Шөмекей – қазақ халқының құрамындағы рулардың бірі. Шежіре деректеріне қарағанда, Кіші жүз құрамына кіреді. Таңбасы екеу. Ағасы Әлім таңба бермеген соң нағашысына Орта жүзге барып таңба алады. Артынан ұялған ағасы бір баласының таңбасын алып Шөмекейге береді. Тарихта сонымен Шөмекей екі таңбалы болады. Шөмекейден Көнек, Тоқа, Аспан, Бозғыл тарайды. А.Левшин, Н.Аристов, Г.Грумм-Гржимайло, М.Тевкелев, сондай-ақ М.Тынышбаев, Ә.Диваев, т.б. зерттеушілердің еңбектерінде Шөмекей шежіресі жайлы бір-біріне қайшы пікірлер кездеседі. Шөмекейді зерттеушілердің біразы Батыс Түрік қағандығындағы Дулулар одағына кірген шимүгін (чумугунь) болуы ықтимал деп есептейді. Қытай жылнамасындағы дерек бойынша 654 жылы қытайлар Шу бойындағы Чумугунь, Чумынь тайпасына шабуылдап, 30 мың адамын өлтірген. 6 – 7 ғ-ларда Чумугунь қазіргі дулаттардың ата-бабаларымен бірге Үрбінің (Юебань) құрамында болған. Кейінірек Шөмекейлер бөлініп, батысқа қарай жылжыса керек. Мұны кейбір зерттеушілер Шыңғыс хан заманында болған деген жорамал айтады. Шөмекейдің Тәнке тармағының қарақалпақ құрамында болуы да осындай пікірді қостауға мүмкіндік береді. Одан анна, құйын, айтеке, шеруші рулары өрбиді (Т.А. Жданко). Бірақ Кіші жүз Шөмекейінің рулық таңбасы, ұраны дулаттарға ұқсас емес. Соған қарағанда таңбаны кешірек алуы немесе әуел баста өзіне тән таңбасы болуы да мүмкін. Таңба жағынан олар Кіші жүздегі алшын және қаракесек руларының таңбасына ұқсас (И.Мейер, С.Аманжолов). 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Шөмекейлер Қазалы у-н, Сырдың төм. сағасын, Перовск у-нің солтүстік-шығыс жағын, Ырғыз және Ақтөбе уездерінің шығысын мекендеген. Мал ш-мен айналысқан. Шөмекей тайпасының толығырақ тарихын айтар кетер болсам,біріншіден, Дулат бірлестігінің ішінде шөмекей тайпасының болуы, VIII ғасырда (742-744 ж.ж.) ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен әскерінен жеңілген шөмекейлер батысқа жылжыған. Хұндардың (түркілердің) батысқа жылжуы 5-тарауда жазылған. Екіншіден, Батыс түрік қағанатының «ұйытқы тобының» бірі шөмекей тайпасының үлкен бір бөлігі батысқа көшкенде, Шу өзенінің бойында өздерімен бірге тұрған Еділ Булгарларының және чубаштардың жанына қоныс аударған болуы керек деп ойлаймыз. Орыс тарихына «Ішкіліктер» (ушкуйниктер) деген атпен енгенін байқауға болады. Ал, осы тайпа орта ғасырда солтүстік, солтүстік-шығыс жерінде өте үлкен күшке айналған. Орыс жылнамаларының /летопись/ жазуына қарағанда, олар Кама, Вятка өзендерінің бойы, Балтық теңізінің жағалауларын мекендеген. Осының жарқын бір көрінісі – Шуя /Шу/ атымен аталатын жер-су топонимдердің осы күнге дейін сақталғаны. Жоғарыда Шуя /Шу/ атымен аталатын жер-су, қала аттары көрсетілді. Тағы бір дәлеліміз, солтүстіктегі Архангельск облысындағы Ақ теңіздің /Белое море/ жағасында Кошкаранцы елді мекенінің болуы. Шежіре бойынша Шөмекейден – Бозғұл – Келдібай – Сейін (Желдір) – Қошқаралы болып тарайды. Кошкаранцы мен Қошқаралы бір сөз. Сол сияқты Акись –/Ақиіс/, Кожым /Қожым/, Аксарка /Ақсары/, Усть-Кара /Үсті Қара, Кия /Қиян/, Индиги /Елдегі/, Койда /Қойда/, т.