау алатын Қарақол өзенінің аңғары құрайды. Өзеннің ұзындығы 184 км. Судың жиналатын алабы 1940 шаршы/км. Өзен аңғары өз жолында Таскескен, Тасбұлақ, Шолпан, Қарақол, Сағат атты елді мекендерді басып өтеді. Өзен Алакөл ойысындағы бес көлдің (Алакөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл, Қошқаркөл, Бармақкөл) бірі Сасықкөлге құяды. Судың қоры негізінен мұздықтар мен бастаулардан, жауын-шашын және жер асты сулары (тұмалар) негізінде жиналады. Өзеннің Тарбағатай жотасынан басталған жерінің арнасы кең, суы мол болып келеді. Суда аққайран, мөңке, итбалық, табан және басқа балықтар кездеседі. Жағалаулар тастақ жерлер болғандықтан кей рельефтері қуыс тасты, сүйір тасты болып келеді. Онда ұзынды-қысқалы қалың бұталар, мойыл, жылауық тал, итмұрын және жалбыз қалың әрі бұталы болып өседі.

. - 495311601857

Комментарии

  • 21 ноя 2015 15:31
    Бари келди мынандай маглуматтар кайдан алдыныздар?алиде толык Нацман кала туралы деректер болса толык жиберсениздер екен .керемет!!!!!
  • 21 ноя 2015 15:32
    Найман кала туралы деректер,коне суреттер болса