2017 жылдың 10 қарашасында Жітіқара қаласының Аудандық Мәдениет сарайында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған

«Сайын далам, байтағым!» атты мерекелік концерті болып өтті.
Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан үлестері үшін Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Жітіқара ауданының ауыл шаруашылығын дамытудағы адал еңбегі мен жоғары жетістіктері үшін Жітіқара ауданы әкімінің грамотасымен көптеген қызметкерлер марапатталды.
Мерекелік концертте Жітіқара ауданының құрметті азаматы, қоғам қайраткері, қоғамдық кеңес мүшесі Муртазин Ризван Магзумұлы «Даль великая» әнін орындады. Сонымен қатар Юрий Яковлев, апалы сіңілді Досмұхамедовалар, Ұлттық «Бала дауысы» байқауының қатысушысы Аюпова Ясмин, Жанаханов Жарас, Арыстанов Еркебұлан және Аудандық Мәдениет сарайының би ұжымдары мен қызметкерлері «Разрешите пригласить», «Танцевальная графика», Халық аспаптар ансамблі «Балдәурен», Малышев Болат, Джанаханов Оңдасын, Елшібаев Алмат, Рысбек Дастан өнер көрсетті.

Комментарии

Комментариев нет.