б. түркі тілінде бір Архангельск облысында ондаған елді мекендердің бар болуы, солтүстікте шөмекей тайпаларының тұрған жері екенін айғақтайды. Сол сияқты Пеньза облысында екі Кошкаровка елді мекені бар. Шежіреде Шөмекейден – Аспан – Есімбет – Төбет – Төлес – Қошқар… болып таратады. Казачья /қазақтар/, Шугурово /Сүгір/, Ахатовка /Ахат/, Чунаки /Сунақтар/ атты елді мекендер бар. Солтүстік орыс жерінде түркі тілінде (қазақ) аталған жүздеген жер-су, ауыл /деревня/, қала аттары бүгінгі күнге жеткен. Үшіншіден, X ғасырдан бастап XVII ғасырға дейін 700 жыл бойы шөмекей тайпасы туралы араб, парсы, орыс жылнамаларында кездеспейді. Соған қарағанда, Шыңғысхан шапқыншылығына дейін, солтүстіктегі ушкуйник /ішкіліктер/ қауымын құрған осы «Шу тайпаларының» бірі шөмекей тайпалары болуы мүмкін. Осы бір болжамымызға сәуле түсіретін Қ.Салғараұлының «Ұлы Дала» зерттеу еңбегіндегі «Географиялық-аумақтық бөлініс» тарауында: «Ерте заманда үлкен өзен – су бойын мекендегендерді, яғни теңіз, көл, дария жағалауларындағыларды «ғұздар» деп атаған. «Ғұз» атауы байырғы түріктердің өзен-су мағынасын білдіретін «үгүз» деген сөзінен шыққан», – деп жазады (Астана, 2013. 84-б). Қорқыт ата кітабындағы «боз оқ»-ты шөмекей тайпасының бір аталығы деп түсінсек және олар сыртқы оғыздар (тоғыз – оғыз) тайпасы деп аталса, «неге жаңа қоныстарында, яғни солтүстікте «ішкіліктер» «ушкуйник» деп аталған?» деген сұрақ тумай ма? Бұл сұрағымызға М.Тынышбаевтың: «Екі ғасыр бойы (550-570 ж.ж.) Шу өзенінің жағасында олар, Батыс-түрік қағандығының ұйытқысын жасап…», – деп жазғанына арқа сүйеп, қорытынды жасауға болатын сыңайлы. Шөмекей тайпасы бұрынғы Шу өзенінің бойында тұрғандағы аттарын өзгертпеген, не көрші тайпалар шөмекейлерді «ішкіліктер» деп атауы да мүмкін. Мысалы, ішкі қыпшақтар, ішкі оғыздар деп аталуы, олар негізінен орданың маңайында қоныстанған. Яғни, ішкі /ішкілік/ деп атаған. Орта ғасырда (мүмкін одан да бұрын) Қаратеңіз жағалауын, Қырым түбегін, Кавказ тауының баурайын, Дон, Днепр өзендерінің бойында түркі тайпаларының мекені, қонысы болғаны орыс жылнамаларында жазылған, ал шөмекей тайпасы да солтүстік, солтүстік-шығыс орыс жерінде мекендеген деп айта аламыз. VII ғасырдың ортасында: «Шөмекен /шөмекей/ ұлысы әбден күшейген, ол тіптен жеке ел ретінде тарихта аты белгілі Басмыл, Керғұр (Ғырғыз, /қырғыз/), Хорезм тәрізді елдермен қатар аталады», – деп көрсетеді. Осы кітапта Шөмекей (Шөмен, Шөмекей) қайдан шықты тарауынан оқып білуге болады. Бұған қарап, шөмекей тайпаларының үлкен бір тобы солтүстік орыс жеріне қоныс аударған дейміз. Шуя қаласының Хива деп аталуы, шөмекейлердің Хива қаласында қоныстанғандары, кейінгі бір уақыттарда, аталастары шөмекейлерге, солтүстік-шығыс орыс жеріне көшіп барып, «Молого базарының» маңынан қала салып, Хиуа қаласы деп атап, үлкен сауда орталығына айналдырған болуы керек. Сол сияқты, Кострома қаласы Хорезм қаласы деп аталған. Соған қарағанда шөмекейлердің саудамен айналысқанын байқауға болады. Осы болжамымыздың дұрыстығына С.П.