Көп қой, сірә, әжемнің жан шатағы, Қайта оралмас күндері аңсатады. Айтуынша ауылын сағынып жүр, Сағынышпен атады қанша таңы? Тыншығанда ымыртты шақта бәрі, Маған ішкі сырларын ақтарады. Мен қалалық қызбын деп күліп қоям, Ол ауылда туғам деп мақтанады. Әңгіме етед балалық бал шақтарын, Ақ жүзінен сырғытып моншақтарын. Аулым алыс деп әжем жабырқайды, Бірақ одан бүгінде алшақ па мұң? Бір күледі, еске алып, бір жылайды, Бір қуанып, тағы да тұнжырайды. Сосын қалам қолға алып, аулын аңсап, Естелігін өрнектеп, жыр құрайды. Бірдеңе сұрады әжем кенет менен, Сауалы: "Адамға не керек?" деген. Мен ойланбай, бір демде, бас қатырмай, "Адамға тек тыныштық керек" дегем. Әжем мені білмеймін құптады ма, Ұқты ма екен, жоқ әлде ұқпады ма. Терезеге телміріп көп отырды, Жанарын жасыменен шықтады да. Естеліктер тұз ба еді, шекер ме еді, Әйтеуір көңілімді мұң мекендеді. Бір кезде әжем "Тыныштық керек болса, Дәл маған керегі ауыл екен" деді. Тек қалада емес пе жұмыс бүгін, Ауылға кетуге шын тырысты кім? Қаладан бақ табам деп жүрген жандар Жоғалтады екен ғой тыныштығын. Ал енді мен несіне шаттанайын, Әжемді қамықтырар шақ па уайым? Аңсатып жүрген менің ақ әжемді Ертең ертіп аулына ап барайын! Әжемді қуанттым деп мақтанайын! Авторы: [Анель Аян]
Успен-Еркиндик "Өспен"
Ауылды аңсау"
Көп қой, сірә, әжемнің жан шатағы,
Қайта оралмас күндері аңсатады.
Айтуынша ауылын сағынып жүр,
Сағынышпен атады қанша таңы?
Тыншығанда ымыртты шақта бәрі,
Маған ішкі сырларын ақтарады.
Мен қалалық қызбын деп күліп қоям,
Ол ауылда туғам деп мақтанады.
Әңгіме етед балалық бал шақтарын,
Ақ жүзінен сырғытып моншақтарын.
Аулым алыс деп әжем жабырқайды,
Бірақ одан бүгінде алшақ па мұң?
Бір күледі, еске алып, бір жылайды,
Бір қуанып, тағы да тұнжырайды.
Сосын қалам қолға алып, аулын аңсап,
Естелігін өрнектеп, жыр құрайды.
Бірдеңе сұрады әжем кенет менен,
Сауалы: "Адамға не керек?" деген.
Мен ойланбай, бір демде, бас қатырмай,
"Адамға тек тыныштық керек" дегем.
Әжем мені білмеймін құптады ма,
Ұқты ма екен, жоқ әлде ұқпады ма.
Терезеге телміріп көп отырды,
Жанарын жасыменен шықтады да.
Естеліктер тұз ба еді, шекер ме еді,
Әйтеуір көңілімді мұң мекендеді.
Бір кезде әжем "Тыныштық керек болса,
Дәл маған керегі ауыл екен" деді.
Тек қалада емес пе жұмыс бүгін,
Ауылға кетуге шын тырысты кім?
Қаладан бақ табам деп жүрген жандар
Жоғалтады екен ғой тыныштығын.
Ал енді мен несіне шаттанайын,
Әжемді қамықтырар шақ па уайым?
Аңсатып жүрген менің ақ әжемді
Ертең ертіп аулына ап барайын!
Әжемді қуанттым деп мақтанайын!
Авторы: [Анель Аян]