ТАПТЫМ-АУ СЕНІ.

1-бөлім.
(Кейіпкердің айтуымен жазылған)
Сабағыман демалысқа босап, ауылыма жол тарттым. Сонау Алматыдан аудан орталығына жол жүріп жеткенімде, ауылыма баратын автобус кетіп қалыпты. Ауылыма баратын көлік іздеп автобекетті шыр айналдым. Күніне бір мәрте жүретін автобус күндізгі үште болатын, ауданда қонып қалуға қалтам жұқа, барып қонып кететін таныс-тамыр да жоқ. Кейде көлігі бар ауыл адамдары жолсерік іздеп, автобекет маңында жүруші еді, сондай жүргізуші болып қалама деп біраз жүрдім. Күн ыстық, төбеңнен жандырардай қайнап тұр. Көлеңке іздеп бір талдың тұсына келгенде, бода-бодасы шығып, жылап тұрған жас қызды көрдім. Ұзын етекті әдемі, гүлді-гүлді көйлек киіпті. Иығына келе кесілген шашы жалбырап, бетін жауып тұр. Аяғымен жерді теуіп-теуіп, күйіне жылайды. Бетіне қанша тесілсем де, жүзін анық көре алмадым. Қыз бір орнында тұрмай, ары-бері қозғалақтап, жерге басын салбыратып, бірдеңе күбірлеп қояды.
---Қарындас! Не болды? Бірдеңе жоғалттыңыз ба?--дедім жақындап келіп.
Қыз жалт қарады. Ойпырмай, не деген сұлулық, ақ жүзді, өте келбетті қыз екен. Кең маңдайы айқын көрініп тұр, қап-қара қиылған қасы қарлығаштың қанатындай созылып жатыр. Көзі доп-домалақ, қап-қара екен. Ұзын кірпіктері жастарына шыланып бір-біріне жабысқан. Қырлана түскен мұрыны өте сүйкімді. Еріні шиедей қып-қызыл, дір-дір етеді. Ұзын мойынын шашы жауып тұр, ал аппақ тамағы айқын көрінеді. Құлағына салған үлкен дөңгелек сырғасы шаш арасынан селкілдеп көрініп тұр. Жас шамасы 17-18болар деп ойладым. Қыз ойлы көзбен бетіме қарап:
---Ештеңе жоғалтпадым, автобусым кетіп қалыпты,-деді мұңды дауыспен.
---Соған бола жылап тұрсыз ба?
---Жыламай не істейін? Бұл қаланы танымаймын,-деді аузын бұртитып.
---Менің де автобусым кетіп қалыпты, -дедім.
-— Сіз қайда барасыз?
-— Аққайнар ауылына.
---Мен де Аққайнарға баратын едім, мына мен келген автобус жолда бұзылып, біраз кешігіп келдік,-деді дәу икарус автобусын сыртынан саусағымен шошайта көрсетіп.
---Уайымдама, Аққайнарға барсаңыз, мен көлік тапсам ала кетем,--дедім.
---Мен сізді танымаймын, сізбен бармаймын, -деді қорыққан дауыспен.
---Қарындасым-оу, мен Шаймұрат болам, достарым Шаха дейді,--деп қолымды создым, қыз қолын бермей:
---Шаймұрат ,Шаха болсаңыз Шаха шығарсыз, сізбен таныспаймын,-деді.
Қыздың қылығына күлкім келді.
---Аққайнарға кім дегеннің үйіне бара жатырсың?
---Оның сізге не қажеті бар?
---Мен Аққайнарда туып өскенмін, бәрін танимын,
---Олай болса Зәуре тәтені танисызба?
---Тегі қалай?
---Білмедім.
---Күйеуі бар ма?
----Баааар, Сұлтан аға.
---Иә, танимын Ақжол, Гүлшат, Манас деген балалары бар.
---Ой, сіз расымен таниды екенсіз. Иә, Гүлшат деген қызы менімен жасты.
---Ооо, біз құрдас екенбіз, мен Гулшатпен оқығам, бір партада отырдым,-деп күлдім.
Бірақ бұл қыз бізден жас көрінді.
Қыз гүлдей жайнап:
----Шын айтасың ба?-деді.
---Иә, үйге барған соң Шаха деген кім деп сұра, мен тұралы айтып берер,--дедім күліп.
--— Шаймұрат енді қалай жетеміз?-деп мейірімді жылы дауыспен айтты.
---Мен жол ториын. Жол жөнекей көрші ауылға дейін баратын көлік болса да, сонымен жылжи берелік, ары қарай бірдеңесі болар,-дедім, қыз басын изеді.
Мен қайта жол торыдым. Жарты сағаттай күн астында ары бері жүріп, тура ауылға баратын жеңіл көліктің иесін жолықтырдым. Екі кісіге орын бар екен, қуанып қыздың қасына жүгіре басып келдім:
---Қарындасым, жүр, ауылға баратын көлік шықты, екі орын бар екен,--дедім.
Қыз үлкен қол сөмкесіне жабысты. Мен дереу сөмкесін көтерісіп тез көлікке жеттік. Екеуміз де мәз болып көліктің артқы орнына жайғастық. Қыз ортаға отырды. Арғы жағында бөпесі бар ауыл апайы отыр екен. Ауыл мен аудан ортасы бес сағаттай уақыт. Зымырап кетіп барамыз:
---Сонымен есіміңізді айтпадыңыз,--дедім біраз уақыттан соң, сөзге тартып сыбырлап.
Қыз қып-қызыл болып, шашын қулағына қайыра іліп:
---Ажар,-деді.
Дауысы сондай ақырын шықты. Мен әдейі естімеген болып:
----Ммм, кім?--дедім құлағымды тақап.
----Ажар,-деп қыз бетін сипалап ұялып қалды.
---Өте қуаныштымын Ажар. Атыңызға сай екенсіз, өте ажарлысыз,--дедім.
Мен де ақырын сыбырлай. Ажар көз қиығымен бір қарады да, басын салбыратып, шаштарымен бетін жауып жіберді. Мына жалбыраған каре стильдегі шашты буып тастағым келіп, ашуыма тиіп тұр. Ажар да шашы жалбырап бетіне түсе беретіндіктен кейін қарай итеріп құлағына іледі. Жібек шашы сусылдап қайта шығып кете береді. Арғы жағында отырған келіншектің бөпесі мазасызданып еді, Ажар ойнатып, сәлден соң қолына алып, сол балақайға көңіл бөліп кетті. Мен терезеге қарап ойымды бөлгім келсе де есілдертім Ажарда. Кең ұшы-қиыры көрінбейтін даланы қарап, жалығып та кеттім. Бөпе Ажардың қолында ұйықтап кетті. Басын анасың алдына қойып, аяғын өз алдына созып жатқызды. Апай риза болып, Ажарға алғысын айтып отыр. Алдыңғы жақтағы ағай мен жүргізуші әңгіме соғып келеді. Екеуі жарыса сөйлесіп көңілді келеді. Маусым айының ыстық күні, көлік іші де ысып кеткен. Терезе ашайық десек бөпеге жел тиеме деп ашпадық, аз ғана алдыңғы екі терезе ашық. Ажарға қайта-қайта қарап, сөзге тартпақ болып едім, ретін таппадым. Апай Ажармен әңгімелесіп отыр. Еріксіз әнгімелерін тыңдадым.
---Аққайнарда кімнің қызысың?
---Мен Аққайнар қызы емеспін. Аққайнарда анамның апайы Зәуре апайым тұрады.
---Қонаққа бара жатырсың ба?
---Жоқ, менің жалғыз анам бар еді, қайтыс болып, ешкімім қалмады....,-деп Ажар тоқтап қалды.
Менің жүрегім зірк ете қалды. Көмейіне өксік тығылып сөйлей алмағанын түсіндім. Апай да түсініп қыздың қолынан ұстады.
---Анаңның жатқан жері жайлы болсын. Мен Зәуре апайды танимын, өте жақсы кісі, анаңның орнын баспаса да, сені жылатпайды,-деді.
Ажар бет орамалымен танауын басып басын изеді.
---Оқисың ба?
---Мен мектепті енді бітірдім,-деді Ажар.
Мен ойланып қалдым, "Гүлшат деген қызы менімен жасты,-"деп еді екі жасқа кіші екен ғой, екі жасты аса үлкен санамайтын болғаны ма? Бәсе кішкентай көрініп еді",-деп Ажарға қарап қоямын.
---Алдымен үйге кел, сосын барар оқуыңды шешеміз деген апайым, барғанан кейін көре жатармыз,-деп Ажар салмақты айтты.
---Негізі кім болғың келіп еді?
---Мен...., Мен ән салғанды ұнатам.... Анам: "Әнші мамандық емес, наныңды тауып жейтін басқа мамандық таңда деуші еді. Әнші қыз балаға қиын, ел алдында жүресің, сөз ереді, көзге түсесің",-деп анам жиі айта беретін. Анам әнші болған жан, сол әншіліктен тек қорлық көрдім дейтін, —деді мұңды дауыспен.
----Анаң өз басымен ол азапты тартқан соң, сол жолдың оңай емес екенін сезінген соң, қызының қиналмағанын қалаған болар,-деді апай.
Ажар басын изеп отыр.
---Анам біраз жыл ауырды, соңғы кезде тіпті есінен ауысты, көп қиналдық. Әкем мен менен үлкен апайым жол апатынан қайтыс болып, анам соған сене алмады. Жүйкесін де бір ауытқу пайда болды. Тоғыз жыл қиналды, дәрігерге басында қаралмаған, мен өзім бала едім, анамның туысы осы Зәуре апай ғана болатын. Апайымен сыр бөліспеді, науқаспын деп ойламады. Аяғы асқынып емделуге келмеді....,-деп тоқтап қалды.
Апай да үндемей отыр. Сол үнсіздікті ешкім үзе алмады. Жол бойындағы ауыл шетіндегі шайханаға тоқтадық. Сағат кешкі жеті болыпты. Біз екі сағаттан артық жүріп келеді екенбіз. Көліктен бәріміз шыққанда, Ажар шықпай отырып қалды. Келіншек Ажарға бұрылып:
---Қызым, жүр, бір-бір кесе шай ішіп алайық, әлі үш жарым сағат жүреміз,-деді.
---Апай, мен шай ішкім келмейді,-деп Ажар шықпады.
-— Қызым жүр, кішкене бой жаз, дәретханаға барайық, қызымды ұстай тұрасың ба?-деп келіншек қайткенде Ажарды көліктен шығармақшы болды. Мен бәрін естіп тез шайханаға кірдім. Тез кішірек шәйнек шай, бәліш, тауық етінен үш бөлік, нан, тәтті бәліш алып үстелге қойғыздым. Келіншекпен Ажар шайханаға кіргенде:
---Апай, бері келіңіздер,--дедім.
Ажар ұяла басып, әрең келді.
---Келіңіздер, мен бүгін сіздерді құрметтеп жіберейін,--дедім.
Апай күліп отыра кетті. Ал Ажар болса:
---Рахмет, кешіріңіз, мен көлікке барайын, -деп бөпені анасына бермей:
---Сіз астанып алыңыз, мен баланы қарай тұрам ,-деді.