Толстов Гаркавидың «Сказания мусульманских писателей о славянах и русских» атты еңбегіне сүйене отырып мынадай қорытынды жасайды: «Хорезмийская экспансия на север не ограничивается экономическими связами. В X веке Хорезм выступает в качестве активной политической силы по отношению к народам Поволжья. К X веку относится свидетельство ибн-Хаукаля о походах хорезмийцев на границы Булгарского царства, откуда они возвращаются с добычей и рабами», – деп жазуы, солтүстіктегі Молого базары хорезмдіктердің қол астында болған деп айта аламыз . С.П.Толстовтың хорезмдіктер деп айтып жүргені шөмекей тайпалары болуы да мүмкін. «Хорезм тәрізді елдермен қатар аталады»,-деп жазылудың өзі шөмекей тайпасының жеке ел болғанын білдіреді. Осы тарауды қорытындылай келе, шөмекей қауымының өткен жолынан азда болса хабардар болсақ, енді олардың «Көк түріктерге» немесе «Аспан түріктеріне» қандай байланысы бар екен? Көк түріктердің ата-баба шежіресіндегі, Бөрі Анадан төрт ұл туатыны туралы қытай жылнамаларында аңыздардың бірнеше нұсқасы жазылған. Сол төрт ұлдың үшінші ұлы «Чучжэ өзенінің бойында мемлекет құрған». «Түрік тарихында «шу тайпалары» деп ортақ атауға ие болған чумугунь (шөмекей), чуми (шыбыл), чуюе (шүие), чубан (жаныс) қауымдары – Бөріден туған үшінші ұлдың жұрты», – деп көрсетеді Әнес Сарай. Қытай тарихының бастаухаттарында Чумугунь /шөмекей/ тайпасы туралы б.э. дейін 640 жылы бірінші рет олардың назарына ілігіп, қағаз бетіне түскен. «640 жылы лиаң, руй, мугундарды жояды» деген мәлімет бар. Қытай әскерінен жеңілген мугундар Алтай сыртындағы Шүй /Чуя, Шу/ өзенінің бойына қоныстанып, «Шүй өзенінің мугундары» деп аталады. Шөмекей деп аталудың өзі, Шу – мекен, яғни Шу өзенін мекендеген тайпа ұғымынан шыққан. Шөмекей тайпасы қытайлардан жеңілген хұндармен /хун/ бірге, б.э. кезінде II ғасырда, Қазақстандағы Шу өзенінің бойына қоныс аударып, «Шу тайпалары» деп аталды. Олар: чую, чум, чумугань және чубань деген төрт тайпа құрды. Бұлар Ұлы түрік қағанаты өмір сүрген кезде және Батыс түрік қағанатының ұлылығын қолдап, зор рөл атқарып, ұйытқы тобына айналды. Соған қарағанда, Алтай тауының сыртындағы Шу /Чуя/ өзенінің жағасынан көшіп келген «Шу тайпалары» жаңа қоныстарындағы өзен атын Шу /Чу/ деп атаған. Қазақтың ауызша шежіресінде шөмекей тайпасы Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғұл болып төртке жіктеледі. Ежелгі дәуірден бастап, шөмекейлердің төрт аталығы, этникалық тарихи тамырларының қайдан бастау алатынын байқайық. Бірінші: Аспан аталығының қалай аталғанын талдап көрелік. «Грузин ғалымы И.Шервамидзе: «Ашина парсының «Asina» сөзіне шыққан. Ол көк аспан дегенді білдіреді. «Ашина түріктері» дегеніміз – «аспан түріктері» деген сөз. Шөмекей тайпасы ашиналардың ішіндегі белді тайпасы болған. «Бітіктас жазуында «көк» деп емес, «көөк» деп әліптеген. «Көк» – түс болса, «көөк» – аспан баламасы», – деп жазады Ә.Сарай. Соған қарағанда «аспан түріктері» атауын шөмекей тайпасының Аспан аталығы деп түсінген дұрыс. Екінші: Бозғыл /Боз оқ/ оғыздың «боз оқ» (тоғыз – оғыз) атауы. Үшінші: Тоқа аталығы жайында мына бір пікірді еске алған дұрыс сияқты. «Ғұн мемлекеті ыдырағанда осы Көөк қауымының бір шағын тобы Хами аймағында тохар тілді кіші юечи арасына тап болып, солардың тілдік ықпалымен көөк тайпасы асана атанады», – деп жазады. Бұдан шығатын қорытынды: Тоқа аталығы тохар /тоқа/р/ сөзінен шыққан. Көнек аталығының қалай аталғаны зерттеуді қажет етеді. Әнес Сарай «Көк түріктер» зерттеуінде шөмекей тайпасының: «Ашина – Аспан атауын жадтарында сақтап, кейінгі ұрпаққа аман-есен жеткізген», – деп кітабын аяқтайды. А.