Комментарии
- 23 ноя 2021 20:25Айтбай Жакунов
- 25 ноя 2021 04:06ANARGUL AKBASOVAСабр!!!Ниет!!!
️
- 26 ноя 2021 08:49СВЕТЛАНА ХАМИТОВА БАЛТАБАЕВА
️
- Кушербаай ТулегеновКомментарий удалён.
- Кушербаай ТулегеновКомментарий удалён.
- 1 дек 2021 08:00Кушербаай Тулегенов
Для того чтобы оставить комментарий, войдите или зарегистрируйтесь
АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗДЕР
ДАНАЛАР СӨЗІ
Біздің жыл санауымыздан 531жыл бұрын жазылған Үндістанның философы Бейдуаның кітабында мынадай сөздер бар екен.
Еңбегі еш болып, өмір бойы ісі оңға баспайтын адамда үш түрлі белгі болады:
1. Жігерсіздік, тоғышарлық.
2. Мешкеулік.
3. Есіткеннің бәріне сене берушілік.
Абдулла Иби Махсуд айтқан екен: Үш нәрсенің күнәсі өте ауыр. Сол үш нәрседен сақ бол.
Олар:
1. Тәкаппарлық. (Иблис тәкаппар боламын деп пейіштен қуылды)
2. Қасарысып тіл алмау. (Адам ата жеме деген жемісті тіл алмай жеп жәннаттан шығарылды)
3. Іштарлық, қызғаншақтық. (Абылды Қабыл қызғаныштан өлтірді.)
Ұлықпан әкім айтыпты:
Екі нәрсені ұмыт:
1. Басқалардың өзіңе істеген жамандығын ұмыт.
2. Біреуге істеген жақсылығыңды ұмыт.
Екі нәрсені ұмытпа:
1. Алланың ұлылығын, өлімнің барын ұмытпа.
2. Басқаларға жақсылық жасауды ұмытпа.
Үш нәрседен сақ бол:
1. Көзден. 2. Тілден. 3. Нәпсіден.
_____________________
Ештеңе білмейтін, бірақ ештеңе білмейтінін түсінбеген адам--ақымақ. Одан ұзақ жүріңдер.
Ештеңе білмейтін, бірақ өзінің білмейтінін өзі білетін адам--сауаты жоқ адам. Оған ілім үйрет.
Барлығын білетін, бірақ білгенін іске асырмайтын адам--ғапыл. (ұйқыдағы жан) Оны оят.
Барлығын білетін, білгенін іске асыратын адам--данышпан. Одан сұраңдар, ұстаз тұт.
әл--Халил ибн Ахмед әл Фараһиди.
Миләди 8-9 ғасырларда өмір сүрген араб тілі білгірі. Әйгілі Сибауейһ әл Басридің ұстазы.
______________________
Бес нәрсені бұрын болжап, ойластыр:
1. Өлмей тұрып, тіршіліктің қадірін біл.
2. Басыңа іс түспей тұрып, бостандықтың қадірін біл.
3. Ауырмай тұрып, денсаулықтың кадірін біл.
4. Кедейлік келмей тұрып, барлықтың қадірін біл.
5. Кәрілік келмей тұрып, жастықтың қадірін біл.
_____________________
Өмірдің алты қағидасы:
1. Жалғыз қалсаң, ойыңды қадағала,
2. Достарыңмен отырғанда, тіліңді қадағала,
3. Ашуың келгенде, мінезіңді қадағала,
4. Топтың ішінде, тәртібіңді қадағала,
5. Қысылған сәтте, қадамыңды қадағала,
6. Алла рақымын төксе, менмендігіңді қадағала.
______________________
Дүниеде ең қиыны--жалғыздық.
Ең жаманы--жақыныңнан мәңгіге айырылу.
Ең ащысы--ешкімге білдіртпей, іштей тынып жылау.
Ал ең ауыры--осының бәрін жасыру үшін жалған күліп жүру. . .
______________________
Өмірдің қиындығын көп көрген--көп нәрсеге қол жеткізеді.
Өмірдің ащысын көп татқан адам--тәттінің қадірін біледі.
Өмірде көз жасы көп төгілген адам--шынайы күле алады.
ӨМІР--ең үлкен ұстаз. . .
______________________
Орынсыз өтірік айтпа, өйткені өтірік несібеңді жеп қояды.
