Комментарии
- 12 сен 2015 19:05Женя Ахметксука любовь
- 27 ноя 2015 21:15Салтанат СчастливаяШын ғашық болу-ол Алланың берген сыйы
- 9 дек 2015 19:56Кайрат Калиаскаровозі айтқандай ,сезімді сезу үшүн ,сезім керек
- 14 авг 2017 20:11Салтанат Серікбай
Для того чтобы оставить комментарий, войдите или зарегистрируйтесь
Мұқағали Мақатаев
Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба?!
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе әлде қоладан ба?!
Ғашықпын. Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толық
Бар үміт, бар сенімді шашып болып
Өтермін сірә да мен бұл өмірден
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.
(c) Мұқағали Мақатаев