И.Левшин қазақтардың /киргиз – казак/ шығуы туралы жеті аңызды жазған. Сонда, шөмекейлер өздерінің кезінде қазаққа жатпағанын былай деп түсіндірген: «Седьмое. Чумякейский род Меньшой орды пологает, что он прежде не принадлежал к киргиз-казакам, но происходит от турков и получил название от хана своего, Чумякея, который по вражде с Чингисом отложился от него и пришел с приверженцами своими в места, ныне занимаемые Среднею киргизскою ордою. Потомок его Аюсырым, завладев окрестностями реки Сарасу, отдал единственную свою наследницу и дочь в замужество за сына Алимова (родоначальника алимулинского поколения), отчего и подданные его соединились с киргиз-казахами. … Избегаясей погрешности, мы будем иметь вышеизложенные предания ввиду только для соображения и сравнения с известиями достовернейшими». Шөмекей тайпасының ауызша шежіресінде: Аспан – Есімбет – Бұғанай (Боғанай) – Сырым. Сырым, Асанаға дейін төрт ата. Аспан – Есімбет – Бұғанай (Боғанай) – Байқонды – Есенәлі – Аю. Аю Аспанға дейін алты ата. Бұл арада Левшинің Аюсырым деп жазып отырғаны дұрыс сияқты. Екіншіден, шөмекей руы өздерін бұрынғы атауларымен түрік деп атап, Қазақ хандығына кейін келіп қосылғанын байқауға болады. Жоғарыда «ішкіліктер» /«ушкуники»/ Бату хан әскерімен соғысқаны туралы жазылған. Соған қарағанда, А.И.Левшиннің жазып алған шөмекей руының аңыздарындағы оқиғалар шындыққа жанасады. Алты ата Әлім тайпасына (Қаракесек бірлестігі) шөмекейлер Шыңғысхан солтүстік-шығыс орыс жерін жаулап алғаннан кейін қосылған болуы мүмкін. Бұл да келешекте зерттеуді қажет етеді. Кейбір шөмекей руының аталықтары Арғын руының ішінде кездеседі. Арғын тайпасының, тоқал арғын бірлестігінің Саржетім аталығында Шақшақ бөліміндегі Көшейдің ішінде Қошқар, Қарабас, Аю аталықтары бар. Ал, осы аталықтар Шөмекейдің Аспанының Есімбет руының ішінде. Аспан – Есімбет – Тоқымбет – Төлес – Қошқар; Аспан – Есімбет – Тоқымбет – Төбет – Орсақ – Айтқұл – Қарабас; Аспан – Есімбет – Бұғанай – Байқонды – Есенәлі – Аю. Арғын шежіресінде Қошқар, Қарабас, Аю аталығы Көшейдің екінші әйелі қалмақ әйелінен туған деп жазады. Бұл арадан байқайтынымыз, Үлкен Орда (Алтын Орданың мұрагері), Ноғай ордасы, Қасым, Қазан, Сібір, Астрахан, Қырым хандықтары ыдырап, XVI ғасырдың бас кезінде шөмекей руының негізгі ұйытқы тобынан бөлініп қалып, Аспанның Қошқар, Қарабас, Аю аталықтары Қазақ хандығына қосылғанда, арғын руының ішінде қалып қойған. Шөмекей руының солтүстік орыс жеріндегі бір бөлігі – «ішкіліктер» III Иван патшаның кезінде Дон казактарына, енді бір бөлігі Кіші жүз, Қаракесек бірлестігіне қосылған дейміз. Көк түріктер, Ашина түріктері немесе Аспан түріктері деп тарихта жазып жүргендеріміз осы Шөмекей тайпасының Аспан аталығы болуы да мүмкін. Бұл ұшқары ой, пікір болып көрінгенімен, Шөмекей тайпасының өткен-кеткен тарихын егжей-тегжей зерттесе, қазақ тарихының «ақтаңдақ» беттерінің талайы ашылары хақ
АТАТЕК.ШЕЖІРЕ. Бермановна Санимкул.
