2017 жылдың 3 қарашасында Жітіқара қаласының аудандық Мәдениет Сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақ тіліндегі білімнің қара шаңырағы - №2 орта мектебінің 90 жылдық мерей тойы құрметіне «Ұлттық руханияттың өзегі – толғауы тоқсан қызыл тіл» атты ақындар айтысы болып өтті.

Айтысқа Қостанай қаласынан Салтанат Өтелбаева, Қостанай ауданынан Байзақов Медет, Таран ауданынан Ізтілеу Мамай және Жітіқара қаласынан Оспанов Марғұлан қатысты. Ақындар тақырыпты барынша ашуға тырысты. Мамай мен Салтанат қыз-жігіт арасындағы әзіл-қалжыңы басым айтыс құрса, Медет пен Марғұлан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тілге тиек етіп, №2 орта мектептің түлектері үлкен табыстарға жеткенін жырға қосып, ежелгі сал-серілер ізімен әуендерін құбылтып, көңілге қонымды әдістер қолдана білді. Ақындар Жітіқара ауданы әкімінің алғыс хаттары және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Комментарии

Комментариев нет.