---Ажар, олай болмайды, мен үш адамға тапсырыс беріп тастадым. Жол ұзақ. Мен жігіт бола тұра ауылымызға келе жатқан қонақ қызға бір құрмет көрсетпесем, несіне жігітпін,--дедім.
Сонша көп сөйлеп иығынан ұстап, орындыққа отырғыздым.
---Бәрекелді! Бәсе, біздің ауылдың жігіттері жомарт болушы еді,-деп келіншек күле сөйлеп Ажардан бөпесін алды.
Ажар ұяла отырды.
---Шайды әкеліңіз мен құяйын,-деп шәйнекке жабысқанда, тәрбие көргендігі бірден білінді. Майысып шай құйып беріп отыр.
---Сен баланы шала танып отырмын. Сен Төлеген ағаның Шаха деген оқудағы ұлысың ба?-деді келіншек.
---Иә, апай мен сол Шахамын,-деп күлдім.
---Бәсе, айналайын, аман бол, Төлеген ағамның балалары шетінен өте ақылды, -деп келіншек әкемді, отбасымды танитынын білдірді.
Ананы-мынаны әңгіме етіп қалай астанғанымызды білмей қалдық. Ажар күлімдеп, тамсана ішіп-жеп отыр. Менің жүрегім аузымнан шығардай дүрсілдеп соғады. Көзіміз түйіссе, тіпті қобалжып кетем. Мен Ажардай ажарлы қызды көрмегендеймін....
Көлікке отырып жолға шықтық. Тамақ ішкен соң біз тіпті ұйықтағымыз келгендей болды. Келіншек бөпесін емізіп сәл қисайып отыр. Ажар ортада ары-бері селкілдеп отырды да, терең ұйқыға кеткенде басын менің иығыма салғанын өзі білмей қалды. Жолдағы уайымы шаршатқан ба, қатты ұйқыға кетті. Пышылдап басын жайғастырып, ыңғайланып алған. Мен қозғалмай барынша оған ыңғайлы болуын қадағалап отырмын. Төбесінен төне қарап отырмын. Ұзын кірпігі дір етпестен ұйқыда. Жүргізуші мен алдыңғы орындағы ағай тоқтамай әңгімелесіп отыр. Апай бөпесімен бірге ұйқыға кетті. Солай қарап отырып қараңғы түсе мен де ұйқыға кетіппін.
---Кімді қайда апарайын? Кім қай жерде тұрады?-деген жүргізушінің даусынан оянып кеттім.
Мен басыммен Ажардың басына қисайып, бастарымыз түйісіп, ұйықтап кеткен екенмін. Ажар да тез басын жұлып алып, ұяла бетін басқандай болып, сәл бұрылып қарап:
---Кешіріңіз,-деді.
Мен осындай арумен аяласа ұйықтап отырғаныма өте бақытты едім. Керісінше тағы жата тұрса ғой деген ойымнан ажырай алмай, тек басымды изедім. Алдымен келіншекті жеткізді, сосын алда отырған ағай түсті. Мен негізі келіншекпен бірге түссем де болар еді. Ажар үшін түспей отырмын. Ажар келген үйге бірге түстік. Жүк салғыштан сөмкесін алып көмек етіп қақпаға дейін әкелдім. Ажар жол ақысын төлеп қасыма келді.
---Ал міне аман-есен үйге жеткіздім, сен қорқып едің,--дедім күліп.
Ажар ұяла күліп:
---Шаймұрат, сізге рахмет, сіз болмасаңыз бөтен қалада не істер едім?-деп қолын созды.
Нәзік саусақтарын тез ұстай алдым. Жылы алақаны алақаныма тиіскенде өн бойым қоса жылығандай болды.
---Ажар, мен ертең келсем шыға аласың ба?--дедім қолын жібермей.
---Уәде бере алмаймын,-деді.
---Жарайды, мен өзім бір шешімін табамын, -деп қолын жібердім.
Қақпа ашық екен, үлкен сөмкені көтеріп, мен батыл үйге беттедім. Түнгі он бірден кеткен уақыт. Есік те ашық екен. Ішке сөмкені көтеріп кіргізгенде, алдымнан Султан аға шықты.
---Ассалоумағалейкум аға, қалдарыңыз жақсы ма?-деп сөмкені қоя салып екі қолымды создым.
Султан аға мені танымай тұрып қалып еді, қасына Зәуре апай келді. Майысып соңымнан Ажар кірді. Зәуре апай Ажарды көріп қуанышпен:
----Айка екен ғой келген, Айка, сені автобустан күтіп келмеген соң ертең келер деп үйге келгем, немен келдің?-деп құшақтап қарсы алды.
---Кіріңдер, жоғары шығыңдар,-деп Султан ағай төрді нусқады.
---Рахмет мен кеттім, аман-сау болыңыздар, -деп мен тез шығып кеттім.
Менімен ілесе Ақжол шықты.
---Автобусқа кешігіп қайта жолшыбай көлік болып, сонымен жеттік,--дедім.
Ақжол риза болып, қол беріп:
---Қарындасымды қалдырмай ала келгеніңе рахмет,-деді.
Мен күліп қойдым.
---Демалысқа келдің бе? Сабағың қалай? —деп қатарласа қақпадан шықты.
---Жақсы аға, міне екінші курсты аяқтадым, -деп мақтанышпен айттым. Ақжол арқамнан қақты.
---Сау бол, көріскенше,-деп қақпаны жапты.
Мен жүгіре басып үйіме асықтым. Ажарды қимай қалдырсам да, анама деген сағыныш жетелегендей болды. Жатып қалған өз үйіме келгенде барлық жердің шамы өшіп тұр еді. Ақырын есікті қақтым. Әкемнің дыбыс беріп, есікке жақындағанын естіп тұрмын.
---Қайссысың ей?-деді әкем гүрілдеген даусымен.
---Әке, мен Шаймұрат,--дедім.
Әкем тез есікті ашып қуанышпен қарсы алды. Шам жағып бастан аяқ қарап, бауырына басты. Анам да жүгіре басып келді. Сағынып қалыпты жылап жүр. Дастархан жайып ас жеп түннің бір уағында дейін ұзақ әңгімелестік.
---Автобустан кешігіп қалып, қайта көлік кездесіп, жақсы жеттім,--дедім.
---Жалғыз болдың ба?-деді әкем.
---Жоқ, ауылдан төрт адам толы келдік, Сұлтан ағаның үйіне Зәуре апайдың сіңілісінің қызы келді,--дедім.
Әкем бозарып кетті. Анам әкеме қараған да жоқ:
---Естігенбіз, Зәуренің жалғыз сіңілісі қайтыс болып, бір тал қызы қалыпты, сол қызды Зәуре қамқорлығына алыпты деп жатқан.
---Иә, сол қызбен келдім, есімі Ажар екен, -деп едім. Әкем баж еткендей:
---АЖАР!,-деп қалды.
---Иә, әке Ажар, өте ажарлы, сұлу, тәрбиелі қыз екен,--дедім.
Әкем тіпті сұрланып, орнынан тұрып кетті.
---Анашым, әкем науқас па?--дедім.
---Алла сақтасын, аман, не болды?-деп анам да елеңдеп әкемнің соңынан қарады.
Мен екі ұл, бір қызы бар отбасының кенже ұлымын. Ағам баяғыда өзі үй болып бөлек кеткен. Апайым да тұрмысқа былтыр шыққан. Әкем қызметте болған кісі, жиі командировка деп үй көрмей біз ер жеткенбіз. Анам еш жерде жұмыс жасамады, бізді бағып-қағып жеткізіп, сабағымызды бірге оқып, ас-суымызды әзірлеп жүріп қартайды. Әкемнің табысы жақсы болып, біз еш қиындықсыз өстік. Ауылдың алдыңғы қатарлы отбасының бірі едік. Даңғарадай іші жиһазға толы үйіміз, елде жоқ жеңіл көлігіміз бар еді. Әкем жиі далада жүрсе де үйде темірдей тәртіп ұстанды, анам әкемнің айтқанына қарсы келмейтін. Ауылдың тең жартысы әкемнің ағайын-туыс бауырлары еді. Анам өз міндетін әкем үйде болса да, болмаса да қалтқысыз орындайтын. Әкеме жар, бізге ана, ал ауылдағы туыстарға келін бола білді. Әкемнің беделі жүріп тұрды. Әкемнің беделі болған соң, анамды да халық сыйлайтын. Әкем зейнетке шықса да өзі айналысып жүрген кәсібі бар, көбінше аудан орталығында жүреді, ауыл шетінде үлкен мал фермасы жұмысшыларымен бар. Жер өңдейтін түрлі техника, көліктері бар, жалданып жұмыс жасап жүрген ауыл азаматтары еді. Анам әкемнің соңынан ұзақ қарап отырып қалды да:
---Балам, анау қыз Зәуренің туысын айтам, нешеде?-деді.
---Он жетіде, биыл мектеп бітіріпті,--дедім. Анам терең күрсініп, тағы әкем жатқан бөлмеге қарап қойды да.
---Аллам, ол қызды жарылқасын, тұл жетім екен деп естідім. Зәуре айтты. Бағы ашылсын..-деп күрсініп орнынан тұрды. Мен Ажардың көліктегі апайға айтқан әңгімесін есіме түсіріп, ойланып қалдым.
----Демала-ғой балам, ертең де күн бар, -деді анам шашымнан иіскеп.
Мен бөлмеме келіп жатқанмен ұйықтай алмадым. Көз алдыма Ажар келіп, қиялға беріліп жатырмын.
Ертең онымен кездесуім керек, Гүлшатпен кездесіп, отырыс ұйымдастыруым керек. Сыныптастардан кім бар екен? Не ойластыруға болады?-деп жатып ұйықтап кеттім. Ертеңіне өзімше Ажармен жолығу жоспарым басталып кетті. Алдымен көрші қолаң достарыммен ақылдастым, Гүлшатқа күндіз барып амандасқан болып, өзім Ажарды іздеп тұрмын.
---Шаха, сабақ қалай, мә, сол Алматыда жүріп бір іздеп келмейсің, ауылда жолығуға келгенің қызық болды ғой,-деді Гүлшат кекете мысқылдай күліп.
Гүлшат орта бойлы толық қыз. Сыныпта сабағы нашар, есесіне тәртібі де шатақтау қыздардың бірі еді. Шатақ мінезі де болатын, бет әлпетіне келсек жалпақ бетті, көздері алыстау орналасқан, қалың ерінді, пұшық мұрынды, келте тым қысқа кесілген шашты, еркек--шора қыз. Толық болғаннан мойны жоқ сияқты. Қысқа саусақтары томпайып алақаны доп тәрізді.
---Сабақта жүргенде қол тимейді, сосын сенің қайда оқитыныңды білмейді екенмін,--дедім.
---Жарайды, менікі қалжың. Сен Айкоға бола келдің білем,-деді.
---Айко(олар солай атаған соң, мен де солай айттым) не істеп жатыр? Кешке отырыс жасасақ келесіңдер ме, көптен кездеспедік қой,--дедім.
---Жақсы барамыз, байқа Айко өте сұлу, басқа пысық жігіт ұстап кетпесін,-деп күлді.
-— Ол жағын уайымдама, келсеңдер болды,-деп кеттім.
