Сеніп өтем!Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.Достық деген — адамның көрігі екен,Достық деген адалдың серігі екен.Қыран күлкі-тамаша — бәрі осында,Отырмын думан-тойдың арасында.Береке бойдан асып жатқанымен,Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба?Ұйытқып жатыр көңілде кұйын-дауыл,Неге сен келе алмадың жиынға бұл?!Жыраққа жалғыз мені жібермешіЖаныңа жаманшылық бұйырмағыр!Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі,Өзімсіп: — Ей! — деседі, — өй! — деседі.Шіркіндер-ай, даурығып тындар емес!Есіме ап, тост көтерсем, кейде сені.Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба?Сенсіз думан — қызылсыз бос қырман да.Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп,Сенін орның құлазып, бос тұрғанда.
Мұқағали Мақатаев
Досым, саған сенемін.
Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген — адамның көрігі екен,
Достық деген адалдың серігі екен.
Қыран күлкі-тамаша — бәрі осында,
Отырмын думан-тойдың арасында.
Береке бойдан асып жатқанымен,
Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба?
Ұйытқып жатыр көңілде кұйын-дауыл,
Неге сен келе алмадың жиынға бұл?!
Жыраққа жалғыз мені жібермеші
Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр!
Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі,
Өзімсіп: — Ей! — деседі, — өй! — деседі.
Шіркіндер-ай, даурығып тындар емес!
Есіме ап, тост көтерсем, кейде сені.
Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба?
Сенсіз думан — қызылсыз бос қырман да.
Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп,
Сенін орның құлазып, бос тұрғанда.