Ішімдік ішпе, өйткені шарап жасаған сауабыңды жеп қояды.
Басыма іс түсті деп қайғырма, қайғы өміріңді жеп қояды.
Бар нәрсеңе қанағат ет, қанағат жасаған күнәні жеп қояды.
_____________________
Ұмытпау керек нәрсе--Қарыз,
Тастамау керек нәрсе--Парыз,
Кісіге сыйлау керек нәрсе--Ізгілік,
Қайталамау керек нәрсе--Қателік,
Өзгеге таңбау керек нәрсе--Өз пікірің,
Күлмеу керек нәрсе--Кісінің сәтсіздігі,
Сұрамау керек нәрсе--Кісінің құпиясы,
Сатып ала алмайтын нәрсе--Сенім.
Исами Кондо
______________________
Адамның құндылығы оның неге қол жеткізгенімен емес, беретіндігімен анықталуы керек. Табысты емес, кажетті адам болуға тырысыңыз.
А. Эйнштейн
_______________________
Адамдардың нашар қылығын көру мені түк те таңғалдырмайды. Алайда сол қылығына беті былш етпейтіндігін көргенде, қатты таңғалам.
Гете
_______________________
Өзіңе тілемеген жамандықты басқаға да тілеме. Өзіңе істеген жақсылықты басқадан қызғанба. Адамның шын мағанасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт.
Мағжан Жұмабаев
_______________________
"Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым, қайтып ашар есігімді қатты жаппадым. Түптің түбінде оралар ортам--ел іші, ағайын ортасы. Басар жерім де, барар жерім де--қара жер. Қастерлей білсем қадірімнің кетпесін білдім. Панаң да ел, данаң да ел, соған арқа сүйедім, содан үйрендім.
Д. А. Қонаев
_______________________
Адамдар не айтады деп уайымдамаңыз...
Өйткені олар сіздің істегеніңізге жақсы немесе жақсы емес болғаны үшін емес, өздеріне пайдасы барма, жоқпа екеніне қарайды.
Элиот, Томас Стернз
_______________________
Дана кісіден:
"Шын жақсы көретін адамды қалай танимын?", деп сұралған екен.
Ол: "Ондай адам уайымды көтеріседі, сен жайлы сұрап жүреді, сенен еш жалықпайды, қателігіңді кешіреді, Жаратушыңды есіңе салып тұрады",-деген екен.
______________________
"Төрт нәрсе жақсы, ал төрт нәрсе олардан да жақсырақ.
1. Ұят ерлер үшін жақсы, әйел заты үшін одан да жақсы.
2. Әр адамның әділ болғаны жақсы, алайда әміршілердің әділ болғаны одан да жақсы.
3. Қарт адамның тәубеге келгені жақсы, алайда жас жігіттің тәубе еткені одан да жақсы.
4. Байлардың жомарт болғаны жақсы, алайда кедейдің жомарттығы одан да жақсырақ".
_________________________
Бидайдың сабағы не үшін төмен салбырап тұрады, білесіз бе? Себебі оның басында дән бар! Адамдар да білімі артқан сайын кеуде көтермейтін кішпейіл болады! Басында ештеңе жоқ адам ғана өзін өзгелерден жоғары санап дандайсып жүреді.
________________________
Тәкаппарлықты жеңген адам сүйкімді бола түседі. Ашуын жеңген адам көңілді болады. Құмарлығын жеңген адам жетістікке жетеді. Сараңдығын жеңген адам бақытты болады.
______________________
Жақсы адамдар сізге бақыт әкеледі, жаман адамдар тәжірибе береді, ең жаман адамдар сабақ болады, ал ең жақсылары естелік қалдырады.
Әр адамды бағалаңыздар.
________________________
Арыстанның белгісі--артына қарап ақырмайды,
Нар түйенің белгісі--қабырғасын сөксе де бақырмайды,
Нағыз туған асыл ер--қанша қасірет шексе де, қайғыға беріліп <аһ> ұрмайды!
_______________________
Шын ниетпен жақсылық жаса, қайтымын күтпе! Біреудің киіміне қарап өз бағаңды көтерме, мүмкін оның жан дүниесі бағалы шығар! Жылап тұрған бейшараға күлме алдыңа келуі ғажап емес. Сені жаратқан Алла оны да жаратқанын есіңнен шығарма! Ешкімге тіліңмен де, іс-әрекетіңмен де зияныңды тигізбе! Ешкім ешкімнен артық емес.