:Сəнімкуль Беркимбаева
Шөмекей руы шежіресі
Шөмекей – қазақ халқының құрамындағы рулардың бірі. Шежіре деректеріне қарағанда, Кіші жүз құрамына кіреді. Таңбасы екеу. Ағасы Әлім таңба бермеген соң нағашысына Орта жүзге барып таңба алады. Артынан ұялған ағасы бір баласының таңбасын алып Шөмекейге береді. Тарихта сонымен Шөмекей екі таңбалы болады.
Шөмекейден Көнек, Тоқа, Аспан, Бозғыл тарайды. А.Левшин, Н.Аристов, Г.Грумм-Гржимайло, М.Тевкелев, сондай-ақ М.Тынышбаев, Ә.Диваев, т.б. зерттеушілердің еңбектерінде Шөмекей шежіресі жайлы бір-біріне қайшы пікірлер кездеседі. Шөмекейді зерттеушілердің біразы Батыс Түрік қағандығындағы Дулулар одағына кірген шимүгін (чумугунь) болуы ықтимал деп есептейді. Қытай жылнамасындағы дерек бойынша 654 жылы қытайлар Шу бойындағы Чумугунь, Чумынь тайпасына шабуылдап, 30 мың адамын өлтірген. 6 – 7 ғ-ларда Чумугунь қазіргі дулаттардың ата-бабаларымен бірге Үрбінің (Юебань) құрамында болған. Кейінірек Шөмекейлер бөлініп, батысқа қарай жылжыса керек. Мұны кейбір зерттеушілер Шыңғыс хан заманында болған деген жорамал айтады. Шөмекейдің Тәнке тармағының қарақалпақ құрамында болуы да осындай пікірді қостауға мүмкіндік береді. Одан анна, құйын, айтеке, шеруші рулары өрбиді (Т.А. Жданко). Бірақ Кіші жүз Шөмекейінің рулық таңбасы, ұраны дулаттарға ұқсас емес. Соған қарағанда таңбаны кешірек алуы немесе әуел баста өзіне тән таңбасы болуы да мүмкін. Таңба жағынан олар Кіші жүздегі алшын және қаракесек руларының таңбасына ұқсас (И.Мейер, С.Аманжолов). 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Шөмекейлер Қазалы у-н, Сырдың төм. сағасын, Перовск у-нің солтүстік-шығыс жағын, Ырғыз және Ақтөбе уездерінің шығысын мекендеген. Мал ш-мен айналысқан.
Шөмекей тайпасының толығырақ тарихын айтар кетер болсам,біріншіден, Дулат бірлестігінің ішінде шөмекей тайпасының болуы, VIII ғасырда (742-744 ж.ж.) ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен әскерінен жеңілген шөмекейлер батысқа жылжыған. Хұндардың (түркілердің) батысқа жылжуы 5-тарауда жазылған. Екіншіден, Батыс түрік қағанатының «ұйытқы тобының» бірі шөмекей тайпасының үлкен бір бөлігі батысқа көшкенде, Шу өзенінің бойында өздерімен бірге тұрған Еділ Булгарларының және чубаштардың жанына қоныс аударған болуы керек деп ойлаймыз. Орыс тарихына «Ішкіліктер» (ушкуйниктер) деген атпен енгенін байқауға болады. Ал, осы тайпа орта ғасырда солтүстік, солтүстік-шығыс жерінде өте үлкен күшке айналған. Орыс жылнамаларының /летопись/ жазуына қарағанда, олар Кама, Вятка өзендерінің бойы, Балтық теңізінің жағалауларын мекендеген. Осының жарқын бір көрінісі – Шуя /Шу/ атымен аталатын жер-су топонимдердің осы күнге дейін сақталғаны. Жоғарыда Шуя /Шу/ атымен аталатын жер-су, қала аттары көрсетілді. Тағы бір дәлеліміз, солтүстіктегі Архангельск облысындағы Ақ теңіздің /Белое море/ жағасында Кошкаранцы елді мекенінің болуы. Шежіре бойынша Шөмекейден – Бозғұл – Келдібай – Сейін (Желдір) – Қошқаралы болып тарайды. Кошкаранцы мен Қошқаралы бір сөз. Сол сияқты Акись –/Ақиіс/, Кожым /Қожым/, Аксарка /Ақсары/, Усть-Кара /Үсті Қара, Кия /Қиян/, Индиги /Елдегі/, Койда /Қойда/, т.