Отырысты өз үйіме жасауыма тура келді.
---Ана, достарым келгеніңді жу деп жатыр, көшеде қаңғып ішкенше үйде отырыс жасап берейік,-деп едім, анам қуана келісімін беріп дайындыққа кірісіп кетті.
Ауылдағы бес-алты достарымды қоса шақырдым, қыздар ерте келулерін өтіндім. Кеш батпай қойғандай болды. Ажар тұратын үйдің маңында досыммен торып жүрміз.
---Шаха, бүгін бақшадан мен қонақ қызды көрдім, өте сұлу екен. Ол біз сияқты ауыл жігіттеріне қарамайтын шығар ә,-деп досым Төрехан өкініш аралас айтып, күрсініп тұр.
Менің қызғанышым ұстап:
---Өй, Тәке, ол менің қызым, біз бірге келдік, сен басқаларға да айтып қой, көздерін сүзбесін,--дедім.
Төрехан таң қалып бетіме қарап:
---Рас айтасың ба?-деді.
---Олай болса несіне шашылып үйіме дастархан жайып жатырмын, бәрі сол Айком үшін,--дедім.
---Аааа, бәсе...., ей, бірақ, шынымен де құрметтеп жіберетін қыз, сен жарадың, -деп ақ көңіл Төрехан арқамнан қақты.
Көп ұзамай қыздар да майысып, үйден шықты, қастарында інісі Манас бар. Қол беріп амандасып, баяу басып үй жақты беттедік. Ажар тізеден сәл төмен жасыл түсті көйлек киіпті, аяғында жасыл түсті аяқкиім. Шашының бір жағын қыстырғышпен жоғары көтеріп сәндеп іліп қойыпты. Томпақ аппақ беті айқын көрінеді. Күлімдеп қарап, ақырын келе жатыр.
---Айтпақшы сендерді таныстырмаппын, —деді Гүлнар сәл күлкі аралас дауыспен.
---Танысып қойыңдар, менің сіңілім Айко,-деді. "Ажар деп неге өз есімін айтпады, есімі де керемет қой,"-деп іштей ренжідім. Төрехан ұялыңқырап маған көз қиығымен бір қарап алды да:
---Төрехан,-деп даусын шығарып айтты.
Ажар басын изеді.
Менің басым бақыттан айналып, қуанышымда шек жоқ күй кешудемін. Манас қол беріп, басқа көшеге бұрылып кетті, ол дегеніміз үлкенге жасаған құрметі, бізді оңаша қалдырды. Есік алдына келгенде қақпа алдынан әкем сондай суық көзқараспен Ажарға тесіле қарап, қарсы алды..
Әкемнің тесіліп қарағаны соншалық, тіпті, мен ыңғайсыздандым. Ажар сасқалақтап, жүруден қалды, мен әкеме түсінбеген көзқараспен қарасам да, әкем маған мән бермеді. Көзін Ажардан алмаған күйі бедірейіп, суық қарауда. Төрехан даусын шығарып:
-— Ассалаумағалейкум, аға,-деп қолын созып еді, әкем Төреханға қарамай, жәй ғана қолын соза салды. Біз жақындап тоқтадық. Мен сасқанымнан:
---ӘКЕ, бірдеңе болып қалды ма?--дедім қаттырақ.
Әкем селк етіп, маған жалт қарады. Мені жаңа көргендей маған да ойлы көзбен қарап тұрып:
---Қыздарды қонаққа шақырыпсың ғой, ммм..., сенің тарапыңнан өте дұрыс. Ал...мені таң қалдырып тұрғаны танымайтын жерде, танымайтын үйге бұл қыз қалай келе жатыр?-деді.
Әкемнің бұл сөзіне ашуым келді, Ажар сәл артқа шегініп, бетін сипалап кетуге ыңғайланды.
---Әке, мені таниды ғой, біз бірнеше сағат бірге бір көлікте отырып келдік,-деп артқа қашқалақтап бара жатқан Ажардың қолынан шап беріп ұстап алдым.
---Мен кеттім, әкең дұрыс айтады, кеттім, -деп қолымды сілкіп жіберіп, кері қарай жүгіре жөнелді. Гүлшат та артынан жүгірді. Мен әкеме не айтарымды білмей сәл бөгелдім де, Ажарға қарай жүгірдім. Ажар солай тез жүгіріп үйге бір-ақ кірді де кетті, Гүлшат екеуміз тіпі шаңына да ілесе алмадық:
---Сенің.... әкеңдікі.... жай... ма....? Не өзі.... жас... болмаған.... ба? Не көрінді соншама....,-деп Гүлшат шаршаған, зіркілдеген дауыспен нақты айтты да, ырсылдап екі қолымен тізесін басып сәл еңкейіп тұрды да:
---Шаха, сен кет...., болды, осы табаланғанымыз жетер, бейшара Айко жылап қалған шығар...., әрең көндіріп едім...,-деді әлі ентіккенін баса алмай, қақпадан кіріп кетті.
Мен жер болып, не істерімді білмей, біраз тұрып қалдым. Әкемнің айтқан сөзін өз құлағыммен естімесем әкем солай сөйлейді деп ойламас та, сенбес те едім. Өз үйіме сүмірейіп келдім, аула толған жастар, ұлы да қызы да бар. Музыка қойып бәрі көңілді, бәрі мені келуімен құттықтап риза. Дастархан басына да отырдық, анам бар өнерін салып жайыпты. "Мама Ажарды да шақырам, таң қалардық дастархан жасайсыз ғой, иә",-деп еркелегем. Анам аянбапты, түрлі таттілермен қатар, салаттар жасап, біраз әбігерге түскені көрініп тұр. Анам ауыл балаларының ішінен бөтен қыз іздеп, көз жүгірткені де байқалады. Менің көңіл күйім жоқ, еш қызықсыз кеште отырмын. Тіпті өз үйімнен безіп кеткім, келіп әрең отырмын. Артық бір сөз көтере алмай жарылардай болып ашуланып та жүрмін. Әкем көрінбейді. Менің ойым әкемде:" Бұл не жұмбақ? Әкемнің бұндайы жоқ еді ғой, бұл қайдан шыққан сөз? Неге Ажардың есімін естігеннен шоққа түскендей баж етті? Не сыр бар?",-деген оймен арпалысып кешті өткіздім. Жастар тарқап анам екі көрші апаймен ыдыс-аяқ жуып жүргенде бөлмеме кіріп жаттым. Ұйқы жоқ, ойымда Ажар, кешегі сұлу бейнесі көз алдымнан кетпейді. Әкемнің сөзіне ұялып тез бұрылып жүгіргені, қуып жете алмай қалып қойғаныма өкініштен өртеніп, ашуға булығып жатып таң атырдым. Таң бозарып атқанда әкемнің сыртқа шығып бара жатқанын көрдім. Киініп артынан шықтым. Әкем темекісін тұтатып, құшырлана тартып шарбаққа сүйеніп, алысқа қарап ойланып тұрды. Мен сыртынан біраз бақыладым. Таң жап-жарық болып жылуын төге күн толық көтерілгенше әкем сол орнынан қозғалмай, темекі тартқаннан көрі жай ойға шомып тұрғаны көп болды. Темекісі өздігінен жанып болып, саусағына шоғы тигенде, әкем дір етіп тастай салды. Екінші шылымды шығарып тұтатып, тез-тез екі мәрте сорды да, оны да тастай салды. Мен ақырын қасына келіп қолымды үндемей создым, әкем де үндемей қол берді. Неден қалай бастарымды білмей тұрмын. Әкем бетіме қарап терең күрсініп алды да үйге беттеді.
---Әке,--дедім амал жоқ кешегі әрекетіне түсінбегенімді қайткенде айтқым келіп. Әкем сәл бөгеліп бетіме қарады.
---Әке, мен кеше сізді түсінбедім, неге Ажарды солай ұялтып, үйге кірмеуін қаладыңыз? Маған түсіндіріңізші,-дедім.
Әкем ойлы көзбен кірпігін қақпай қарап тұрып:
---Мен тек өз ойымды айттым,-деді.
---Сонда да әке, ол ойыңыздың түбі басқа еді, оны Ажар түсініп үйге кірмеді,-дедім.
-— Ажар, Ажар деп қақсап қалдың ғой, ол кірмесе не болыпты, кеш болмай қалды ма?-деді ашулы дауыспен.
---Әке, сізді түсіне алмай тұрмын,--дедім басқа қатты сөз айтқанға сескеніп.
---Ей, әкеңнің, сен не таң атпай мені тергеуге алмақшысың ба? Айттым ал не болыпты, несі бар қыз бала бола тұра қаңғып, танымайтын жерде тайраңдамай отырсын үйінде. Әкесінің, бірдеңе болып қалса ел айтар ойбай, "Төлегеннің үйіне барып еді, Төлегеннің үйінде болып еді," -дейді, жүрейін сосын ақталып,-деп әкем үйге беттеді.
Мен тез әкемді қуып жетіп:
---Әке, не деп кеттіңіз, Ажарға не болар еді?
---Былай тұр, сен не мені өмір сүруге үйретейін деп тұрсың ба? Ажар, Ажар деп не көрінді сонша?-деді.
Мен үндемей әкемді түсінбеген күйімде тұрып қалдым.
Сол күннен кейін Ажар маған кездесуге шықпады. Ауылда түрлі кино болды Гүлшат жалғыз келіп жүрді. Талай басқа отырыстар болды Ажар келмеді, Ажар тіпті үйден шықпайтын болды. Көшеде ауласын торып мен жүрмін. Ажарды көрмеген сайын көргім келеді. Іздеймін, Төреханның үйінен шықпаймын. Гүлшаттан сұрай-сұрай жалықтым. Гүлшаттың айтатыны:
---Үркіткен өздерің, маған не қыл дейсің? -дейді.
Ауылымыздың шетінде өзен бар, шілденің ыстық күнінде суға түсуге балалар көп баратын. Су жағасында шалқамнан жатсам 14-15жасар екі ұл балалар өз ара әңгімелесіп бір нәрсеге бәстесіп отыр. Құлақ түрсем,
-— "Балық, тура балық сияқты жүзеді екен";
---Денесі не деген аппақ, күнге күймеген.
---Бүгін келе ме?
---Білмеймін, екі күн келді.
---Қасында кім болады?
---Бірде Гүлшат, бірде Манас.
---Күндіз неге келмейді екен?
---Ол су перісі шығар, су перісі күндіз шомылмайды дейтін.
---Қумашы, су перісі болса, ол судан шықпай жүрер еді.
---Сен келші, ол өте сұлу, ондай сұлу қыз көрмедім,-деп сыбырласып отырған балаларға жақынырақ жылжыдым.
---Анау жерге келеді, қамыс арасына жалғыз кіріп, шешініп, суға сүңгіп кетеді, арғы жағаға бір-ақ барады. Шебер. Манас қуып жете алмайды.-деп орнынан тұрып саусағын шошайтып, қай жер екенін көрсетіп тұр.
