Запорожьедегі кездесу.

Есте қалған естеліктер.
...............................................
Біз жүрген бір алланың жаратқан пендесіміғой.
Жас болса алпыстан асып барады.
Жастықта өтті, мастықта өтті.
Таң атып, күн батып жатыр, өмір жылжып өтіп жатыр.
Адамның осы қысқа өмірінде, талай_талай қызықты күндермен, естен кетпес оқиғалар кездесіп тұратыны белгілі.
Кейде сол оқиғалар миіңде өшпестей із қалдырып, көз алдыңда тұрып алатыны бар.
Ұзын сөздің қысқасы, өмірімде естен шықпас естелік болып қалған бір оқиғаны айтқым келіп отырғаны.
Өткен ғасырдың сексен бірінші жылы Украйнаның Запорожье деген қаласында əскерде жүрген кезім болатын.
Күн суық жерде азғантай ағарып жатқан қар бар.
Үлкен əскери қалашық, сол күндері əскери қалашыққа кірер қақпа алдына қасымда юір өзбек жігітімен кезекке келгенбіз.
Өткен авто көлікпен адамдардың кіріп шыққанын жазып отырамыз.Қақпа алдында көлденең тартылған шынжыр арқанды кейде босатып,кейде тартып өткен кеткенді жіберіп тұрмын.
Сол кпп нің қабырғасында жабысып үлкен телефон тұр.
Сол телефонның жанына бір орыс қызба келіншекпе келіп біреулермен сөйлесіп тұрды.
Дауысын,айтып жатқан сөздерін анық есітіп тұрмын.
Біздің қазақта,киіктің лағындай, болмаса үріп ауызға салғандай деген сөз бар емеспе?
Осы сөз тап сол қызба болмаса сол келіншекке айтылғандай көрінді маған.
Бойда капустаның қызуы бар ,екі көзбен сол қызды атып тұрмын.
Сөйлесіп болып телефон трупкасын іліп сəл əрірек барып тұрды.
Мен екі көзіммен əлі сол қызды нысанаға алып тұрмын, ол бақап қалғандай маған қарады.
Менде жақындап барып азғантай білген орысшаммен бір екі жаттанды сөзді бірінен соң бірін жібере бастадым.
Ол екі көзі менде табжылмай бір орында тұр.
Менде автоматтың оғындай түрлі жүрек жарды небір сөздерді біреуінен соң біреуін жіберіп жатырмын.
Арасында мүсінің киіктің лағындай деген сөздер шала пұла кетіп жатыр.
Сонымен қайда тұрасың, үйің қайдамен зорға тоқтап бетіне қарадым.
Сол бір қалпы сол орнында, маған тапжылмай əлі қарап тұр, еш бір сөзіме жауап жоқ қадалып бетіме кірпік қақпай қарайды.
Енді не айтарымды білмей тұрмын, айтатын барлық сөзді айтып міндетімнен құтылғандай болып, өзімше қаратауды қайырғандай болып тұрмын.
Сол сəтте қаламен аэропорт арасына қатынайтын автобус аялдамаға келіп тоқтап, адамдар түсе бастады.
Менен көзін алып,түсіп жатқан адамдарға қарадыда, телефонға қолын созып біреулермен асығыс сөйлесті.
Екі құлағымды қадап не айтады деп тұрмын.
Сондағы айтқаны, күйеуім келе жатыр ішіп алғанау, өзім больнешныйдемін деген сөздерді жеткізіп жатыр.
Менде сол сəтте аялдамаға қарадым,
Үстінде сырты шүберек қара тоны басында мыжырайған шапкасы бар біреу бізге жақындап келеді.
Менде қадалып сол адамға қарап тұрмын.
Қарап тұрғанымды байқағандай тіке менің қасыма келді.
Келдіде маған амандасайын дегендей қолын созды, менде қол беріп амандастым.
Маған қарап солдат ты от куда деді, мен из Бухара дедім.
Қалтасынан темекі алып үш төрт данасын маған берді,
Темекінің біреуін ерінге ілдіріп қалғанын шинелдің қалтасына сүңгітіп жібердім.
Оттығын берді темекіні тұтандырып бұрқыратып тартып тұрмын.
Орыс иығыма қолын қойдыда какой ройон деп сұрады ерінде темекі Тамдынский дегенім сол еді она тоже из Тамдов демесі барма.
Үстіме біреу су құйып жібергендей өзімнен өзім шошып кеткендей болдым.
Көзімді келіншекке бұрғаным сол күлімдеп бізге жақындады.
Ей бала Тамдыдансыңба дегені бетіме қарап,
Сол сəтте не болып кеткенін өзімде түсінбей қалдым,тап жанымда бомба жарылғандай екі құлағым бітіп қалғандай болды.
Өзіде менің жағдайымды түсіндіме жақын келіп Тамдының қай жеріненсің деп өзімнің тілімде сұрап жатыр,мен сабағын оқымаған бастауыш сыныптың оқушысындай міңгірлеп бір нəрселерді айтып тұрғандай өзімді сезіндім.
