Батыр Бауыржанның өзі келіні Зейнептен өлген кезінде өзіне жоқтау айтуын талап еткенінен де біраз дүниені аңғаруға болар

Қорытынды
Қазалы күнде жоқтау айту – ұлттық дәстүріміздің жақсы үлгісі. Оны айтудың, жалғастырудың ешқандай ерсілігі жоқ. Халық ғұрыпы бойынша жоқтау айтқан әйелдер мен қыздар үш күн бойы аяқ – табаққа араласпайды, яғни тамақ әзірлеуге қосылмайды. Біздің қазақ ұлтының осы ырымынан – ақ ғасырлар бойы жинақталып түзілген қасиетті салт – дәстүріміздің сыпайы мәдениеті мен әдебінің жоғары болмысы көрініп тұрады.
Иә, бүгінгі қала тұрғындары қаза болғанда оны кейде көршілері де білмей қалады. Дауыс шығарып, айқайлап жы лау “надандық” саналады екен. “Өр ке ниет ті елдерде айғайламайды” дейтіндер де бар. Зират басында маң ғазданып, сабырлық сақтап, әдепті кө рініп, қағазға қарап сөйлейтіндер де пай да болды. Бұрын үлкендер мұн дайда: “Жылап ал, көңіліңді босатып ал, қасіретті ішіңде сақтама, запыраныңды шы ғарып қал”,– дейді екен. Ал, қазір зират басына барған кезде қайтыс болған адамның ба лаларына: “Жылама, көзіңнің жасын көрсетпе, ұят болады, дертің ішіңде болсын”, деп жататындарда кездеседі.Сондай ақ жасөспірім қыздар мен ұлдар да жұрт көзінше жылауды әбес көріп, жоқтау айтпақ түгілі жылауға да ұялатындар кездесіп жатады. Анасы өлгенде , әкесі өлгенде, не бауыры өлгенде жыламаған балалар өсе келе нағыз тасбауыр болып шықпасына кім кепіл. Солай болатынына иманымдай се немін.
Өйткені, мына жарық дүниеде ата -ана дан артық, бауырдан артық не бар?!
Бақиға жоқтау айтылмай аттанған адам – жоқталмаған адам. Сондықтан жоқтаудың тәрбиелік мәні де зор. Сол себепті де бүгінгі күні жоқтаудың сөзіне, әніне, сазына мән беруі керек.
Жоқтау айту орыс халқында да болған.Бірақ орыс халқында жылау айту,бір-ақ қалыпты, жаттамалы болған.Адамы өлген үй жылауды жатқа білетін әйелдерді (плакальщицы) жалдап әкеп айтқызатын болған.Орыс халқының «жылауы» мен қазақ атаулы елдің «жылауы», «жоқтауының» айырмасы көп. [6.142б] Сәкен Сейфуллиннің осы келтірген айырмасы бүгінгі күні жоққа шыққандай. Оған дәлел белгілі бір ақындар не көпті көрген дана апаларымыздан ғана кездестірмесек,біздің қалалық түгілі қазақшылығы мол деген ауылымыздың өзінде жоқтауды бірінен -бірі жаттап алып,бір дәптерді бірінен- бірі алып, өлең дәптерге айналдырып, қандай өлім болса да айырмасыз айтып жүргендерін көргенде, бала мен дананың,алыс пен жақынның айырмасын жоғалтып алғандай боласың. Cоны көріп отырырып, егде адамдардың өмірден бұрынырақ өтетінін ескерсек, күні ертең оларды жоқтайтын жанның табылмай қалуы да мүмкін.

Батыр Бауыржанның өзі келіні Зейнептен өлген кезінде өзіне жоқтау айтуын талап еткенінен де біраз дүниені аңғаруға болар - 935564972618

Комментарии

  • 31 окт 2022 16:19
    Кайткан адамга жыламау ишиндеги шеринди зарынды шыгармау киын гой.Сол ушин Атам Казак айтады "Артында жоктайтын Адамын балан.бауырын болсын "дейди.Ол надандык емес дастур. Кезинде Хаким Абай да талай жоктауларды шыгарып аналарына келин кепшикке бери отырган.Озбек халкында да каза болган жерге жоктауга айел шакырады (плакальщик)дей ма.
  • 31 окт 2022 16:27
    Бауыржан Момышулынын келини Зейнептин ози олгенде жоктауын талап еткенде.Аспанда ушар Лашын.Лашын жаяр кулашын.Атасын Алган кудайым.Келини мендей жыласын деп кутылып кеткен екен.
  • 1 ноя 2022 19:25
    Бары дурыской