Мен Ажар тұралы айтып отырғандарын тез-ақ уқтым. Кешке ертерек келіп, арғы жағаға малтып өтіп Ажардың келуін тостым. Өзен өте үлкен еді, кесіп өту екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мен зорға жеттім. Шаршап та қалыппын. Арғы бетке екі қыз келді. Ұзын бойлысы Ажар екені айдан анық. Не айтып жатқандары естілмейді. Екі қыз суға түсті, мен ол екі қыздан басқа да адамдарды байқадым, топырлап біраз адам ана жер, мына жерден карайып көрінеді. Қыздар оларды байқаған да жоқ. Топ адам қыздарға жақындағанда, бір қыз жағаға қарай жылжыды, Гүлшат екенін түсіндім, судан шығып топ адамға жақындады. Мен алыстан қанша тесіліп қарасам да топ адам, жас балалар ма, ересектер ме түсіне алмадым. Бір екеуі суға қойып кетті. Мен енді солай қарай жүзуге бет алғанымда, құлаштай қолын сермей жүзіп келе жатқан Ажарды байқап жасырынып қалдым. Ілесе жүзгендер кері қайтып кетті. Ажар өзеннің жағасына сәл сумен ағыңқырап барып, шаршап шықты. Артына қарап сәл тұрды да, отыра қалды. Топ адам Гүлшатпен сөйлесіп суға түсіп ойнап жүр. Дала кеш батып көз байланатындай болды. Өзім іштей "Ауылымызда қыздарды қорлапты деген шатақтар жоқ еді, сонда да қыз бала сақ болу керек қой. Мына қыздардың жартылай жалаңаш, қас қарайған да суға түсіп нелері бар? Анау Гүлшат қорықпай топ жігіттің арасында қалай отыр? Неге бұл қыздар кеш батқанда келеді шомылуға? Дендері дұрыс емес ау?",-деп ойлап, Ажарды сыртынан бақылап қарап отырмын. Ол расымен аппақ екен. Әдемі купалнигі мүсініне жарасып тұр. Шашын төбесіне буып тастаған. Ұзын мойны сондай әдемі. Жарқыраған аппақ балтыры, қарап отырып өзімнен өзім қызғанып кеттім. Ажарға қарай жүрдім. Сыбдырлаған дыбысқа жалт қарап, шошып кеткен Ажардың жанарына жанарым түйісті..
Ол отырған орнынан сәл көтерілді де, қайта отыра қалды.
---Сәлем, сен есіңнен адасқансың ба? Мына жағада не істеп жүрсің? —дедім қатал дауыспен.
---Өзің не істеп жүрсің?-деді даусында діріл бар.
---Өзің қорықпайды екенсің.
---Сен негізі шошыттың....
-— Сен шошы, қорық. Қалай қорықпай мына бетте жалғыз отырсың? Мен осы ауылда туып өстім, бұл жақты жақсы білемін, қай жерде жүрсемде жүрген жерім таныс, ал сенікі өте қате жүріс, —дедім қасына жайғасып.
---Суға шомылуға келгенбіз, топ балалар қаптап кетті, содан бері кеттім,-деп жылдам айтты.
Даусында үрей бардай, Ажар көзін арғы беттен алмай сөйледі.
-— Ммм, сонда топ ер балалар арасына Гүлшатты тастап кеттің бе?-дедім ашуына тиіп.
Ажар маған жалт қарап:
-— Ол балақайлар Гулшатқа тиісе қоймас...., Мен....,мен....,-деді арт жаққа қарап, көзі бақырайып шошып-ақ отыр.
-— Бұл жағада сен танымайтын, сені танымайтын бөтен ауыл бар, сол жақтан біреулер сені көріп қалып, алып кетеді деп ойламайсың ба?--дедім сұраулы көзбен.
Негізі ауыл жоқ, қалың тоғай, келесі ауыл 20-30шақырым төмен, сонда да кейде осы тоғайдан отын таситын ер адамдар болатыны рас. Ажар тез суға беттеді.
-— Мен кеттім..., екінші бұл бетке келмеспін..., -деді үрейленген дауыспен.
Екеуміз қатарласа жүзіп Гүлшаттар жаққа жақындадық, дала қараңғы болып қалған.
--— АЙКО, ҚАСЫҢДА КІМ?,-деп айқайлап Гүлшат мені танымай сұрап тұр.
Ажар жауап қатпай жағаға бірақ жетіп, тез қамыс арасына кіріп кетті.
-— Охо, Шаха, сен...., Ммм, міне кездесу..., Құлақ, миымды жеп жүр едің, ақыры жолықтырыпсың ғой,-деп Гүлшат көлденеңдеп алдымнан шықты. Топырлап жас балалар қол берісіп амандасып жатыр. Жағаға шығып, шаршаңқырап қалған екенмін отыра қалдым.
---Иә, арғы бетке өтіп, қайта бері өтпегелі талай болыпты, иә, жаттығу керек, жарықтық өзен баяу ағады, баяу, сәл бос болсаң оп-оңай батып кетесің,-дедім алқынып.
Ұсақ балалар мені қоршап:
---Аға, бізді де үйретіңізші;
-— Аға, өзен терең дейді, түбі жоқ дейді рас па?
---Аға, сіз неше жасыңызда арғы жағаға алғаш шықтыңыз;
---Аға, мені үйретіңізші;
---Аға, осы өзеннің арғы бетіне өтем деп талай балалар батып кеткені рас па?
---Аға, апай мықты екен;
---Аға , ол демалмай қайта бері жүзе алады, мен кеше көргем,-деп балақайлар мені қоршап тұрғанда, қамыс арасынан Ажар шығып:
---Гүлшат, қайттық,-деп ауылға беттеді.
---Балақайлар қас қарайды, болды үйлеріңе қайтыңдар,-деп Гүлшат алақанын шапалақтап бәрін судан шығарды.
---Болды, болды, шық, қайт үйіңе, болды, тез-тез қане алдыма түс,-деп бар баланы ауылға қуды.
Балалар бірін бірі қуалап, ойнап, ауылға жүгіре басып бізден алыстап кетті. Гүлшат купалнигінің сыртынан орамалын орай салды, халатын кимеді. Ажар халатын киіп алған, халаты ұзын етекті, ұзын жеңді екен. Бар сұлулықты бірден тұмшалап жауып тастағандай көрінді. Басына орамалды жай жаба салыпты, орамал жүзін жасырып көлеңке беріп тұр. Баяу басып ауылдың шетіне келдік.
---Сендер неге суға күндіз келмейсіңдер?
---Маған кешке келген ұнайды, су жылы, -деді Гүлшат.
---Су жылы екені жылы ғой, бірақ, жалғыз жарым осылай жүргендерің қауіпті, —дедім Гүлшатқа қарап.
---Ой, сенде жау тақап, кім тиіседі Ақжол мен Манастың қарындастарына?-деді Гүлшат батыл дауыспен.
---Гүлшат, әрине сенің бауырларыңның ауылда өз беделі бар, сонда да екі кеш арасында, екі бойжеткен шомылып жүргенін көрсе кез-келген еркектің көзін шайтан байлап, нағыз шайтан ұрған еркек болып есі ауысуы мүмкін ғой,--дедім, бірақ не айтқанымды өзім ұқпадым. Гүлшат қарқылдап күліп:
---Көзін шайтан байлаған....,шайтан ұрған ха ха ха ха,ой ,ой, ха,ха,ха,-деп тоқтай алмай күліп алды да:
---Қой, бауырым, сені шайтан ұрмай тұрғанда үйіңе зыт,-деді.
Менің ашуым келіп тұрса да, өтірік күліп:
---Ажар, Гүлшат, қайта шығыңдаршы, көше қыдырайық, әнгімелесейік, Ажар сенен кешірім сұрайын дегенмін,--дедім.
Екі қыз үнсіз қарап тұр.
---Өтінем, Гүлшат, Ажар, тек ауыл аралап, болмаса өзен жағалап қайтайық,-дедім жалынышты дауыспен.
---Шаха, Төрешті ертіп алшы,-деді Гүлшат қуанышты дауыспен.
Ажар үндемей үйге кіріп кетті. Мен тез Төреханның үйіне жеттім. Ол жұмыстан келіп енді тамағын ішкелі отырыпты.
---Төреш, тез жеші асыңды, сосын тез шық, шаруа бар,-дедім.
Досым кетпектей нанды аузына итере тығып, анасы құйып берген кеспенің шеттінен ұрттап ішті де, жұтына орнынан тұрып, маған ілесті.
---Әй, балам, алдымен тамағыңды жеп алмадың ба, күні бойы шаң жұтып шаршадың-ау, -деп анасы нанды ұлына ұстатып, кеспесін көтере ілесті.
Төреші тігінен-тік тұрып көжені төңкере ішіп, анасына бос ыдысты берді де, нанды үлкен етіп тістеп, қалғанын анасына берді де "Ммм, ммм,"-деп үйге кіргізіп жіберді. Өзі аузындағы нанын қақала жүріп, әрең шайнап жүр. Сол кезде Гүлшаттың қақпасының алдына келдік.
----Ммм, не шаруа, ммм, не не болды?,-деп әлі аузындағы нанын жеп бола алмай шайнаңдап бетіме қарап, қасын көтеріп үй жақты көрсетті.
---Қазір, қыздар шығады, көше қыдырамыз.
---Аааа, Ажар да шыға ма?
---Көреміз, Гүлшат шығаратындай айтты.
---Жақсы.
Есік ашылып алдымен Гүлшат шықты, бұтында шалбар, үстінде шолақ жең фудболка, ол қақпаға жеткенде, есік ашылып Ақжол бауыры шықты, мен жаман болып қалдым. Гүлшат біздің қасымызға келгенде, артынан Ақжол тез жетті. Қол беріп амандасып тұрып қалдық.
---Шаха, бері жүрші,-деп мені жеке шақырды, мен не ойларымды білмей жеке бардым
---Шаха, өткен жолы Айко келмей жатып, сөз естіп, қатты қиналды, ол жаралы жан екенін сен білесің бе. Ол маған Гулшатпен тең қарындас, осыдан тағы ренжітсең ісің менімен болады,-деді.
---Өткен жолғы жағдайға кешірім өтінем, қайталанбайды, сөз берем, деп кеудемді бастым.
---Мен айттым, сен естідің, қайталанбасын, -деп Ақжол кетіп қалды.
Сәлден соң есік ашылып Ажар шықты. Ажар тізеден сәл төмен, жеңі шолақ көк көйлек киіпті, аяғында жеңіл босаножка, шашын жайып қойыпты. Майысып басып қақпадан шықты. Өзенді жағалап біраз жүрген соң, Төреш пен Гүлшат артта қалып қойды. Біз баяу басып келе жатырмыз, ай жап-жарық.
---Ажар, мен сенен кешірім өтінемін, әкемді кешірші,--дедім.
Ажар жүрісін тоқтатып бетіме қарап:
---Әкеңіз ескертуді орынды айтты, мен ол кісіге, болмаса саған ренжігем жоқ, мен өзіме ренжідім,-деді.
---Өзіңе неге ренжисің?
---Мен әже қолында өскен қызбын, әжем ес білгенімнен талай тәрбие беріп, талай нәрсе үйреткен еді. Ең бастысы "қызға қырық үйден тыю",-деген, қыз бала өзін қалай ұстауы керек, қандай ортада жүру керек, қандай жерге бармау керегін айтатын, мен болсам бөтен ауылға келе салып, қонаққа бармақшы болдым. Бағанағы сен айтпақшы танымайтын бөтен жағаға барғандай, бөтен ортаға қорықпай кірмекші болдым. Ол үлкен қателік еді. Мен тым жас екенмін, білмейтінім көп. Сондықтан ешкімге ренжімей үйрене берем,-деді көзіме тура қарап.