Мен сол уақытта ұят ұялудың не екенін , ұялудың салмағы қалай болатынын бірінші рет сезініп білдім десем артық айтпағаным.
ТАМДЫНЫҢ қай жеріненсің деп жұмсақ үнімен менің қысылып тұрғанымды сезгендей
Тамды совхозынанмын басым салбырап.
Қайсы мектепте оқыдың деді интернатта деп жатырмын, бұлай болады дегенді сəл бұрын ойладымба ұяттан жарылып кеткелі тұрмын.
Интернатта Қарбаева Наташаны білесіңбе деді
Таныймын білемін деп жатырмын .
Наташаны білсең менімде атым Наташа Зельинская Ленин мектебінің қасында тұрамын.
Əкем сельхозда шешем больницада істейді дедіда маған қарап əй жүгірмек.орысшаны тəуір үйреніп қалыпсың , мынау менің күйеуім, үйім анау домда деп иегін сəл көтеріп көрсеті.
Аман сау елге жет деп күйеуі екеуі кетіп бара жатты.
Менің қол аяғымның жаны кеткедей дірілдеп кпп ның қабырғасына арқамды сүйеп отыра кеттім.
Осы төрт бес минуттік кездесу кино көргендей көз алдымнан тізбектеліп өтіп жатты.
Неге неге деймін өзіме өзім,ең болмаса апай ініңіздің ойланбай сізге айтқан сөздерін кешіріңіз деп бір ауыз кешірім сұрамағаныма осы уақыттары есіме түссе əлі өкінемін.
Басымды жоғары көтеріп қарасам алдымда ербйіп
Өзбек жігіті Достан əкə нимага ранин қомиш ранг болиб кетган дейді.
Қолымнан тарт дедім.
Өзбек жігіті екеуміз ішке кірдік жақсы жігіт болатын екеуміз Запорожьеге бірге келген едік.
Сигареттен битта берін дейді қалтама темекіні салып жатқанымды көрген екен.
Қалтама қолымды салсам темекі қолыма ілінбейді,кейін білсем аңдамай сөйлеген ауырмай өледі дегендей ,
Қалтамдағыны қысып қысып махорка етіп жіберіппін
.Түнгі екілер шамасы есікті біреу қаққандай болды,терезеден қарасам есік алдында екі орыс адам тұр ,таный кеттім Наташаның күйеуі қасында бейтаныс жігіт бар есікті аштым,мені көргеннен жоғалтқан бауырын тапқандай Тамдыдансыңба деп қапсыра құшақтаса болама.
Аздап ішкенге ұқсады исі шығып тұр. Ерні ерніне тимей қазақша сөйлеп жатыр.
Мынау менің жездем бүгін аулыңның баласын көрдім деді.
Жаңа сменнен келіп едім шайда ішкенім жоқ, көрген жеріңе апар деп ертіп келдім бірінен соң қазақшалап сөзді жіберіп жатыр.
Жездесі еш бір сөзімізге түсінбей көзін бір ашып бір жұмып ұйқы қысып ол отыр.
Маған екі қорап темекі əкеліпті стол үстінде жатыр.
Қасымдағы өзбек жігіт бірде маған бірде жатқан темекіге қарап қояды.
Бұл Миша жазда Тамдыға барғанын, қызылқұдықтан поезден түсіп ,күн жаныптұр жайау Зарафшанның жолның қиылысына барып ,өткінші машинамен ауылға барғанын айтып жатыр.
Анда санда маған қарап сенен басқа ауылдан кім бар деп сұрап қояды.
Бірақ маған сөйлеуге сөз бермейді.
Сөз арасында ана жорамның үйінде болдым деп сөзді əрі қарай жалғастырып отырды.
Қоштасып есіктен шығарып салуға сыртқа шықтық.
Есік алдында түнгі қыдырудан келе жатқан Тамдының Қуаныш Балабаев деген жігітіне кездесіп оныменде бір қанша сөйлесіп Мишаны шығарып салдық.
Мен содан кейін Наташамен інісі Мишаны кездестіргенім жоқ.
НАТАШАНЫҢ үйінің қасынан қанша өткеніммен болған оқиғалар көз алдымнан кетпей қойды.
Осы уақытта ойлаймын,
Запорожье қайда Тамды қайда ,сол жақта ойламаған жерде елдің орыс қызына кездесем деген жүз ұйықтасам түсіме кірмеген.
Сексен екінші жылы Мұрынтауда Наташа Қарабаеваға кездесіп қалып Наташа деген ауылдың қызын Запорожьеде көргенімді айтқан едім.
Наташа Қарабаева Наташа Зельенскаяның күйеуінің қолынан жазым болып қайтыс болғанын айтты.
Жатқан жерің жайлы болсын Наташа сен маған алғаш рет ұялудың не екенін, ұяттың салмағы қандай болтынын үйретіп кеттің.
Степногорск қаласы.

Запорожьедегі  кездесу. - 939785271114

Комментарии