Қарт Каспи. Өмірімде теңіз көргенім осы. Ол да бір тірі тіршілік. Онда да жатқан арпалыс. Жанталаса жарысып, бірін-бірі желкелеп, бірін-бірі қуалап ақыр соңы жағаға соғылып барып жан тапсырған ақ толықындар. Қарап тұрып өмірдің өзі ғой деген ойға қалдым. Біздің бүгінгі тіршіліктен не айырмасы бар? **** Мен туған ауыл тауға жақын қоныстанған. Тауда қозы баққан баланың бір ермегі тауыдың тасын қашап жазу. Бала күнімде мен де жаздым. Биік жартасқа Қоңыраттың босаға таңбасын салып, өз атыма ТЕМІРБЕКҰЛЫ деп қоса жаздым. Әкемді мақтан тұтып, атын өшпестей етіп жазғаныма өзімше марқайып жүрдім. Кейін осы жазуды әкем көріп "Атаңның атын неге жазбайсың?" -деп кейігендей болды. Тіпті, "Қашанда болсын атаңды атаусыз қалдырма!" деп ескерту жасады. Онысы несі екен? Әркімнің әкесі өзіне пайғамбар, деген рас, ау? **** Ебрейлер баласын базарға жұмсап тұрып басынан бір нұқып қалады екен. "Баланы берген ақшаны жоғалтпай тұрып жазала, жоғалтқаннан кейін ұрысқаның бекер" дегендей мағынада. Ал, ертеректе қазақ аналары қызын ақсүйек ойнауға жіберсе "Етегіңе еге бол" -деп бүйірінен батыра мытып алады екен. Онысы қызы үйге қайтып кіргенше ауырып тұрады. Ескерту есінен шықпайды. Балаңды аясаң -аяма... *** "Енді жазбаймын, мен өлеңді тастадым!" деді бір танысым өрекпи сөйлеп. -Мүмкін өлең сені тастаған болар, дедім бетіне қарап. Жауап қатпаған күйі тұрып қалды. Ренжіп қалды ма қайдам? *** "Әлімсақтан мұсылманбыз" дейтін жұрттың ұрпағы бүгінде сүндет тойға барып, "Балаңның мұсылман болғаны құтты болсын" айтысып жүр. **** Билікке келген адамды өз болмысынан асыра мақтау көрне көзге жасалған қиянат. Оны көзіміз көріп жүр. *** Жемқорлықты кәсіп ретінде қарайтындар толып жүр. Ел ішінде "бастық болу байлықтың кілті" -деген түсінік қалыптасты. Қашан өнер-білімге ұмтылған жұрт боламыз? *** Баяғыда ата-бабамыз, -әруақ атады, наласы ұрады, елдің көз жасы жібермейді -деп жатушы еді. Бірақ осы күнгі елді, жерді сатқандардың мұрты қисайған бірін де көргенім жоқ. Кейде, "Осы елден қасиет, кие көшті ме екен..?", деген де ойға қаламын. *** Мен танитын бір жақсы жігіт бар еді. Марқұм ерте кетті өмірден. Сол жігіт айтушы еді: "Елеусіз кедей отбасында дүниге келдім. Мен туғанда әкемнің шаңырағына "туманың бауы берік болсын" айтып жалғыз -ақ адам кіріпті" деп. Сол туғанда жалғыз -ақ адам қуанған жігіт өмірден озғанда жаназаға дүниенің жұрты жиналды. Жігіттің қанша жас жасағанын емес, қандай жақсы адам болғанын айтысып жатты жұрт. Енді ойлаймын, баяғының шалдары бата бергенде "Бітеріңе берсін", дегенді қоса айтушы еді. Сондағы меңзегені осы екен да. Иә, Құдай ақырымызды берсін. Тойкенов Айдар Темірбекұлы .
АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗДЕР
ОЙМАҚТАЙ ОЙЛАР...
Қарт Каспи. Өмірімде теңіз көргенім осы. Ол да бір тірі тіршілік. Онда да жатқан арпалыс. Жанталаса жарысып, бірін-бірі желкелеп, бірін-бірі қуалап ақыр соңы жағаға соғылып барып жан тапсырған ақ толықындар. Қарап тұрып өмірдің өзі ғой деген ойға қалдым. Біздің бүгінгі тіршіліктен не айырмасы бар?
****
Мен туған ауыл тауға жақын қоныстанған. Тауда қозы баққан баланың бір ермегі тауыдың тасын қашап жазу. Бала күнімде мен де жаздым. Биік жартасқа Қоңыраттың босаға таңбасын салып, өз атыма ТЕМІРБЕКҰЛЫ деп қоса жаздым. Әкемді мақтан тұтып, атын өшпестей етіп жазғаныма өзімше марқайып жүрдім. Кейін осы жазуды әкем көріп "Атаңның атын неге жазбайсың?" -деп кейігендей болды. Тіпті, "Қашанда болсын атаңды атаусыз қалдырма!" деп ескерту жасады. Онысы несі екен? Әркімнің әкесі өзіне пайғамбар, деген рас, ау?
****
Ебрейлер баласын базарға жұмсап тұрып басынан бір нұқып қалады екен. "Баланы берген ақшаны жоғалтпай тұрып жазала, жоғалтқаннан кейін ұрысқаның бекер" дегендей мағынада.
Ал, ертеректе қазақ аналары қызын ақсүйек ойнауға жіберсе "Етегіңе еге бол" -деп бүйірінен батыра мытып алады екен. Онысы қызы үйге қайтып кіргенше ауырып тұрады. Ескерту есінен шықпайды.
Балаңды аясаң -аяма...
***
"Енді жазбаймын, мен өлеңді тастадым!" деді бір танысым өрекпи сөйлеп.
-Мүмкін өлең сені тастаған болар, дедім бетіне қарап. Жауап қатпаған күйі тұрып қалды. Ренжіп қалды ма қайдам?
***
"Әлімсақтан мұсылманбыз" дейтін жұрттың ұрпағы бүгінде сүндет тойға барып, "Балаңның мұсылман болғаны құтты болсын" айтысып жүр.
****
Билікке келген адамды өз болмысынан асыра мақтау көрне көзге жасалған қиянат. Оны көзіміз көріп жүр.
***
Жемқорлықты кәсіп ретінде қарайтындар толып жүр. Ел ішінде "бастық болу байлықтың
кілті" -деген түсінік қалыптасты. Қашан өнер-білімге ұмтылған жұрт боламыз?
***
Баяғыда ата-бабамыз, -әруақ атады, наласы ұрады, елдің көз жасы жібермейді -деп жатушы еді. Бірақ осы күнгі елді, жерді сатқандардың мұрты қисайған бірін де көргенім жоқ.
Кейде, "Осы елден қасиет, кие көшті ме екен..?", деген де ойға қаламын.
***
Мен танитын бір жақсы жігіт бар еді. Марқұм ерте кетті өмірден. Сол жігіт айтушы еді: "Елеусіз кедей отбасында дүниге келдім. Мен туғанда әкемнің шаңырағына "туманың бауы берік болсын" айтып жалғыз -ақ адам кіріпті" деп. Сол туғанда жалғыз -ақ адам қуанған жігіт өмірден озғанда жаназаға дүниенің жұрты жиналды. Жігіттің қанша жас жасағанын емес, қандай жақсы адам болғанын айтысып жатты жұрт.
Енді ойлаймын, баяғының шалдары бата бергенде "Бітеріңе берсін", дегенді қоса айтушы еді. Сондағы меңзегені осы екен да. Иә, Құдай ақырымызды берсін.
Тойкенов Айдар Темірбекұлы .