________________________
Адамға бақытты болу үшін көп нәрсе керек емес. Қамқор өмірлік жолдас, жайлы үй және сүйікті балалары болса жеткілікті. Бірақ көп адам осыны кеш түсінеді...
________________________
Өмір маған үйретті: Қиналған кезде күлімдеуді, Шаршаған кезде бүгілмеуді, Үмітті үрлеп, жылжуды алға, Сүрінген кезде түңілмеуді . . .
Өмір маған үйретті: Қиындықтарды жеңе білуді, Өзгенің мұңын сезе білуді, Қанағат, шүкір, сабыр деп айтып, Бар менен жоққа төзе білуді . . .
Өмір маған үйретті: Жүрегі ақ жанмен жақын болуды, Досқа-от, қасқа-салқын болуды, Қуанышын да, қайғы-мұңын да, Қаламмен шертіп ақын болуды . . .
Өмір маған үйретті: Қымбат жандарды сағынуды, Мұңмен дос болып жабығуды, Қайсарлық танытып, бас имесем де, Қатал заңына бағынуды. . .
Өмір маған үйретті: Көргендерімді түйе білуді, Адалға басты ие білуді, Жабықтырса да, тарықтырса да, Өмірді шексіз сүйе білуді!
________________________
Тәкаппар адамда мынадай әдеттер болады:
--Адамдармен ақылдаспау, сұрақ сұрамау, қатесін мойындамау, кешірім сұрамау, ешкімнен дұға сұрамау, болмашы нәрсеге ренжіп ашулану, адамдарды ұнатпау.
--Туыстарының, кедейлердің, жағдайы мүшкілдердің халінен хабар алмау, олармен араласпау.
--Үнемі өзінікін дұрыс деп ойлау.
--"Менің айтқаным дұрыс" немесе "Менің айтқаным болады" деп сөз таластыру.
--Насихат айтқан адамның сөзін қабылдамау.
--Адамдарға қиындық туғызып, әркімнен шағымдану. Әркімнен кемшілік іздеп, оларды надан деп біліп, өзін олардан үстем көру.
--Өзінің жақсы екенін айтып, мансабын айтып мақтану.
Кімде кім өзін жоғары санаса, жүрісінде паңдық болса, ақыретте Алла тағаланың қаһарына ұшырайды.
Хадистен
"Жеңіз, ішіңіз, садақа қылыңыз, бірақ тәкаппарланып сәнденбеңіз"
Хадистен
Жүрегінде тозаңдай тәкаппарлық бар адам жұмаққа кіре алмайды.
Хадистен
Үш нәрсе адамды бақытсыздыққа душар етеді: сараңдық, қомағайлық және тәкаппарлық.
Хадистен
Жүрегінде тәкаппарлығы бар адамға ақиқатты тану қиынға соғады.
Ибраһим ибн Әдхам
Тәкаппарлықпен адамдардан жүзіңді бұрма, жер бетінде кердеңдеп жүрме. Ақиқатында Алла тәкаппар мен кердеңді ұнатпайды.
Ұлықпан Әкім
"Тәкаппарлық--өзінікі қате болса да мойындамау, басқаларды өзінен төмен санау"
Мүслим
Кіші пейілдің абыройы асады,
Тәкаппардың құты қашады.
Ахмет Йугінеки
Тәкаппарды Тәңір сүймес.
Қорқыт
Тәкаппарлық көптеген жақсылықтарға тосқауыл болады.
Әли Самарқанди
Тәкаппарлық өзі туралы тым жоғары және басқалар туралы тым төмен пікірден қалыптасады.
Мишель де Монтень
Тәкаппар және қырсық адам ешкімнің ақылын тыңдамай, бәрін өз білгенінше жасайды да көп ұзамай өз қателіктерінің құрбанына айналады.
Эзоп
Тәкакппарлық--Алла Тағалланы ұмытудың белгісі.
Тәкаппарлық--өте жаман мінез, харам болып табылады.
Тәкаппар адам салих (жақсы) бола алмайды.
Тәкаппарлық барлық жақсылықтарға тосқауыл болады, барлық жамандықтарға жол ашады.
Тәкаппарлық жеңе бастаса, адамдар бір-бірін жоғалта бастайды.
Әлсіз адам нұқсандығын толықтыру үшін тәкаппар болады.
