Қыз туралы мақал-мәтелдер жинағы.

Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.
Астың дәмін келтірер түз емес пе, елмен жерді қосатын қыз емес пе.
Қызға қырық кісі сөйлейді.
Қызға қырық үйден тиым.
Қыз көрейік, қыз көретін жігітті біз көрейік.
Қызы жақсыны қыдыр қорыйды, қызы жаманды сайтан торыйды.
Қызың жақсы болса суда жүзген үйрек, қызың жаман болса ішіңе тиген түйнек.
Әке тұрып ұл сөйлегеннен, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без.
Қыз қырымға, ұл ұрымға.
Қыз күнінде бәры жақсы, жаман қатын қайдан шықты.
Қыз ұстай алмаған күң етеді, ұл ұстай алмаған құл етеді.
Құда құрдас, қыз мұңдас.
Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілінер.
Қыз қылығымен тәтті.
Анасын көріп қызын ал.
Қызымыз үйдің жүгі жиылмас, ұлсыз үйдің малы қайырылмас.
Қас жүйрікте сын болмас, қас сұлуда мін болмас.
Қыздың қырық жаны бар.
Қыз қылығымен сүйкімді.
Қызым үйде, қылығы түзде.
Қызым жақсы болсын десең, қызы жақсымен көрші бол.
Қыздан туғанның қиығы жоқ.
Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
Қыз мінезді, ұл өнерлі болсын.
Қызың жақсы болса үйіңе ырыс кірер, жаман болса ұрыс кірер.
Қыз өрыс, ұл қоныс.
Қыз қылығымен, ұл ұжданымен.
Отырған қыз орнын табады.
Қызыңды мақтасын десең алысқа жібер.
Қыздың көзі қызылда.
Қыз берген жерге дау жүрмейді.
Қасынан қыз өтсе сексендегі шал басын көтерер.
Қызы бардың назы бар.
Қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман.
Қыз қылығы үйде, ұл қылығы түзде.
Жақсы қыз ـ жағаңдағы құндыз.
Қызбен алыспа, қысырақпен жарыспа.
Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмас.
Қой өрген бел береке, қыз жүрген жер мереке.
Қыз ауырма, тұз ауырма.
Қыз баласы әкесіне жұлдыз, шешесыне құндыз.
Қызд теңін тапса тегін бер.
Қыздың аңқауынан сақта, ұлдың жалқауынан сақта.
Қыздың жолы жіңішке.
Қызды сөкпе, тұзды төкпе.
Қыздың тамағы қылдай.
Қызды таныс алады, таныс алмаса қоныс алады.
Қызымның құлағына алтын сырға.
Қызың өссе өрісің,ұлың өссе жемісің.
Қызың жақсы болса өрісің кеңейеді, ұлың жақсы болса қонысың кеңейеды.
Қойшының қызы қой келгенде таранады.
Малды тісіне қарап таңда, қызды ісіне қарап таңда.
Қыз кезінде бәрі жақсы,салды балақ жаман қатын қайдан шығады.
Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.
Сұймей алған сұлудан сүйып алған су мұрын артық.
Қызды теңын тауып тегін бер.
Төркіні жақынның төсегі жиылмас.
Түйе тұзға келеді, жігіт қызға келеді.
Ұлың өссе қанат болар, қызың өссе жаннат болар.
Ұл ұяға, қыз қияға.
Қыз өссе үидің көркі.
Шыққан қыз шиден тышқары.
Ашық қызға болады жігіт ғашық.
. Кетер қызды кекілінен сипа.
Жаман қыз төркіншіл, жаман күйеу қайыншыл.
Жігіттен сабыр кетсе, қыздан қадыр қашады.
.Келіннің бетін кім ашса сол ыстық.
Ел мақтаған жігітті қыз жақтайды.
Қызың көңілшек болса басының соры, Ұлың көңілшек болса атының соры.
Бір қыз күйеуге шықса,
Қырық қыз түс көреді.
Қыз өссе - елдің көркі
Гүл өссе жердің көркі.
Қыздың көзі қызылда.
Қайтып келген қыз жаман,
Қайта шапқан жау жаман.
Тойған қыз төркінін танымас.
Қыз бала өкпешіл болса,
Қалың малы көп болар.
Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді.
Қызды ауылдың қызығы көп.
Қызды жауда алады.
Қыз бен жылқы жаудікі.
Күйеу жаман болса қызыңнан.
Қызды асырап білмеген күң етер,
Жібекті түте алмаған жүн етер.
Қызың өссе қылықтымен ауыл бол.
Қыз қылығымен.
Шешесіне қарап қызын ал,
Аяғына қарап асын іш.
Қызы бардың назы бар.
Қызға қырық үйден тыйым.
Қыз күнінде бәрі жақсы,
Жаман қатын қайдан шығады.
Екі ауылдың арасын жол қосады,
Екі елдің арасын қыз қосады.
Қыздың қырық жаны бар.
Судың түбін шым бекітер,
Даудың түбін қыз бекітер.
Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер..

Қыз туралы мақал-мәтелдер жинағы. - 938679944010

Комментарии