Жануарлар балалары қалай аталады?

Бастауыш сыныпта оқитын балаңыз сізге төмендегідей сұрақты қойса іркілмей жауап бере аласыз ба?
Тышқанның баласын не деп атайды?
Түлкінің баласын не деп атайды?
Арыстанның баласын не деп атайды?
Пілдің баласын не деп атайды?… деген сияқты. Себебі мұндай сұрақтар бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарда кездеседі. (Мүкін, балалар ізденсін деп қосымша берілген тапсырмалар болар).
Жануарлар балалары(төлдері) қалай аталады? Осы сұрақ бойынша ғаламтордан мардымды ешқандай жазба таба алмадым. Тапқандарым төмендегідей. Кейбір жануарлар балаларының атауы әр жерде әр түрлі берілген, қате болуы да мүмкін. Нақты деректеріңіз болса пікір қалдырыңыздар.
Арыстан баласы- Алан, Абдан
Жолбарыс баласы — Арлан, Шөнжік, Таутан, Сарымақ,
Барыс — Алан
Қасқыр — Бөлтірік
Аю- Қонжық
Түлкі баласы — Жәудір, Мырмай, Міршәй.
Қоян -Көжек
Мысық — Марғау, Соқыр.
Киік баласы(төлі)-Құралай
Суыр баласы -Мондын
Арқар баласы- Қозықа
Бұғы баласы-бұғышақ
Елік төлі — Еңлік
Аққу — Көгілдір
Құндыз -Құнай
Қаз- Мамыр
Есек - қодық .

Жануарлар балалары қалай аталады? - 882574002559

Комментарии

Комментариев нет.