Ертеде бір жігіт екі нәрсені арман етіпті.

Біріншісі – сұлу қызға үйлену де, екіншісі – дүниедегі оқу атаулыны тамам ету. Сөйтіп, ару қызға үйленеді де, келесі жылы оған өзінің екінші арманын айтып, рұқсат сұрап, дүниедегі бар оқуды тамамдауға жол жүріп кетеді.
Бірнеше күн жол жүріп, сол кездегі бір үлкен шаһарға келіп, он шақты жыл оқып, "енді бәрін тауыстым ғой" деп үйіне қайтады. Үйіне келе жатып, жолда қой бағып отырған қарияға жолығады.
– Ассалаумағалейкүм,- деп сәлем береді.
– Уағалайкүмсәләм, балам, қайдан келесің?-
– Он шақты жылдан бері бар оқуды бітіріп, үйге қайтып келе жатырмын.
– Е, балам оқу оқып, білім алғаның дұрыс, бірақ сол оқудың бас-аяғы не екен, білдің бе?
Жігіт оқудың бас-аяғын айта алмай тұрып қалады.
– Балам, оқудың бас-аяғын біле алмадың ғой, менің мына қойымды бір жыл бақсаң, саған оқудың бас-аяғын айтайын.
Жігіт ойланып қалады: "Үйге барғанда тағы да біреу сұрай қалса, не демекпін?" деп, жігіт ойланып қалады. Сонымен, жігіт бір жыл қой бағып, келесі жылы:
– Ата, рұқсат болса, мен үйге қайтайын, оқудың бас-аяғын айтыңыз,- дейді.
– Айтайын, балам, оқудың бас-аяғы – сабырлық, әрқашан есіңде болсын.
Жігіт "оқудың бас-аяғы – сабырлық" деп қайталай, "осы сөз үшін бір жыл қой бақтым-ау" деп ренжіп жүріп кетеді.
Тағы да бірнеше күн жол жүріп, түнде үйіне келеді. Ақырын ғана әйнектен сығаласа, май шам жанып тұр, әйелі жалғыз емес сияқты. "Е, мен кеткен соң әйелім біреуге тиген екен" деп ойлайды да, есікті ақырын ғана ашып, "бұлардың екеуін де көзіме күйік қылмай жоқ қылайын" деп босағада жатқан балтаны алып көтере бергенде, бағанағы қарияның айтқан "сабырлық" деген сөзі ойына түсіп кетеді де, таң атқан соң көрейін деп, ауыз үйге барып, жатып қалады.
Таңертең әйелі бас салады. "Қашан келдің, бізді неге оятпадың? Әкең келді, сәлем бер" деп, баласын шақырады.
Сөйтсе, әйелінің жанындағы өзі оқуға кеткенде іште қалған баласы екен. Оқудың бас-аяғы сабырлық екенін жігіт сонда ғана біледі.

Ертеде бір жігіт екі нәрсені арман етіпті. - 865086328650

Մեկնաբանություններ

Մեկնաբանություններ չկան: