"Тарақ" таңбасы - Мәңгі ел - Ұлық Ұлыс, Алаш, билігіндегі болған елдің статусы мен дәрежесін білдірген, ел атауына айналған ұғым. Шыңғысханның таңбасы – істік жағы жоғары қараған үш тісті айыр "Тарақ" болған. "Тарақ" - таңба, "Алаш" мыңы ұлығы, "Нокта аға" - таңбасы. Қазақ елінде, "Тарақ" - Жалайыр, Тарақты-Арғын, Тарақты-Табын, және Шыңғысханын жеке жан сақшылары "Төленгіт" пен тікелей кейін өзінен тараған ұрпақтары "Төре" рұларының таңбасы. Осыны ескерсек Шыңғысхан "Тарақ" таңбалы, тайпа ортасында дүниеге келген болып шығады. Шықаң ата-тегі белгісіз "Алаша" мазарына қашалған, "Тарақ" таңба кімдікі? Жалайыр, Тарақты, Табын, Төре, Төлеңгіт. - "Тарак" таңбалы рулардың, бір біріне жақындығы қандай? Әр рұдын жеке тарихын қарастырып көрелык. "ЖАЛАЙЫР" - бүгінгі күні, Өзбек, Азербайджан Иран, Қырғыз, Ноғай, Крым татарлары т.б елдердің құрамындағы рұ. Қазақ елінде, Үйсіннен тарайтын ұлы жүз "Нокта ағасы". Ұлы жүз "Үйсін "елі екі атадан тарайды "Абақ" және "Тарақ". "Абақтан" ұлы жүздегі барлық рұлары тарайды да. "Тарақтан" жалғыз Жалайыр тарайды. Басқа бір шежіреде "Үйсін" Майқы биден тарайтын Жансақал (Тарақ таңбалы) мен Жалайыр бір адам деп тұжырымдалады. Ел ішінде "тарақты Жалайыр" елі деп атап кеткен. Шыңғыс-хан қаз-қаз тұра бастағаннан Жалайырлар оны жақтап, қолдап отырды. Рас, Шыңғысхан Жалайырларға ерекше құрметпен қарады. Шағатайға Шыңғысхан бөлген 4 мың әскердің 2 мыңын Жалайырлар құрады. Оларды кейіннен Шағатай ханға кеңесші болған Мухали Жалайыр ноян басқарды. Шыңғысханның «төрт бөрісінің» бірі атанған Мұқали болса қытайдың 72 қамалын бағындырды және өмірінің соңына дейін сонда билеуші болып Гован атағын алып қалды. Жалайырлар Шыңғыс хан заманында 4 топқа бөлінді: Бірінші тобы Моңғолия, Қытайда, екінші тобы Жошы қанмен бірігіп, аңыздар бойынша Шу өзені орта ағысының шығысқа орналасты, үшінші тобы Шыршық және Ангер өлкелеріне қоныстанып (ол тарихта «Жалайыр ордасы», деп аталды), төртінші тобы Құлағу ханмен Персияға кетіп, ол жақта "Жалайыр" мемлекетін құрды. Көне тарихшы Қадырғали Жалаири өз еңбегінде Қазақтың орнына Алаш атауын қолданады.Өзінің жазуында да Жалайыр тайпасын жоғары көтеріп ардақтаған: "Алаш мыңы арасында үлығы тарақ тамғалы Жалайыр болған" - деп жазған. Бұл мәлімет Жалайыр тайпасы ХІІІ ғасырдан Қадырғали Жалайыр заманына дейін Орда Ежен ұлық ұлыс, мемлекетінде, одан кейін Қазақ хандығында билеуші әулеттен кейінгі мәртебелі орында болып, тайпа өкілдерінің «ұлы әмір» немесе «Алаш мыңының ағасы» лауазымы болғандығын дәлелдейді. Сайф ад-дин Ахсикентидің Ферғанада ХVІ ғасырда жазылған «Маджму ат-таварих» атты еңбегі дерегіндегі, Тарақ таңбалы, Жалайыр тайпасы атауының 92 тайпаның ішінде жоғарғы қатардан орын алуын – оның Жошы ұлысы аумағында алатын " Ноқта ағасы" мәртебелік орнымен байланыстырамыз. "ТАРАҚТЫ" — Орта жүз құрамындағы тайпа. Оның шығу тегі жөнінде қазақ шежіресінде бірізділік жоқ. Шежіре деректері бойынша ақжолдан қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, тарақты, уақ. Тарақтыдан апай, тоқтауыл, қыдыр, жәші (жасши), әлі, сары, әйтей өш, қосанақ, алакөз, шәуке,әлеуке, көгедей болып он екі арыс ел тарайды. Басқа шежіре деректерінде Тарақтыны Арғын тайпасына жатқызады. Тарақтыны «Арғынның баласы» десе, Қазақ совет энциклопедиясында «қыздан туған жиен» деп шатастырады Мұны айтушылардың ел тарихынан хабары шамалы ма дейміз. Әйтпесе, қазақ жиенін қанша жақсы көрсе де ел басқартқан емес. Бір тайпаның билік тізгінін жиенге ұстату деген әдет-ғұрыпта атымен жоқ. Бұған қосарымыз, жол-жоралғыда топ бастау, билер пәтуәға келе алмаған үлкен дау-дамайда кесімді шешім айту, тек «Ноқта ағасының» құзырлы да мәртебелі борышы саналған. Міне, осы тиянақты уәжге тоқтамау ағайынды көре алмайтындардың құр сандырағы демеске амал жоқ. Сонымен ел жадындағы ежелгі тарихқа жүгінсек, Қарақожаның шаңырағы кенжесі Тарақтыда қалады. Ол жолы үлкен мұрагер. Осы себептен Тарақты бүкіл Арғынның (бұл Орта жүздің жиынтық аты) «Ноқта ағасы» болып саналады. Билік айту да, сыбаға алу да соның жолы. Басқа Орта жүз оған әрқашан да құрметпен қарайды. Осы қағиданың Сарыарқа төрінде бұлжымай сақталып келе жатқанына қазақтың тарихы куә, елдің ата дәстүріне адалдығы куә десек, артық айтқандық емес.Орта жүзге жататын басқа тайпа ұлыстарымен Тарақтының терезесі тең екенін, оның Арғынның бір бұтағы еместігін тарихи жәдігерлер де растайды. "ТАБЫН-ТАРАҚТЫ" Кіші жүздің Жетіру бірлестігіндегі ру. Кіші жүз - "Ноқта ағасы". Табын руы - таңба, белгісіне қарай үшке бөлінеді: Тарақты, Шөмішті, Көсеулі болып. Негізгі таңбасы — "Тарақ" — атбегі маңсабын бейнелейді. Тарихи деректер бойынша табындар Шыңғысханды ақ киізге көтерген 24 моңғол тайпасының арасында болыпты. Аңыздар бойынша табындардың көсемі Майқы би Шыңғысханмен ант ішкен. Табындардың таңба белгілері әр түрлі. Жалпы ру таңбасы (тостаған); сонымен бірге табындарда тағы да (шөміш, шөмішті-Табын тармағында), (тарақ, тарақты-табын тармағында) және (әліп) таңбалары бар. Жалпы р
АТАТЕК.ШЕЖІРЕ. Бермановна Санимкул.
:Сəнімкуль Беркимбаева
Қазақ еліндегі, "Тарақ" таңбалы бес тайпа.
"Тарақ" таңбасы - Мәңгі ел - Ұлық Ұлыс, Алаш, билігіндегі болған елдің статусы мен дәрежесін білдірген, ел атауына айналған ұғым.
Шыңғысханның таңбасы – істік жағы жоғары қараған үш тісті айыр "Тарақ" болған.
"Тарақ" - таңба,
"Алаш" мыңы ұлығы, "Нокта аға" - таңбасы.
Қазақ елінде,
"Тарақ" - Жалайыр, Тарақты-Арғын, Тарақты-Табын, және
Шыңғысханын жеке жан сақшылары "Төленгіт" пен тікелей кейін өзінен тараған ұрпақтары
"Төре" рұларының таңбасы.
Осыны ескерсек Шыңғысхан
"Тарақ" таңбалы, тайпа ортасында дүниеге келген болып шығады.
Шықаң ата-тегі белгісіз "Алаша" мазарына қашалған, "Тарақ" таңба кімдікі?
Жалайыр, Тарақты, Табын, Төре, Төлеңгіт.
- "Тарак" таңбалы рулардың, бір біріне жақындығы қандай?
Әр рұдын жеке тарихын
қарастырып көрелык.
"ЖАЛАЙЫР"
- бүгінгі күні, Өзбек, Азербайджан
Иран, Қырғыз, Ноғай, Крым татарлары т.б елдердің құрамындағы рұ.
Қазақ елінде, Үйсіннен тарайтын ұлы жүз "Нокта ағасы".
Ұлы жүз "Үйсін "елі екі атадан тарайды "Абақ" және "Тарақ".
"Абақтан" ұлы жүздегі барлық рұлары тарайды да. "Тарақтан"
жалғыз Жалайыр тарайды. Басқа бір шежіреде "Үйсін" Майқы биден тарайтын Жансақал (Тарақ таңбалы) мен Жалайыр бір адам деп тұжырымдалады.
Ел ішінде "тарақты Жалайыр" елі деп атап кеткен.
Шыңғыс-хан қаз-қаз тұра бастағаннан Жалайырлар оны жақтап, қолдап отырды.
Рас, Шыңғысхан Жалайырларға ерекше құрметпен қарады. Шағатайға Шыңғысхан бөлген 4 мың әскердің 2 мыңын Жалайырлар құрады. Оларды кейіннен Шағатай ханға кеңесші болған Мухали Жалайыр ноян басқарды. Шыңғысханның «төрт бөрісінің» бірі атанған Мұқали болса қытайдың 72 қамалын бағындырды және өмірінің соңына дейін сонда билеуші болып Гован атағын алып қалды.