б. түркі тілінде бір Архангельск облысында ондаған елді мекендердің бар болуы, солтүстікте шөмекей тайпаларының тұрған жері екенін айғақтайды. Сол сияқты Пеньза облысында екі Кошкаровка елді мекені бар. Шежіреде Шөмекейден – Аспан – Есімбет – Төбет – Төлес – Қошқар… болып таратады. Казачья /қазақтар/, Шугурово /Сүгір/, Ахатовка /Ахат/, Чунаки /Сунақтар/ атты елді мекендер бар. Солтүстік орыс жерінде түркі тілінде (қазақ) аталған жүздеген жер-су, ауыл /деревня/, қала аттары бүгінгі күнге жеткен. Үшіншіден, X ғасырдан бастап XVII ғасырға дейін 700 жыл бойы шөмекей тайпасы туралы араб, парсы, орыс жылнамаларында кездеспейді. Соған қарағанда, Шыңғысхан шапқыншылығына дейін, солтүстіктегі ушкуйник /ішкіліктер/ қауымын құрған осы «Шу тайпаларының» бірі шөмекей тайпалары болуы мүмкін. Осы бір болжамымызға сәуле түсіретін Қ.Салғараұлының «Ұлы Дала» зерттеу еңбегіндегі «Географиялық-аумақтық бөлініс» тарауында: «Ерте заманда үлкен өзен – су бойын мекендегендерді, яғни теңіз, көл, дария жағалауларындағыларды «ғұздар» деп атаған. «Ғұз» атауы байырғы түріктердің өзен-су мағынасын білдіретін «үгүз» деген сөзінен шыққан», – деп жазады (Астана, 2013. 84-б). Қорқыт ата кітабындағы «боз оқ»-ты шөмекей тайпасының бір аталығы деп түсінсек және олар сыртқы оғыздар (тоғыз – оғыз) тайпасы деп аталса, «неге жаңа қоныстарында, яғни солтүстікте «ішкіліктер» «ушкуйник» деп аталған?» деген сұрақ тумай ма? Бұл сұрағымызға М.Тынышбаевтың: «Екі ғасыр бойы (550-570 ж.ж.) Шу өзенінің жағасында олар, Батыс-түрік қағандығының ұйытқысын жасап…», – деп жазғанына арқа сүйеп, қорытынды жасауға болатын сыңайлы. Шөмекей тайпасы бұрынғы Шу өзенінің бойында тұрғандағы аттарын өзгертпеген, не көрші тайпалар шөмекейлерді «ішкіліктер» деп атауы да мүмкін. Мысалы, ішкі қыпшақтар, ішкі оғыздар деп аталуы, олар негізінен орданың маңайында қоныстанған. Яғни, ішкі /ішкілік/ деп атаған. Орта ғасырда (мүмкін одан да бұрын) Қаратеңіз жағалауын, Қырым түбегін, Кавказ тауының баурайын, Дон, Днепр өзендерінің бойында түркі тайпаларының мекені, қонысы болғаны орыс жылнамаларында жазылған, ал шөмекей тайпасы да солтүстік, солтүстік-шығыс орыс жерінде мекендеген деп айта аламыз. VII ғасырдың ортасында: «Шөмекен /шөмекей/ ұлысы әбден күшейген, ол тіптен жеке ел ретінде тарихта аты белгілі Басмыл, Керғұр (Ғырғыз, /қырғыз/), Хорезм тәрізді елдермен қатар аталады», – деп көрсетеді. Осы кітапта Шөмекей (Шөмен, Шөмекей) қайдан шықты тарауынан оқып білуге болады. Бұған қарап, шөмекей тайпаларының үлкен бір тобы солтүстік орыс жеріне қоныс аударған дейміз. Шуя қаласының Хива деп аталуы, шөмекейлердің Хива қаласында қоныстанғандары, кейінгі бір уақыттарда, аталастары шөмекейлерге, солтүстік-шығыс орыс жеріне көшіп барып, «Молого базарының» маңынан қала салып, Хиуа қаласы деп атап, үлкен сауда орталығына айналдырған болуы керек. Сол сияқты, Кострома қаласы Хорезм қаласы деп аталған. Соған қарағанда шөмекейлердің саудамен айналысқанын байқауға болады. Осы болжамымыздың дұрыстығына С.П.Толстов Гаркавидың «Сказания мусульманских писателей о славянах и русских» атты еңбегіне сүйене отырып мынадай қорытынды жасайды: «Хорезмийская экспансия на север не ограничивается экономическими связами. В X веке Хорезм выступает в качестве активной политической силы по отношению к народам Поволжья. К X веку относится свидетельство ибн-Хаукаля о походах хорезмийцев на границы Булгарского царства, откуда они возвращаются с добычей и рабами», – деп жазуы, солтүстіктегі Молого базары хорезмдіктердің қол астында болған деп айта аламыз . С.П.Толстовтың хорезмдіктер деп айтып жүргені шөмекей тайпалары болуы да мүмкін. «Хорезм тәрізді елдермен қатар аталады»,-деп жазылудың өзі шөмекей тайпасының жеке ел болғанын білдіреді.
Осы тарауды қорытындылай келе, шөмекей қауымының өткен жолынан азда болса хабардар болсақ, енді олардың «Көк түріктерге» немесе «Аспан түріктеріне» қандай байланысы бар екен? Көк түріктердің ата-баба шежіресіндегі, Бөрі Анадан төрт ұл туатыны туралы қытай жылнамаларында аңыздардың бірнеше нұсқасы жазылған. Сол төрт ұлдың үшінші ұлы «Чучжэ өзенінің бойында мемлекет құрған». «Түрік тарихында «шу тайпалары» деп ортақ атауға ие болған чумугунь (шөмекей), чуми (шыбыл), чуюе (шүие), чубан (жаныс) қауымдары – Бөріден туған үшінші ұлдың жұрты», – деп көрсетеді Әнес Сарай. Қытай тарихының бастаухаттарында Чумугунь /шөмекей/ тайпасы туралы б.э. дейін 640 жылы бірінші рет олардың назарына ілігіп, қағаз бетіне түскен. «640 жылы лиаң, руй, мугундарды жояды» деген мәлімет бар. Қытай әскерінен жеңілген мугундар Алтай сыртындағы Шүй /Чуя, Шу/ өзенінің бойына қоныстанып, «Шүй өзенінің мугундары» деп аталады. Шөмекей деп аталудың өзі, Шу – мекен, яғни Шу өзенін мекендеген тайпа ұғымынан шыққан. Шөмекей тайпасы қытайлардан жеңілген хұндармен /хун/ бірге, б.э. кезінде II ғасырда, Қазақстандағы Шу өзенінің бойына қоныс аударып, «Шу тайпалары» деп аталды. Олар: чую, чум, чумугань және чубань деген төрт тайпа құрды. Бұлар Ұлы түрік қағанаты өмір сүрген кезде және Батыс түрік қағанатының ұлылығын қолдап, зор рөл атқарып, ұйытқы тобына айналды. Соған қарағанда, Алтай тауының сыртындағы Шу /Чуя/ өзенінің жағасынан көшіп келген «Шу тайпалары» жаңа қоныстарындағы өзен атын Шу /Чу/ деп атаған. Қазақтың ауызша шежіресінде шөмекей тайпасы Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғұл болып төртке жіктеледі. Ежелгі дәуірден бастап, шөмекейлердің төрт аталығы, этникалық тарихи тамырларының қайдан бастау алатынын байқайық. Бірінші: Аспан аталығының қалай аталғанын талдап көрелік. «Грузин ғалымы И.Шервамидзе: «Ашина парсының «Asina» сөзіне шыққан. Ол көк аспан дегенді білдіреді. «Ашина түріктері» дегеніміз – «аспан түріктері» деген сөз. Шөмекей тайпасы ашиналардың ішіндегі белді тайпасы болған. «Бітіктас жазуында «көк» деп емес, «көөк» деп әліптеген. «Көк» – түс болса, «көөк» – аспан баламасы», – деп жазады Ә.Сарай. Соған қарағанда «аспан түріктері» атауын шөмекей тайпасының Аспан аталығы деп түсінген дұрыс. Екінші: Бозғыл /Боз оқ/ оғыздың «боз оқ» (тоғыз – оғыз) атауы. Үшінші: Тоқа аталығы жайында мына бір пікірді еске алған дұрыс сияқты. «Ғұн мемлекеті ыдырағанда осы Көөк қауымының бір шағын тобы Хами аймағында тохар тілді кіші юечи арасына тап болып, солардың тілдік ықпалымен көөк тайпасы асана атанады», – деп жазады. Бұдан шығатын қорытынды: Тоқа аталығы тохар /тоқа/р/ сөзінен шыққан. Көнек аталығының қалай аталғаны зерттеуді қажет етеді. Әнес Сарай «Көк түріктер» зерттеуінде шөмекей тайпасының: «Ашина – Аспан атауын жадтарында сақтап, кейінгі ұрпаққа аман-есен жеткізген», – деп кітабын аяқтайды. А.И.