ЫСТЫ РУЫ.

Ыстылардың ежелгі этникалық тарихы, оның үстіне этногенезі жайында айтудың жөні келмейді. Өйткені көне деректерде ол туралы ештеңе жоқ. Тек Фахреддин Мүбәракшахтың «Тарихында» XIII ғасырда қазіргі Қазақстанның жерінде басқа рулармен көшіп-қонып жүрген Ысты руының Тілік тұқымы туралы сілтеме бар. Сол мәліметке сүйеніп, В.Востров «ЬІсты рулары Шу мен Талас өзендерінің арасын мекендеп, XV ғасырда Қазақ хандығының құрамына еніп, ал сонан соң басқа рулар мен аталарға еріп, шығысқа жылысып, Іленің сол жағасына қоныс тепті» деп атап өтеді. Ысты руы туралы орыс деректерінде алғашқы мәлім еттер А.И.Тевкелевтің Ұлы жүз руларын санамалаған еңбектерінде, сонымен қатар Ұлы жүзді Ресей боданына алу туралы Ұлы жүз сұлтандары мен билерінің қол қойған өтінішінің тізімінде еске алынады, онда Ысты Ойық және Тілік деп екіге бөлінеді. Әйтсе де бұл мәліметтерді В.Востров өз зерттеуінде келтіреді. Ыстының түп негізі туралы бергі әдеби деректер де бар. Оған ең алдымен қырғыздардағы жер пайдалану туралы Н.Аристов, М.Тынышбаев және В.Востровтың жарияланымдарын жатқызуға болады.
"Алаш айнасы" интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады

Комментарии

Комментариев нет.