Мен тек басымды изедім. Тағы бір жарты сағаттай қыдырып, анау-мынау ауыл аңыз әңгімесін айтып, сосын қыздарды үйіне шығарып салдық. Мен өте бақытты болдым. Ажар мен ойлағаннан да бетер ақылды, әрі тәрбиелі, көрікті жан екен. Күнде солай ауыл аралап, ақырын-ақырын киноға да шақырып, бірге отырып кино көріп, суға бірге түсіп, арғы жағаға жарыса малтып, қызықты күндеріміз өтіп жатты. Сол кезде әкем өз жұмыстарымен аудан орталығында болған. Он бес күн сол жақта болып келген. Мен бақытты кезеңде қалықтап жүрмін. Ажарға әне сөз айтам, міне сөз айтам деп дайындықта жүрмін. Дүкеннен үйге келе жатсам, Ажар почта жақтан қорап көтеріп келе жатыр екен. Кездесіп қалып, қорабын көтерісіп үйіне жеткізіп, қақпа алдында, күліп әңгімелесіп тұр едік. Әкем көлікпен қасымызға ызғыта келіп тоқтады да:
---Ей, иттің ғана баласы, отыр тез көлікке! -деп зірк ете қалды.
Әкемнің ышқына шыққан даусынан Ажар екеуміз де селк ете қалдық. Мен сондай қатты қысылып көлікке беттедім, әкем Ажардан көзін алмай сұқтана қарап отыр. Мен көлікке отыра салысымен тез жүріп кетті.
---Әке не болды?--дедім не болып қалғанын түсіне алмай. Ойым үйде бір шаруа болып қалды ма? Мен не бүлдіріп қойдым? Әкем әлде Ажарға бола ашулы ма?-деген сұрақтар мазалайды. Әкем ләм деместен газды басып ауыл сыртына бір-ақ шықты. Фермасына тура тартты. Ееее, фермада бірдеңе болып қалыпты ғой деген ой келіп көңілім сәл де болса басылды. Қоршаудың ішіне ызғыта келіп тоқтап, әкем көліктен жылдам шықты. Мен көліктен шыққанша әкем жұмысшылармен амандасып қоралар жаққа беттеді. Мен соңынан ілестім. Сөз жоқ, адымдап тез басып, жан-жақты мұқият қарап, жұмысшының айтқан сөзін тыңдап жүр. Бүлініп жатқан ештеңе жоқ сияқты. Әкем жинаулы тұрған маялар жаққа барғанда жұмысшыны босатты. Маған ойлы көзбен қарап, сәл тұрды да:
---Балам сенімен ашық сөйлеспесем болмайтын сияқты болып барады,-деді зілді дауыспен.
Мен де ойланып қалдым.
Әкем маяның шетіне сүйкене отырып қасына шақырды. Мен де жайғастым:
---Ана Ажармен араларыңда не бар?-деді денесімен бұрыла көздеріме қарап.
---Әке, ол өз шаруам....
---Айт, ол менің де шаруам.
---Әке....
---Араларыңда не бар, балам мен сенен адам сияқты әкең болған соң сұрап отырмын,-деп қисая жантайғандай жатып, мейірімді дауыспен айтты.
---Әке, Ажар маған өте қатты ұнайды, арамызда ештеңе жоқ, мен әлі оған ештеңе айтпадым,-дегенімде әкем тез қозғалып түзу отырып:
---Ажар, көрікті қыз, оған еш қарсылығым жоқ, сен оған сөз айтпайсың,-деді қаталдау дауыспен.
-— Неге...?
---Сөзімді бөлме балам, ол қыз саған тең емес. "Тең теңімен, тезек қабымен",-деген болады сен ол қызды жар етіп ала алмайсың?
---Неге....?
----Сөзімді бөлме дедім. Біріншіден сен әлі оқуыңды аяқтаған жоқсың, дипломыңды алуға әлі екі жыл уақыт керек. Мынау махаббат, ғашық болу, сүю, күю--ол уақытша болатын нәрсе. Бірақ, сол ойнап жүріп, андағы мойныңа ноқта ілініп, сені жолға салып айдайтын сол Ажар болып қалмасын. Сен жассың, қандай қалада жүрсің? Алматының қақ ортасында ел армандаған университетте оқисың. Ел кимеген киім киіп, ел жемеген ас жеп жүрсің. Мен сенің еш қиналмай шалқып жүруіңе бар мүмкіндік жасап жүрмін. Тыңда, сен шыңға шығуың керек, осы дүние, осы байлық сенікі, саған жинап жүрмін. Сен көтерілсең, жетістікке жетіп, қатарыңның алды болсаң, мен бекерге еңбек етпедім, балам. Ал махаббат ол тұра тұрсын, сен ойна күл, көңіл көтер, қыз деген көп. Тек Ажарға жолама, ол қыз ер жетсін, оқысын, ол да өмір көрсін. Сосын уақыт өзі кімнің кім екенін анықтап, реттеп жолға салады,-деп әкем тоқтады.
Мен әкемнің мықты психолог екенін бала күнімнен білемін. Ол кісі ә деп "тең теңімен, тезек қабымен деп бастап алып, сөзінің аяғын бұрмалап, мені ерегесіп кетпесін деп жумсақтап алдап отырғанын білсем де мен де, менде өтірік түсінген адам болып бас изей отырып келіскенімді білдіріп әкемнің көңіл күйін аңдыдым. Әкем негізі шатақ адам, ол кісі алдымен түсіндіреді, көнбесең ат қуйрығын шорт кеседі. Сосын көнбейді, мен оны жақсы білемін. Әкеммен ерегесуге болмайды.
---Жақсы әке, менікі де жай қызығушылық, ауылда жөні түзу бетке ұстар қыз жоқ болған соң, ерігіп жүрмін ғой,--дедім.
Әкем жадырап қабағы ашылып, қарқылдап күліп алды да:
---Әй, менің ұлымсың ғой, сонда да сол Ажарға жоламай-ақ қой, ол әлі бала, оның үстіне жетім қалыпты, сен ол қыздың жүрегін жараламай тұра тұр,-деді орнынан тұрып жатып.
Әкемнің мені Ажардан алыстатып отырып, Ажарға жаны ашып тұрғанына таң қалдым.
---Балам, шаруа деген көп, сен сенделе бермей маған да көмектессең жақсы болар еді. Сабағыңа кетуге бір ай уақытың бар, сол бір ай осы фермаға бас көз болсаң, мен анау басқарманы қалаға алып кетуім керек. Ол жақта жұмыс көп, ал сен осы жерді қарап, басқар, менің көзім бол. Қанша дегенмен менің ұлымсың, мына жұмысшылар именеді, -деп ферманы аралап шаруалармен таныстырып жүр.
Ес білгеннен әкем осындай адам, өте ақылды ма, әлде қу ма түсініп болмаймын. Ың дыңсыз кімді болса да орнына қояды. Амал жоқ, қолғабыс беруге келісіп, екі күн бойы бар шаруаны өткізіп алып, фермада қалдым. Ол жерде оншақты сауын сиыр бар екен, етке алып жүрген байлауда тұрған 20шақты әртүрлі мал бар екен. Қойлар бөлек, қозылар бөлек екен. Сауын сиырлар жайылымға екі уақыт шығып келеді екен. Даяршылар таң ертең, түсте, кешке үш мезгіл сауады екен. Асыл тұқымды сүтті сиырлар екен, ауыздары құрғамай, алдарынан жем, шөп үзілмеуі керек екен. Шопан бөлек адам, ол қойларды таңертең айдап шығып кетіп кешке бір-ақ келеді екен. Жылқы тек байлауда бар бөлек бағып жүрген жылқы малы жоқ. Қозы бағатын жас балақайлар бар екен, олар түстен кейін сол төңірекке бағып кеш бата қой келерде қамайды. Осы шаруаларға бас-көз болып оншақты күн жүрмін. Астымда "Урал"мотоциклы, зырылдап ауылға да келіп кетіп жүрмін. Ажарға жолығуымды тоқтатпадым. Ажар Алматыға оқуға тапсыратынын айтып, мені қуантып тастады. Енді тілегім Ажар оқуға түсіп кетсе екен деумен болды. Олар Зәуре апай, Ақжол үшеуі Алматыға кетті. Ажар кеткен соң мен ауылға аяғымды баспадым. Әкеме көмектесіп қызу шаруамен жүрдім. Арасында келіп кеткен әкем риза. Үйде анам да бақытты. Мен керемет ұл болып жүрмін. Көшеден Манасты жолықтырып едім, Ажардың оқуға түскенін айтты. Міне, бақыт, енді Алматыда бірге боламыз ! Сонымен зуылдап жазғы демалыс аяқталып, мен оқуыма жиналдым. Алматыға қанат бітіп жеттім. Бірден Ажар оқуға түскен универ жатақханасына тарттым. Ажарды да оп-оңай тауып алдым. Ажар өте бақытты, көзі жайнап қуанышпен мені қарсы алды.
---Сен жарадың, оқуға түскенің жақсы болды,-дедім қуанышымды жасыра алмай.
---Иә, түстім, әрине армандаған оқу орным емес, сонда да, Алматыда оқимын, осы мамандықты игерем,-деп еркін сөйлеп отыр.
Ажар дегенмен батыл қыз, өзің еркін ұстайды, таныс емес ортаны өзіне тез баурап алады. Мен Ажарды іздегенде тегін білмегендіктен жаңа оқуға түскендерге арналған жатақхананы тура тапқам. Комендант апайдан Ажарды сұрағанымда апай тізімге ұзақ үңіліп:
---Ажар деген қыз жоқ,-дегенде таң қалғам.
Сол аралықта Ажар өзі де келіп қалып, қуанып кеткем. Кездесуіміз жиілеп, біресе корпус алдында, біресе жатақхана алдында жүздесіп жүрдік. Әкем айтпақшы Ажар әлі бала еді, еркелігі де бар, балалығыда бар, тез алданғыш болды. Мен күннен күнге Ажарға ғашық бола бердім. Ажар пәк, таза, періште, сонымен қатар өте адал жан. Өзі қатарлас әр жерден келген қыздармен тез достасып жұптары ажырамай бірге жүрді. Құрбылары мені көргенде күлімдеп, Ажарға ұрлана қарайтын. Бірде Сандуғаш деген құрбысы:
---Шаха, осы сіз Ажарға кім боласыз? -деп қуланып айтты.
Ажар көзін бақырайтып сұрама дегеніне қоймай айтып салды. Мен бірден не айтарымды білмей бөгеліп қалып едім, Сандуғаш сықылықтап күліп:
---Не ағасы емессіз, не жігіті емессіз, егер Айконың жігіті болмасаңыз онда маған жігіт болыңыз,-деді қатты күліп.