Жүрген кезде "кердеңдеп", "тәкәппарланып" жүрме.
Тәкаппардың тәубасы қабыл болмайды.
Бүкіл жамандықтың басы--тәкаппарлық.
Тәкаппарлықтың бір қадам арғы жағы--күпіршілік.
Тәкаппар болып, мақтанба,
Болса да орның төрде.
Бүгін, ертең, бір күні,
Барар жерің көрде.
Мен тәкаппар емеспін.
Бірақ, ешқашан өзімді төмендетпеймін.
Аллаһ тағаланың ең жаман көретіні кек сақтаушы кісілер.
Хадистен
Кімде кім рахым етпесе, оған да рахым етілмейді.
Хадистен
Күшті бол, қаталдығыңды көрсетпе,
Нәзік бол, әлсіздігіңді көрсетпе.
Омар инб Әл-Хаттаб
Жаман мінез-құлық---рухани кесел.
Әл-Фараби
Сөзіңе, антыңа берік болуға жастайыңнан үйрен. Сөзіңе беріктік өз мерейің, өз абыройың.
"Ұстаздық нақылдары" кітабынан
Мәз боп тоймай тіршіліктің ойнына,
Жатасың ғой кіріп жердің қойнына.
Жүсіп Баласағұни
Дүние, мал ащы судай кермек-ті,
Қанша ішкенмен сусын қанып көрмепті.
Жүсіп Баласағұни
Өз-өзін тізгіндеп, шектей алатындар--бақытты.
Шопенгауэр--немістің ойшылы
Өз ашуын баса білген адам--мықты адам.
Ахмет Йугінеки
Қайырсыз адам жеміссіз ағаш сияқты.
Ахмет Йугінеки
Ең жақсы әдет--жомарттық.
Ахмет Йугінеки
Жамандыққа жақсылықпен жауап бер: бұл пайғамбарымыздың өнегесі.
Қожа Ахмет Ясауи
Имансыздар өздерін өлмейтіндей көреді.
Қожа Ахмет Ясауи
Кісіге етпе жамандық қайта соғар өзіңе,
Құдығыңа түкірме су ішерсің көзінен,
Төмен жанды кемсітпе не боларын білмейсің,
Іс түскенде басыңа зар боларсың сөзіне.
Омар Хайям
Шынайы тақуа--байлық бітсе өзін пақыр сезінеді, билікке жетсе--ұстамды болады, даңқы шықса--жасырын жүреді.
Шейхы Кушайри
Ештеңе білмейтін және бірдеңе білейін деп талпынбайтын адам--өте жаман адам. Оның бойында екі кесел бірдей ұялаған.
Платон
Кімді бақытты деуге болады дегенге, Сократ: "Кімнің шынайы таза ойы мен өткір ақылы болса, соны",-депті.
Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ізгісі--парасат.
Габриель Мабли
Жасында әдеп үйренбеген кісіден, өскен соң қайран жоқ.
С. Сарайи
Даналыққа жетудің үш жолы бар:
Біріншісі--ой арқылы жету, бұл шапағатты жол,
Екіншісі--тәжірибе арқылы жету, бұл ауыр жол,
Үшіншісі--еліктеу арқылы жету, бұл ең жеңіл жол.
Лев Толстой
Тағдырды қыса алмадым тақымыма,
Бұл өмір, шынымды айтсам, тақым түгел,
сыймай-ақ қойды менің ақылыма!
Қадыр Мырзалиев
Ойыңа ие бол--ой сөзіңе айналады!
Сөзіңе ие бол--сөз ісіңе айналады!
Ісіңе ие бол--іс әдетке айналады!
Әдетіңе ие бол--әдет мінезге айналады!
Мінезіңе ие бол--мінез тағдырыңды шешеді.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Біз жоғалтқанда ғана, қадірін білеміз,
Кешіккенде ғана, асығуды үйренеміз,
Өлімді көргенде ғана, өмідің қадірін түсінеміз.
Бізден тек қана жасаған жақсылықтарымыз бен жасаған жақсы амалдарымыздан басқа ештеңе қалмайды.
Өмір--бумеранг. Сізге бүгін ешкім көмектеспеген болса, өзіңізді кінәлаңыз, себебі сіз де өзгелерге қиын сәтте көмек көрсетпегенсіз.