Жалайырлар Шыңғыс хан заманында 4 топқа бөлінді: Бірінші тобы Моңғолия, Қытайда, екінші тобы Жошы қанмен бірігіп, аңыздар бойынша Шу өзені орта ағысының шығысқа орналасты, үшінші тобы Шыршық және Ангер өлкелеріне қоныстанып (ол тарихта «Жалайыр ордасы», деп аталды), төртінші тобы Құлағу ханмен Персияға кетіп, ол жақта "Жалайыр" мемлекетін құрды. Көне тарихшы Қадырғали Жалаири өз еңбегінде Қазақтың орнына Алаш атауын қолданады.Өзінің жазуында да Жалайыр тайпасын жоғары көтеріп ардақтаған: "Алаш мыңы арасында үлығы тарақ тамғалы Жалайыр болған" - деп жазған. Бұл мәлімет Жалайыр тайпасы ХІІІ ғасырдан Қадырғали Жалайыр заманына дейін Орда Ежен ұлық ұлыс, мемлекетінде, одан кейін Қазақ хандығында билеуші әулеттен кейінгі мәртебелі орында болып, тайпа өкілдерінің «ұлы әмір» немесе «Алаш мыңының ағасы» лауазымы болғандығын дәлелдейді.
Сайф ад-дин Ахсикентидің Ферғанада ХVІ ғасырда жазылған «Маджму ат-таварих» атты еңбегі дерегіндегі, Тарақ таңбалы, Жалайыр тайпасы атауының 92 тайпаның ішінде жоғарғы қатардан орын алуын – оның Жошы ұлысы аумағында алатын " Ноқта ағасы" мәртебелік орнымен байланыстырамыз.
"ТАРАҚТЫ"
— Орта жүз құрамындағы тайпа.
Оның шығу тегі жөнінде қазақ шежіресінде бірізділік жоқ. Шежіре деректері бойынша ақжолдан қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, тарақты, уақ. Тарақтыдан апай, тоқтауыл, қыдыр, жәші (жасши), әлі, сары, әйтей өш, қосанақ, алакөз, шәуке,әлеуке, көгедей болып он екі арыс ел тарайды. Басқа шежіре деректерінде Тарақтыны Арғын тайпасына жатқызады.
Тарақтыны «Арғынның баласы» десе, Қазақ совет энциклопедиясында «қыздан туған жиен» деп шатастырады
Мұны айтушылардың ел тарихынан хабары шамалы ма дейміз. Әйтпесе, қазақ жиенін қанша жақсы көрсе де ел басқартқан емес. Бір тайпаның билік тізгінін жиенге ұстату деген әдет-ғұрыпта атымен жоқ. Бұған қосарымыз, жол-жоралғыда топ бастау, билер пәтуәға келе алмаған үлкен дау-дамайда кесімді шешім айту, тек «Ноқта ағасының» құзырлы да мәртебелі борышы саналған. Міне, осы тиянақты уәжге тоқтамау ағайынды көре алмайтындардың құр сандырағы демеске амал жоқ.
Сонымен ел жадындағы ежелгі тарихқа жүгінсек, Қарақожаның шаңырағы кенжесі Тарақтыда қалады. Ол жолы үлкен мұрагер. Осы себептен Тарақты бүкіл Арғынның (бұл Орта жүздің жиынтық аты) «Ноқта ағасы» болып саналады. Билік айту да, сыбаға алу да соның жолы. Басқа Орта жүз оған әрқашан да құрметпен қарайды. Осы қағиданың Сарыарқа төрінде бұлжымай сақталып келе жатқанына қазақтың тарихы куә, елдің ата дәстүріне адалдығы куә десек, артық айтқандық емес.Орта жүзге жататын басқа тайпа ұлыстарымен Тарақтының терезесі тең екенін, оның Арғынның бір бұтағы еместігін тарихи жәдігерлер де растайды.
"ТАБЫН-ТАРАҚТЫ"
Кіші жүздің Жетіру бірлестігіндегі ру. Кіші жүз - "Ноқта ағасы".
Табын руы - таңба, белгісіне қарай үшке бөлінеді: Тарақты, Шөмішті, Көсеулі болып.
Негізгі таңбасы — "Тарақ" — атбегі маңсабын бейнелейді.
Тарихи деректер бойынша табындар Шыңғысханды ақ киізге көтерген 24 моңғол тайпасының арасында болыпты. Аңыздар бойынша табындардың көсемі Майқы би Шыңғысханмен ант ішкен.
Табындардың таңба белгілері әр түрлі. Жалпы ру таңбасы (тостаған); сонымен бірге табындарда тағы да (шөміш, шөмішті-Табын тармағында), (тарақ, тарақты-табын тармағында) және (әліп) таңбалары бар. Жалпы р