Ажар төмен қарап келе жатыр еді, Сандуғашқа жалт беріп қарап қып-қызыл болып кетті. Мен ерке қыздың бұл қылығын тез түсініп, Ажардың қолынан ұстап:
-— Менің қызым боласың ба? Мен сені жақсы көремін,--дедім. Ажар үрейлі көзбен көзіме қарап, еш жауап бермей тоқтап тұрып қалды. Сандуғаш қуана қол шапалақтап:
---Айко, келісіміңді бер, болмаса мен тартып алам,-деп басқа қыздарды ертіп жүгіріп кетіп қалды.
Жатақхана маңындағы кішкене бақша ішінде Ажар екеуміз қалдық. Қар жапалақтап жауып тұр. Мен көзімді Ажардың көзінен ала алмаймын. Тып-тыныш. Біздің жанымыздан ешкім өтпей, еш дыбыс естілмей қалғандай. Ажардың көзі сондай әдемі, мен екі қолын өз екі қолыммен саусақтарынан ғана ұстап тұрмын. Қаңтардың суық түні бізге әсер етпей, біз күйіп-жанып өртеніп тұрғандаймыз. Мен бір адым жасасам Ажар ғайып болып кететіндей, кірпігімді қақсам оны жоғалтып алатындаймын. Бұл үнсіздік пен бұл көзқарас оның маған келісем деп айтқандай сезім сыйлап тұр. Қанша тұрғанымыз белгісіз, Ажардың басына киген баскимі, екі иығы аппақ қар болып көрінбей кетіпті. Кірпігіне де ұлпа қонып, ол екі көзін жыпылықтатып кірпігіне ілініп алып кедергі жасағанда, қолын тартып алып көзін уқалады. Сол кезде мен ұзақ тұрғанымызды түсіндім. Аппақ болып жауып қалған қарды Ажардың иығынан, бас киімінен қақсам өз үстімнен де сусылдап қар төгіліп кетті. Екеуміз де еріксіз күліп, үстімізді қағып, жан-жағымызға қарадық. Қар біршама жауып, жүрген іздер жабылып кетіпті.
---Ой, мен кешіктім, жатақхана жабылып қалған болар,-деп Ажар жатақхана жаққа жылдам басып беттеді. Екеуміз қатар есікке келіп, мен есікті қақтым. Сағатқа қарасам түнгі 22:48 екен.
---Нешеде жабылушы еді?--дедім Ажарға қарап.
Ол қорыққан көздерін жыпылықтатып иығын көтерді. Есікті қаттырақ қақтым.
---Не болды, келе жатырмын, кім ол?-деген кезекші апай даусы естіліп, артынша есік ашылды.
---Сағат неше болды, сен қыз қайда жүрсің? -деді қатал дауыспен.
---Апай, біз осы маңда жүріп қалыппыз, апай кіруге руқсат беріңізші,-деді Ажар жылдам.
Мен кетпей қасында тұр едім, апай қол сағатына қарады да:
---Кір, бұл алғаш және соңғы рет болсын, мына суықта не істеп жүрсіңдер? Ал сен, жігітім, бар, ендігі әрі қызды бұлай ұстама,-деп тез Ажарды ішке кіргізді де есікті жауып алды.
Мен неге мәз болғанымды өзім білмеймін, әйтеуір мәзбін. Тез жатақхана алаңына шығып, Ажар қай бөлмеде екен деп терезелерге қараймын. Оны көргім келеді. Әне үшінші қабаттан терезеден бір қыз қарағандай болды. Сәл артқа шегініп сол терезеден көзімді алмаймын. Иә Ажар екен қолын бұлғап, қайт деген белгі берді. Мен сол көріністің өзінен өзіме бақыт алғандай болып, аяғым жерге тимей тез басып патеріме келдім. Кірсем, пәтерде әкем отыр екен....
Әкеммен қуанышпен көрісіп, ауыл жаңалығын естіп бір марқайып қалдым. Әкем алдында айтқанымдай өте сезгіш, пысық, қу адам. Менен сыр білмек болып:
---Ауылдас қыз-жігіттерді көріп тұрасың ба?-деп сұрады.
Мен әкемнен секем алып қалғаным соншалық, аузымнан Ажар деген есім шығып кетпесе екен деп қорқатын болдым.
---Ой, әке, оларды іздеуге уақыт жоқ, тек өз корпусымыздағылармен жүздескеніміз болмаса іздеп жүруге уақыт жоқ, аз күнде тәжірибе алуға кетеміз, содан сонау сәуірдің аяғында келетін сияқтымыз,-деп сабақтан шаршап жүрген адамның кейпіне түстім.
Әкем менің әр сөзімді мұқият тыңдап, көз алмай қарап отырды.
---Менің Алматыға бара жатқанымды есітіп үш-төрт отбасы балаларына сәлемдеме беріп жіберген. Ертең соны жеткізіп тастайық, бүгін кеш болды,-деп орнынан тұрып, жуынатын бөлмеге кетті.
Ертеңіне үш ер бала, бір қыз балаға беріп жіберген сәлемдемелерді жеткіздік. Қыз баланың сәлемдемесін апарғанда Гүлшаттың жатақханасына бардық, әкем сәлемдемені қызға беріп тұрып:
-— Сенің оқу орныңда біздің ауылдан кімдер бар?-деп сұрады.
Қыз тез жауап берді.
---Сұлтан ағаның қызы, төртінші курста оқиды, олар бір мекемеде тәжірибе алып сол жақта жатып жүр ме жатақханаға келмей жүр,-деп ойланып айтты.
-— Ммм, Сұлтанның қызы де, ә жарайды аман болсын, бір-біріңмен тату болыңдар, қамқор болыңдар, -деп әкем мейірімді дауыспен айтып, қоштасып көлікке келдік.
---Зәуренің жиені қайда екен? Сен білмейсің бе?-деп ойлана бетіме қарады. Мен астыңғы ернімнді шығарып иығымды көтеріп:
---Ол қыз оқуға түскен бе еді?--дедім таңырқаған түр жасап.
Әкем ойлы көзбен қарап отырып:
-— Иә, ол жетім қыз оқуға түсіпті, жарайды, ұмыт, ең бастысы оқып жүр.-деп көлігін оталдырып жүріп кетті. Мен іштей: "Ай әке, мені қылмыс үстінде ұстағың келеді-ау, әке, мен осы жиырма бір жылда сізді жақсы танып алдым, аңқау, кішкене, ішіне құпия сақтай алмайтын Шаймұрат ер жетті",--дедім. Әкем Алматыда үш күн болды. Мен сабаққа кеткенде ол кісі өз шаруасымен кетіп жүрді. Мен Ажарға бара алмай көңіл күйім түсіп, бөлмеме кіріп алып, сабақ оқыған болып жатып алып жүрдім. 2.Дәл мен сөз айтқан күні әкемнің келгенін қарашы. Сөз айтып алып үш күн болды Ажарға бармадым, ол не ойлап жүр екен?",-деп күйінем. Әкем ауылға кеткен күні мен Ажардың жатақханасына құстай ұшып жеттім. Вахтершы апайға жалынып жатып, шокалад, шайымды тыққыштап жатып, Ажардың бөлмесіне көтерілдім. Есікті қағып, шоқ гүлімді арт жағыма жасырып тұрмын. Есікті бөтен қыз ашты.
---Ажарды бола ма?--дедім.
Қыз ойланып, мені танып тұрса да біртүрлі болды да:
---А ж а а р?-деп тұрып қалды.
Арғы жағынан Ажар есікке жақындап.
---Сәлем, кір,-деді.
Құрбысы таңырқай қарап:
---Айко, бұл жігіт Ажар деген қызды іздеп келіпті, сені емес,-деді.
Ажар күліп:
-— Сол Ажар мен болам,-деді.
Мен бұл әңгімені түсінбедім, мән де бермей гүлімді ұсындым. Ажар қып-қызыл болып гүлді алды. Сәл бір-бірімізге қарап тұрып қалдық. Неге екенін білмеймін мен Ажардың көздеріне қарасам есімнен ауып, сағаттап қарауға жалықпаймын. Тағы да үнсіздік пен аялаған көзқарас.
---Олай болса танысып қояйық мен бөлмедегі көршісі, әрі курстасы Ардақ боламын,-деген қыздың даусына оянғандай болып, Ажар екеуміз де селк ете қалдық.
---Шаха, Шаймұрат болам ,-деп, қол алыстым.
---Шаха, білесің бе, бүгін Айкоға тосын сый болатын күн болды, ауылдан сәлемдеме беріп жіберіпті, ол адам да Ажар деп қалдырып кетіпті,-деді Ардақ.
Ажар да таң қалған жанарымен маған қарап:
---Иә, сабақтан келсем, кезекші апай, сен Аққайнардансың ба? Ажар деген сенсің бе?-дейді, иә десем мынаны саған қалдырды, ауылдан беріп жіберіпті деп, сөмке толы азық-түлік, су май, қант, макарондар, күріш, тәтті пряник, печенье, конфеттер және жарты қап картоп, қызылша, сәбіз, пияз, қырққабат, ет, май, сүт, жылы шұлық, жылы гамаж, колготки және 21мың теңге қалдырып кетіпті, Зәуре апай беріп жіберген бе? Ертең Гүлшатқа апарып берем,-деді.
Ажар заттарды көрсетіп, таң қалып жүр. Мен басында кеше ғана әкем басқа балалардың осылай сәлемдеме апарғанын есіме түсіп ондай болады деп тұрдым да. Артынан егер Зәуре апай бермесе бұл кім,-деген ойға келдім.
---Жүр мен бүгін Гүлшатқа жеткізісіп жіберейін,--дедім анығын білу үшін.
---Ол жатақханасына келмей жүр екен, бағана мен барып келгем. 3.Алдымен өзін ертіп келейін ол керегін алсын дегем, олар тәжірибеде жүр екен,-деді.
Бұл мәселені ертеңге қалдырып, Ажарды ертіп сыртқа шықтым. Жарты сағаттай қыдырып сосын:
---Ажар, сен маған жауап бермедің ғой, сонымен сен менің қызым болуға келісіміңді бересің бе?-деп қолынан ұстадым.
Ажар төмен қарап тұрып:
-— Шаймұрат, сонда ол қалай болады? Мен сенің қызың болсам не өзгереді? Қыз-жігіт болған қандай?-деді.
Мен жымиып күліп Ажарды құшақтадым да, бауырыма басып сөз таппай тұрып қалдым.
---Мен сені жақсы көремін, сен менің қызым болсаң мен әрдайым сені қорғап, алақаныма салып өтемін,--дедім.
---Сонда біз бірден үйленеміз бе?
---Балапаным, жаным, біз міндетті түрде үйленеміз, бірақ, қазір емес, оған дейін бір-бірімізді жақсылап танып аламыз, үйренісеміз, сен де мені жақсы көргенше мен тосамын. Сен мені жақсы көресің бе?--дедім.
Ажар басы салбырап теріс қарап кетті. Мен арт жағынан қапсыра құшақтап:
---Ұялшағым менің, біз екеуміз мәңгі бірге боламыз,-деп ып-ыстық, жұп-жұмсақ, тәп-татті ернінен ақырын сүйдім. Ажардың толқып дірілдеп кеткенін сезіп, қаттырақ құшақтап бауырыма бастым.
---Мен жатақханаға кірейін, тағы кешігіп қалмайын,-деп дірілдеген дауыспен айтты.