Левшин қазақтардың /киргиз – казак/ шығуы туралы жеті аңызды жазған. Сонда, шөмекейлер өздерінің кезінде қазаққа жатпағанын былай деп түсіндірген: «Седьмое. Чумякейский род Меньшой орды пологает, что он прежде не принадлежал к киргиз-казакам, но происходит от турков и получил название от хана своего, Чумякея, который по вражде с Чингисом отложился от него и пришел с приверженцами своими в места, ныне занимаемые Среднею киргизскою ордою. Потомок его Аюсырым, завладев окрестностями реки Сарасу, отдал единственную свою наследницу и дочь в замужество за сына Алимова (родоначальника алимулинского поколения), отчего и подданные его соединились с киргиз-казахами. … Избегаясей погрешности, мы будем иметь вышеизложенные предания ввиду только для соображения и сравнения с известиями достовернейшими». Шөмекей тайпасының ауызша шежіресінде: Аспан – Есімбет – Бұғанай (Боғанай) – Сырым. Сырым, Асанаға дейін төрт ата. Аспан – Есімбет – Бұғанай (Боғанай) – Байқонды – Есенәлі – Аю. Аю Аспанға дейін алты ата. Бұл арада Левшинің Аюсырым деп жазып отырғаны дұрыс сияқты. Екіншіден, шөмекей руы өздерін бұрынғы атауларымен түрік деп атап, Қазақ хандығына кейін келіп қосылғанын байқауға болады. Жоғарыда «ішкіліктер» /«ушкуники»/ Бату хан әскерімен соғысқаны туралы жазылған. Соған қарағанда, А.И.Левшиннің жазып алған шөмекей руының аңыздарындағы оқиғалар шындыққа жанасады. Алты ата Әлім тайпасына (Қаракесек бірлестігі) шөмекейлер Шыңғысхан солтүстік-шығыс орыс жерін жаулап алғаннан кейін қосылған болуы мүмкін. Бұл да келешекте зерттеуді қажет етеді. Кейбір шөмекей руының аталықтары Арғын руының ішінде кездеседі. Арғын тайпасының, тоқал арғын бірлестігінің Саржетім аталығында Шақшақ бөліміндегі Көшейдің ішінде Қошқар, Қарабас, Аю аталықтары бар. Ал, осы аталықтар Шөмекейдің Аспанының Есімбет руының ішінде. Аспан – Есімбет – Тоқымбет – Төлес – Қошқар; Аспан – Есімбет – Тоқымбет – Төбет – Орсақ – Айтқұл – Қарабас; Аспан – Есімбет – Бұғанай – Байқонды – Есенәлі – Аю. Арғын шежіресінде Қошқар, Қарабас, Аю аталығы Көшейдің екінші әйелі қалмақ әйелінен туған деп жазады. Бұл арадан байқайтынымыз, Үлкен Орда (Алтын Орданың мұрагері), Ноғай ордасы, Қасым, Қазан, Сібір, Астрахан, Қырым хандықтары ыдырап, XVI ғасырдың бас кезінде шөмекей руының негізгі ұйытқы тобынан бөлініп қалып, Аспанның Қошқар, Қарабас, Аю аталықтары Қазақ хандығына қосылғанда, арғын руының ішінде қалып қойған. Шөмекей руының солтүстік орыс жеріндегі бір бөлігі – «ішкіліктер» III Иван патшаның кезінде Дон казактарына, енді бір бөлігі Кіші жүз, Қаракесек бірлестігіне қосылған дейміз. Көк түріктер, Ашина түріктері немесе Аспан түріктері деп тарихта жазып жүргендеріміз осы Шөмекей тайпасының Аспан аталығы болуы да мүмкін. Бұл ұшқары ой, пікір болып көрінгенімен, Шөмекей тайпасының өткен-кеткен тарихын егжей-тегжей зерттесе, қазақ тарихының «ақтаңдақ» беттерінің талайы ашылары хақ