Ашуды жеңу үшін--салмақты бол,
Қаталдықты жеңу үшін--мейірімді бол,
Кедейлікті жеңу үшін--жомарт бол,
Өтірікті жеңу үшін--шыншыл бол,
Ең бастысы--Адам бол!
Бір нәрсені өзгерткің келсе--батыл бол,
Қиын нәрсені өзгерткің келсе--сабырлы бол,
Қай жерде батыл, қай жерде сабырлы болуды білу үшін--ақылды бол!
Өз өміріңізді өзгелердің өмірімен салыстырмаңыз. Өйткені олардың басынан не өткенін сіз көрген жоқсыз.
Өз өміріңізді бақытты ететін өзіңіз екенін естен шығармаңыз.
Адамды кедейлік немесе байлық құртпайды, көреалмаушылық пен қызғаншақтық құртады.
Жақсы кісі ақылымен тәуір болады,
Мінезі қорғасындай ауыр болады,
Құлағы өсекті естімейтіндей сауыр болады.
Шүкір ету--пенденің ең үлкен міндеті!
Шүкір ету--жақсылық иесіне жақсылығы үшін қарыздар екенін сезіну!
Шүкір ету--жаңа таңды көріп, тәтті өмір сүру!
Кішірейгеннен--кемімейсің..... Қайта беделің арта түседі....
Жақсылық жаса..... Жақсы сөйле.... Сол сені кез-келген ауыртпалықтан құтқарады....
Жүрегіңді мейірім мен нұрға толтыра жүр.... Жан-дүниең тыныш болады.
Жылы жүзді адамның жүрегі жұмсақ болады. Жүрегі нәзік жандар жақсылық жасаудан жалықпайды.
Көздеріңді көреалмаушылықтан, қызғаныштан сақтаңдар...,.
Шай мен тағам суық болса төзуге болады, ал көз бен сөз суықтығы шыдатпайды, өңменіңнен өтеді.
Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.
Өкпелеме. Өш алма. Аллаға тапсыр!
--Жамандасын,
--Сен бірақ жамандама,
--Алла сенің қорғаушың,
--Алаңдама!
--Тырнағыңның астынан кір іздейді,
--Тырнағыңа татымайтын адам ғана.
Ашуды сабырмен,
зұлымдықты ізгілікпен,
сараңдықты жомарттықпен,
жалғанды ақиқатпен
жеңбесең басқа әдістердің бәрі бос әурешілік.
Ақымақ адам қателікті кешірмейді де, ұмытпайды да.
Ақкөңіл адам бәрін кешіреді және ұмытады.
Ақылды адам кешіреді, бірақ ұмытпайды.
Өзгенің деңгейі өзіңнен төмен екенін аңғарсаң--жүндей бермей, шүкірлік ет.
Өзгенің деңгейі өзіңнен жоғары екенін аңғарсаң--күндей бермей, мініңді түзет.
Әңгіме айтпа сыртымнан білмей жатып,
Өсектеме, түрімді көрмей жатып,
Білгің келсе, өзімнен сұра келіп,
Ешкім білмес өз жайымды менен артық...
Еңбекқормен бірге болсаң талпынасың,
Ақылдымен бірге жүрсең парасатың кеңейіп, данышпан боласың,
Білгірмен бірге жүрсең, өрісің кеңейіп, биікке шығасың,
Жақсымен жүрсең мұратыңа жетесің, жақсы адам күн сияқты, қайда жүрсе де сол жерді нұрға бөлейді. Сенің кім екенің маңызды емес, кіммен бірге жүретінің маңызды.
Өзі жақсы адам--адамдардан тек жақсылықты көруге тырысады, кемшіліктерін кешіре біледі.
Жаман адам--адамдардың тек кемшілігін тізбектеп отырады, жақсылығын көргісі келмейді.
Ниетің мен пиіліңді түзеген сайын Алла халіңді жақсартады. Өзгеге жақсылық ойлаған сайын жақсылық саған ойламаған жерден келеді. Ал өзгені бақытты етуге ниеттенген адамға Алла оның өзін бақытты ететін адамды нәсіп етеді...!!!
Қолдан келгенше басқаларға жақсылық жасауға тырысайық. Біз елемеген кішкене жақсылықтың өзі жәннатқа кіруімізге себепші болуы мүмкін.
Жүзіміз жылы, жүрегіміз таза, ниетіміз түзу болсын.
Жинақтап қағаз бетіне түсірген:
Назарбеков Абат