Мен оның жаурап кеткенін түсіндім, әлде қобалжып кетті ме, дірілі басылмаған күйі жатақханаға кірді. Міне, нағыз бақыт, міне, арманымның орындалар алғашқы қадамы. Ұмытылмас шақ, кеудемде көбелектер ұшып, қайталанбайтын сезімге бөлендім. Бізде бақытты күндер өтіп жатты. Ажар қысқы демалысқа ауылға бармай Алматыда қалды. Ауылмен сөйлескенде өткен жолғы сәлемдемені олар бермегені анықталып Ажар біраз қорқып та жүрді. Тіпті сол азық-түлікті қолданбай қиналды. Сосын ақырындап Ардақ көндіріп, Сандуғаш бар бірге бөлісіп Гүлшатпенде бөлісіп тауысты. 21мың теңгені де бөлісіп жұмсады. Көктем шыққанда мен тәжірибе жинауға ауданымызға келдім. Ажардан үш айға бірақ алыстадым, күн санап әрең шыдап жүрдім. Ажар да бірінші курсты бітіріп, жазғы демалысқа ауылға келгенде, менің көңілім жайланды. Күнде жолығып, ауыл сыртында қыдырып жүреміз. Ұзақ тәтті сүйісу, қимай қоштасу, сағына аймаласу —нағыз қыз жігіт болдық. Керемет кезең. 4.Әкемнің фермасында көмектесуімді жалғастырып ол кісіге білдіртпей жүрмін деп ойлап қоямын. Ауылда жүргенімізге бір айдан астам уақыт болып қалған еді. Көріп қалған, сезіп қалған, қыдырып құшақтасып отырғанымызда дәл қасымызда болып қалған ауыл адамдары біздің қыз-жігіт екенімізге көздері жете бастаған еді. Фермада жүрсем әкем жылдамдығын асыра жүріп келіп, әрең тоқтап, маған қарай оқша атылып жаныма келді.
---Бері жүр, жаныңның барында бері кел ,-деп мая жаққа беттеді.
Мен әңгіме не тұралы болатынын жақсы түсіндім.
---Ал, балам, мен тағы сұрайын, анау Ажармен сенің араларыңда не бар?-деді бұл жолы шөпке отырмай қақиып тұрып, көзіме тура қарап.
---Біз қыз-жігітпіз.
---НЕ?....?Қ Қ ҚЫЗ ЖІГІТ?
---Иә, әке, Ажар менің сүйген қызым....
---ЕЙ, МЕН САҒАН СОЛ ҚЫЗҒА ЖОЛАМА ДЕП ЕДІМ ҒОЙ.....,ЕЙ, СЕН ОҒАН ЖОЛАМАЙМЫН ДЕП ЕДІҢ ҒОЙ....,-деп аузынан көбігі шашырап, көзі аларып тым жақындап селкілдеп тұр.
---Әке, мен Ажарды сүйем....
----ЖОҚ, жоқ, жоқ, сен оны сүйе алмайсың, сен оны сүймейсің, саған Ажарды сүюге БОЛМАЙДЫ!-деп селкілдеп кетті.
---Әке, сізге не болды? Неге болмайды екен? Неге?--дедім мен де ашуға булығып.
----Балам..., балам..., болмайды, сендерге бірге болуға болмайды б а л а м,-деп әкем қап-қара болып шөпке отыра қалды.
---Әке, сен тек ол теңіміз емес, ол жетім деген сөзді айтпа, керек емес, мен оны сүйем, мен Ажарсыз өмір сүре алмаймын,--дедім баяу нақты дауыспен әкеме еңкейіп.
----БАЛАМ-ООООУ....,-деп әкем бетін басып теңселіп жылағандай болды.
Басқа, басқа мен әкемнің жылайды деп күтпеп едім, таң қалдым. Әкем расымен көз жасын ағызып, кеудесін жұдырығымен ұрып-ұрып жіберіп, ары-бері теңселіп отырып қалды.
---Әке не жағдай, айт. Мен биыл үйленем деп жатқам жоқ, біз асықпаймыз, бірақ біз бірге боламыз,--дедім қасына отырып.
Әкем жағамнан шап беріп ұстап, көзіме қарап отырды да:
---Тыңда, осы әңгімеден соң сен мені жек көріп кетерсің, мүмкін лағнет айтарсың, амалым жоқ...., айтам, тыңда,-деді де жағамды жіберді.
Жиюлы тұрған маяға шалқайып аз жатты да:
-— Сен еркексің, уақыт өткен соң мені түсінер деген ойдамын....,-деп басын көтеріп бетіме қарап отырып:
-5.--Менің өмірде жасаған үлкен қателігім-— ол отбасым бола тұра Ажардың анасымен көңіл қосқаным.-деп тоқтап қалды.
Мен түсінбей естіген сөзді ұқпай:
---Не???,-деппін.
---Балам, сөзімді бөлме, аяғына дейін тыңда. Ажардың анасы әнші болды, біз көп жиналыс, демалыс кездерінде сол қызды жиі көріп жүрдік, ол бізге тамылжытып ән салатын. Арамызда ұшқын пайда болып, бізде үлкен махаббат болды. Мен оған ессіз ғашық болғаным соншалық отбасымды ұмыттым. Бізде бәрі керемет болды, біз бақытты болдық. Біз бірнеше жыл бірге тұрдық, ол кездер менің өмірімдегі ең бақытты кезең еді. Ажардың анасы жезтаңдай әнші, әрі өте сұлу әйел еді. Оған ғашық болмаған еркек жоқ еді. Біз екеуміз қосылған соң, ол маған адал болды, мен оның ең алғаш құшқан, сүйген, шын сүйген еркегі едім, ол менімен қыздай беріліп құшағыма енді. Оның махаббатына еш күмәнім болмады, ол мен үшін бәріне дайын болды, менің отбасым барын білді, еш талап қоймады. Тек бақытқа бөленіп өмір кештік, кездессек жылап көрісіп, ләззатқа батып, қоштассақ жылап қоштасып, сағыныштан қиналып жүрдік. Өмірге қызымыз Ажар келді....
----ЖОҚ,-деп бақырып жібергенімді өзім ұқпай қалдым.
---Иә, балам, иә, Ажар менің қызым,-деді әкем ақырын сабырлы дауыспен.
Мен естігім келмей құлағымды жауып алдым. Әкем қолдарымды құлағымнан алып:
---Балам, мені кешір, бірақ, Ажар саған қарындас, Ажарда менің қаным, ол менен туылған қыз....,-деді де орнынан тұрып кетті.
Аспан айналып жерге түскендей болды, кетіп бара жатқан әкем әке емес бір қубыжық тәрізді көрінді. Ажар, Ажар, Ажар, А Ж А А А А Р!!!!.
Ауылдан сол күні түнде мен кетіп қалдым. Әкемді жек көргенім соншалық, көргім келмеді, анамды аяғанымнан, қасында бола алмадым. Мен Ажарды қарындасым деп қабылдай алмадым, менің көңілімнің толқыны тасып, сезімім өшіп, өмірім тоқтап қалғандай болды. Мен Ажарға барып шындықты айта алмадым, қай бетіммен айтам, айта алмаймын. Ажарды іздемедім, оқуым аяқталғанша бір рет те бармадым, тіпті сыртынан да қарамадым. Азапты күндерім өтіп өмірім өксумен болды. Мен Ажардың қиналып, көз жасын төгіп жүргенін сезіп жүрдім, барып басу айта алмадым. Арада бір жыл өтіп қолыма дипломымды алдым да, өзім әскерге сұрандым. Моңғолияда екі жыл борышымды өтедім. Жан адамнан Ажар тұралы сұрамадым. Әскерден келе сала жұмысқа кіріп, әкеммен сөйлеспедім. Жылдар өтті, сол бір әңгімеден соң мен әкемді әке деп санамадым. Анама білдіртпеуге тырысқаныммен анам бейшара сезіп, не болғанын сұраумен болды.
Тағы да ауыл автобусына кешігіп, жолшыбай көлікке отырсам, Гүлшат отыр, әңгімелестік. Ажардың оқуының соңғы бөлімінде оқып жүргенін Гүлшаттан естідім. Гүлшат Төреханға тұрмысқа шығып бір балалы болыпты.
---Айко екеуіңнің араларыңда не болғанын білмеймін, сен тастап кеткен соң, Айко қатты өзгерді, ауылға келгенді қойды, өз ауылына жиі барады. Бізбен араласпайды,ол жалғыз.Оқуын бітірсе алыс бір жаққа кетем дейді. Ол басқа бір жігітпен жүрмеді, жүргісі де келмейді. Әнді қоса алып жүр, мейрамханаларда ән салады, дауысы қандай керемет,ғашық болмаған жігіт жоқ,көрген еркектер шетінен сөз салады. Ол бірін де жолатпайды, тым тұйықталып кетті. Ол--бақытсыз. Сен қалайсың? Бақыттысың ба? Қашан үйленесің?
---Гүлшат, мен үйленгенге асықпаймын, —дедім күрсініп.
---Айко да үйленбеймін дейді. Сендер біріңді бірің сүйесіңдер, неге сонша біріңді бірің қинайсыңдар, не болды араларыңда? -деді сұраулы көзбен.
-— Ажар бақытқа лайық, мен оған тең емеспін. Жоқ, ол жалғыз қалмау керек, Ажар бақытын жолықтырып тұрмысқа шықсын,--дедім.
---Кім? Қайдағы Ажар?
---Гүлшат, сен не қуасың ба? Кәдігімгі Ажар.
-— Сенің Ажар дегенің Айко ма? Неге сен оны Ажар дейсің?
---Негесі қалай? Ол Ажар ғой.
---Шаха, ол Ажар емес ол Айжан, Айко. Ажар деген оның марқум апасы, екі жасқа үлкен, бізбен жасты болған, әкесімен бірге қайтыс болды.
---Гүлшат, Ажар, ой Айжан ол менімен Ажармын деп танысқан, содан ол Ажар, ал апайының қайтыс болғанын білем, —дедім.
---Сонда сен Ажар десең ол ау дейді ме? Сонда сол бірге болғанда сен Ажар десең ол ... Ой тәубә...
---Иә, солай болған, ол Ажар болған.
---Қызық неге олай танысты екен? Негізі Айко бір түрлі..., ол да басқа әлем, мен оны кейде түсіне алмаймын,-деп Гүлшат ойға батты.
Ал енді мен жанымды қоярға жер таппай, Ажардың, Айжан екенін білгеннен кейін, өн бойыма бір үміт пайда болғандай болды. Ауылға келіп, әкеммен сөйлесуім керек екенін ұқтым. Ал таң атсашы, көз ілмей таң атырдым. Әкем әдетінше ерте тұрып, шарбаққа сүйеніп, алысқа қарап ойланып тұр. Қасына келдім де:
---Әке, сөйлесуіміз керек,--дедім.
Әкем үнсіз көлігіне беттеді, мен қақпаны аштым. Сол ферма, сол мая жанына келдік.
---Әке, айтшы, сенің қызың Ажар ма, Айжан ба?
---Ажар.
---Енді айтшы, Ажар қай жылғы?
---Сенімен жасты.
----Ммм, сендер неге ажырап кеттіңдер?
