🔘 Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпегенде болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз.
🔘 Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ. 🔘 Жер дауы – тәмәм бес миллион қазақ дауы. 🔘 Қазақтың байырғы жерін қашан ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмеуі тиіс. 🔘 Қазақтың қойының жүні тоқылып, үстіне киім болып, әрбір темірі өзіне түйме болуы тиіс. 🔘 Біз бай, білімді, әрі күшті болуымыз керек. Бай болу үшін – кәсіп, білімді болу үшін – оқу керек. Ал күшті болу үшін – бірлік керек. 🔘 Байлық түбі – ақыл һәм қол ұсталығы («кәсіп» мағынасында – Ә.Ғ.). 🔘 Ұлтына, жұртына қызмет қылу білімнен емес, мінезден. 🔘 Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ынтымақ қана. Қазақ жерінің әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалуы керек. 🔘 Бөтен кісі қазаққа ешқайдан жақсылық әкеліп бермейді. Өз күшіне, өз қуатына сенбеген адам да, халық та ғұмыр жүзінде бәйге алмайды. Біреуге телмірген адамнан, халықтан қосақ түрткен жетім лақ бақытты. 🔘 Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу мақсат. 🔘 Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса – тарих жолында тезек теріп қалады; бақыт пен махаббаттан тысқары болады: бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?!. 🔘 Тірі болсақ – алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар! 🔘 Бұл болып тұрған заман – Алаштың азаматына зор күш. Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса – Алаштың баласы бақыт, махаббат («жақсы өмір» мағынасында – Ә.Ғ.) жолына түсті! Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере жүрер алдымызда зор шарттар бар! Осыны аңғар, жұртым, қазақ!
ALAŚ ORDA
🔘 Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпегенде болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз.
🔘 Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ.
🔘 Жер дауы – тәмәм бес миллион қазақ дауы.
🔘 Қазақтың байырғы жерін қашан ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмеуі тиіс.
🔘 Қазақтың қойының жүні тоқылып, үстіне киім болып, әрбір темірі өзіне түйме болуы тиіс.
🔘 Біз бай, білімді, әрі күшті болуымыз керек. Бай болу үшін – кәсіп, білімді болу үшін – оқу керек. Ал күшті болу үшін – бірлік керек.
🔘 Байлық түбі – ақыл һәм қол ұсталығы («кәсіп» мағынасында – Ә.Ғ.).
🔘 Ұлтына, жұртына қызмет қылу білімнен емес, мінезден.
🔘 Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ынтымақ қана. Қазақ жерінің әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалуы керек.
🔘 Бөтен кісі қазаққа ешқайдан жақсылық әкеліп бермейді. Өз күшіне, өз қуатына сенбеген адам да, халық та ғұмыр жүзінде бәйге алмайды. Біреуге телмірген адамнан, халықтан қосақ түрткен жетім лақ бақытты.
🔘 Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу мақсат.
🔘 Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса – тарих жолында тезек теріп қалады; бақыт пен махаббаттан тысқары болады: бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?!.
🔘 Тірі болсақ – алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар!
🔘 Бұл болып тұрған заман – Алаштың азаматына зор күш. Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса – Алаштың баласы бақыт, махаббат («жақсы өмір» мағынасында – Ә.Ғ.) жолына түсті! Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере жүрер алдымызда зор шарттар бар! Осыны аңғар, жұртым, қазақ!