---Мен партия адамы едім, жұмысымда отбасыма оралуыма міндетті едім.
---Сен кеткенде Ажар нешеде болды?
---Бірге әлі толмаған.
---Сен сосын оларды іздемедің бе?
---Іздедім, қатты қиналдым, мен тапқанда ол тұрмыста екен. Арамызда тағы махаббат оты жанып тағы күйеміз бе деп жоламадым.
---Ол әйелдің басқа қызы барын білдің бе?
---Жоқ, о да тек бір қыз болды.
---Жоқ әке, сіз қателесесіз, ол әйелде өз күйеуінен Айжан есімді қызы болды, сол қыз біз танитын Ажар.
---Балам, мен осы жақында Ажармен жолығып сөйлескенде ол мені тыңдамай қойды, мен қызым деп көмек беріп қамқорлығыма алмақшы болғам, ол қыз бір ауыз сөзге келмей, бетіме де қарамай қойды. Жоламауымды өтінді.
-— Ол сені тыңдамайды, өйткені ол сенің қызың емес. Ол менен екі жасқа кіші, ол Айжан. Иә, әке, иә, мен сүйген қыз ол ешқандайда сенің қызың емес, ол Айжан есімді бөтен қыз.
Әкем кекесімен күлгендей болды да:
---Шатаспа балам, ол әйелде бір ғана қыз болды, ол менен туған қызы Ажар, ол әрдайым қасынан қалдырмай ертіп жүрді. Мен сырттай бірнеше рет көрдім.
---Әке, ол сіз шатастыңыз. Ол әйелде екі қыз болды, сенбесеңіз анықтаңыз күйеуімен жерленген ол Ажар, сенің некесіз туған қызың өмірде жоқ, -деп мен әкемді тастап, өзім ауданға барар автобусқа асықтым.
Екі күн дегенде Алматыға да жеттім. Енді Айжанның иә, менің Айжанымның ауылына билет алдым. Ол ауылға да жеттім. Сұрастыра жүріп, үйді де таптым. Ешкім жоқ екен. Көршіден сұрасам:
---Айко, бейіт басына кетті, жақын күнде жол жүреді, сол үшін отбасымен қоштаспақшы,- деді,
Мен асығыс бейт басына бардым. Үш төмпешікке қарама қарсы жерде отырған Айжанды көрдім. Басында орамал, ұзын көйлек киген екен. Жатқан адамдардың аты жөні жазылып тұр екен. Иә, Ажар сол жерде жатыр. Өз көзіммен белгі тастағы есімдерді оқыдым да:
---Таптым-ау сені, менің Айком, менің Айжаным аман болғаны қандай жақсы болды, Амансың ба, өмірімнің мәні, сүйіктім,--дедім қасына отырып.
Айжан жалт қарап, еш жауап бермей отыр.
---Неге менімен Ажар деп таныстың? —дедім.
Айжан анасының топырағын сипалап отырып:
-— Анам мені "Ажар"- деп қабылдап, өмірінің соңына дейін Ажар деп кетті. Анам Ажарды қатты жақсы көрді. Мені өмірге әкеле салып, әкемнің шешесіне бере салыпты, тіпті бір күнде емізбепті. Анам Ажарды жақсы көргені соншалық, екі жасар қызына маған тиесілі ақ сүтін беріп емізіпті, Ажар беске келгенше еміпті, мен туралы есіне де алмапты. Әкем мен Ажар қайтыс болғанда, әжем мені әкелгенде мен әлі сегізге де толмағам, анам мені Ажар деп қабылдап, "Ажар",- деп атап, тоғыз жыл өмір сүрдік. Өзі таныс, достарына Ажар деп таныстыра берді. Уақыт өте келе мен де өзімді Ажармын деп қабылдайтынмын. Әжем мені анама тапсырып, жылға жетпей қайтыс болды, әжемнің мықты тәрбиесімен мен тіл алғыш қыз болдым. Анама мені Ажар жасауы қиынға соқпады, Ажардың киімін кигізіп, Ажар деп атап, Ажар тіріліп келді деп қабылдады. Сөйтсек, ол кісі науқас болыпты, оны жақын жанашыры болмаған соң ешкім елемеген. Сен білесің ол кісі өмірге өкпелі болды, ол өз сұлулығына да лағнет айтып, өмірінде алдаған адамдарға да ренжумен болды. Мен анамды ренжітпес үшін, есімімді кім сұраса да"Ажар",-деп танысуды үйрендім. Сол әдетім бойынша сенімен "Ажар",- деп таныстым. Есімде тұрған не бар, Ажар ма, Айжан ба, бәрі бір емес пе? Сен де мені кім босамда тастап кеттің ғой,-деп Айжан орнынан тұрды.
Мен де тез тұрып, оны бас салып құшақтап алдым.
---Жаным, кешірші, өтінем, кешірші, біз енді мәңгі бірге боламыз,-дедім.
Айжан қолымды қағып жіберді де:
---Айналайын, жоспарыңды басқамен құр, мен сені әлдеқашан өмірімнен өшіріп тастағанмын, сен маған ешкім емессің,-деді.
---Айжан, ақталар да, айтар да әңгімем жетіп артылады, міне, отбасыңның басында тұрып сенен кешірім өтінем, сенші, сол кезде солай істеуім керек болды.Сенің қаншалықты қиналғаныңды сездім,маған да оңай болған жоқ. Мен шындықты айтсам сен түсінбей қаласың ба деп қорқам,--дедім.
---Ажар сенің қарындасың болып шықты, солай емес пе?-деді Айжан ашулы көзбен қарап.
Мен таңырқай қарап едім.
---Мен анамның күнделігін жақында ғана таптым, сол жерден сенің әкеңді көрдім, олар бақытты сәттерінен көп фото сурет қалдырып, сол сәттерін қалт жібермей жазыпты. Анам жалғыз қалып, ешкімге керек болмағанда, менің әкем жолығып, жақсы көргені соншалық анам мені қаламаймын десе, анасына беріп, айтқанын істепті, әкем де анам үшін бар жағдайды жасап ырқына көнген,-деп көзінің жасын төгіп тұрып әкесінің белгі тасын сүртті.
---Мен қарындасымды сүйіп қалғаныма күйіндім. Не істерімді білмедім, өмірден баз кештім.
---Иә, мен сені түсінем, басында түсінбей қиналғам, күнделікті оқыған соң, әкеңнің айтып бергенін ұқтым. Кешірдім, бақыт тіледім. Сенің әкең маған осы жылдары көмек қолын созып жүрді. Есіңде ме бірінші курста азық-түлік әкеліп еді ғой, ол кісі, солай көмектесіп жүрді, мен кім екен деп көп іздедім, ақыры осы жақында таптым. Ол кісі маған бірдеңе айтпақшы болды, мен сенің әкең екенін көргеннен ол кісіні жек көріп, бір сөзін тыңдамай кетіп қалдым, мен бізді ажыратқан әкең деп ойладым. Әкең қарсы болды деп сен бір ауыз сөз айтпағаныңа күйінді. Сенің әкеңнің сенен мені алыстатып,өзі маған қамқор болғанын түсіне алмадым. Сосын үйге келіп осы сырдың шешімін іздедім, анамның жеке заттарын ақтарып күнделігін, фото альбомын таптым. Бәрі түсінікті болды, сол сәтте сенің жоқ болып кеткеніңнің шешімін білдім.
---Мен тек сенімен бақытты болам күнім, сенсіз маған өмір жоқ. Сен менің жүрегімнің емісің, енді сені жоғалта алмаймын.
Айжанның екі көзі жасқа толып, көзіме қарап:
---Егерде мен сол кезде Айжан деп таныссам, осы бір сынақ басымыздан өтер ме еді?-деді.
---Иә, бұл шындық бәрі бір айтылар еді, қайткенде бір кедергі болар еді, бұл сынақ бізге бұйырған, біз шыдадық, біз бірімізсіз біріміз өмір сүре алмайтынымызды ұқтық.
---Иә, соны ұғыну өте ауыр болды.
---Жаным, Айжаным, Айком, мен сені сүйем, сен менің өмірімнің мәнісің. Мен сені өзімнен артық жақсы көремін, сенсіз өмір сүре алмаймын, мен сенсіз жарым жан едім, мен сені таптым, сенен басқа маған ешкім қажет емес, енді қусаң да кетпеймін, енді жоғалта алмаймын.
---Маған да сенен басқа ешкім керек емес. Мен де сені жақсы көремін,-деді дірілдеген даусымен.
Бас салып құшақтап, мүрделер арасынан ертіп шықтым. Екеуміз шерімізді тарқатып таң атқанша сөйлестік. Айжанның анасының күнделігіне көз жүгіртіп талай нәрсені ұқтық. Сосын күнделікті жақтық, Айжан анасын, мен әкемді кешірдік. Алматыға келіп некеге отырдық, той жасамадық. Ұлды болғанша ауылмен қатынаспадық, тек анамды жиі шақырып жүрдім. Ұлымыз өмірге келгенде ауылға анамның қасына көшіп бардық. Әкем бар, әкем бір жолата фермасына көшіп кетті, анам әкеме барып келіп жүреді. Мен бауыр, әпкеммен жақсы қарым қатынастамын. Гүлшаттар да жиі араласып тұрады. Зәуре апайдың отбасымен татумыз. Анам немерелерімен қолы босамайды. Тек әкем өз ойымен жалғыз, сол орынсыз махаббаты жүрегіне жазылмас жара салып қойғанымен қатар, анамның алдында өз беделін түсіріп алды, анам бетіне басқан емес, әкем сонда да өзін кешіре алмағандай. Бірақ, менің бақытыма шүкір ететініне сенем. Әкемнің Айжанның анасына деген сүйіспеншілікке толы махаббаты маған мұра болып қалғандай.
Міне, ағайын адам өміріндегі қателігі ұрпағына зиянын тигізеді. Аллам маған махаббат жүрегін Айжанға қайта ашқызды, абайсызда Ажар тірі болып соны сүйіп қалсам, мен отбасын құрмай тіземді құшақтап кетерім анық еді. Бұл махаббат басқамен ауысатын махаббат емес еді. Бұл тәңір берген таза, ыстық махаббат!
Жеңісгүл қарындасымның әңгімелерін жұбайым екеуміз жарыса оқып, өз өмір жолымызды айтуға әдейілеп Алматыға іздеп келдік. Сіздерден кешірім өтінем, өз ұрпағым үшін есімдерімізді, жер аттарын өзгертіп жазғыздық. Болашақта ұрпағымыз қателік жасамасын, адаспасын, адалынан жар сүйгізсін дегіміз келеді.
Автор: Шалыс басып, кешірілмейтін қателікке бой алдырмайық. Өз махаббатымызға адал болайық, махаббат адалдығымен құнды, сонысымен бағалы. Дөңгеленген дүниеде қателігіміз абайсызда алдымыздан шығып жүрмесін. Өмірде жіберген өрескіл қателігіміз ұрпақ тағдырына сын болмасын деп көпке ұсыныс айтамын.
Замира Дәулет.
Авторлық құқығым қорғалған көшіргенде аты-жөнімді өшірмеңіздер ☝️

ТАПТЫМ-АУ СЕНІ. - 958262715978

Комментарии