[Жанарыс – Қарақожа – Арғын – Құтан - Мейрам - Қуандық]. Арғынның бәйбішесінің аты - Әргүл (Аркүл). Мұнан - Құтан, Бұтан. Бұтан жасында өліп қалып, мұнан нәсіл жоқ. Құтаннан - Мейрам сопы жалғыз. Қарашаш деген бір қарындасы болыпты. Мейрам сопының бәйбішесінен, Нұрфая бәйбішеден: Қуандық, Сүйіндік. Тоқалынан: Бегендік, Шегендік. Қуандық, Сүйіндіктің шешесі[нің] үйіменен бірге келген күңге аяқ салып, Мейрам өзі алған. Аты - Қарқабат. Онан - Болатқожа. Бес Мейрамның баласы - осылар. Арғынның тоқалының аты - Момын. Мұнан: Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Арықсопы, Нәдірсопы. Ақсопының балалары: «Толыбай» (Төлебай) ұранды Қанжығалы, «Маябоз» ұранды - Тобықты.[Қа]расопының баласы - «Қарақай» ұранды - Қарауыл менен [Ба]рлыбай ұранды - Бәсентиін. Сарысопының баласы - Ұшыбай (Өшібай) ұранды - Атығай, он екі атаның ұлы Дәуіт. Арғын бабамыздың жүз алты жасқа келгенде алған тоқалынан - Айнакөз деген - тоқалының аты - Тәнбіс сопы. Орынборға қараған - «Тоқал Арғын». Бұларды «Шар жетім Шақшақ» - дейді. «Төрт жалғыз» атанған: Ақташы, Байташы, Тағышы, Бұғышы. Асылы Арғын он екі атаның ұлына тарайды. Жұрт білетұғыны: «Алты атаның ұлы - Арғын» - деп сөйленеді. Сол үшін: «Арғын болдың - әркім болдың» - деген. Тәнбіс сопыдан: Үсенбай (Үйсінбай), Елемес. Елеместен - Ерман, мұнан - Шағыр, Бө[лтірік]. Шағырдан: Ақай, Жолдыбай, Тағышы, Аманжол, Сом[жүрек]. [Қуандықтан]: Есенқарт, Аманқарт, Алтай, Қарпық, Борыш, Темеш. Қарпықтан: Тінәлі, Мәмбет, Күзей. «Істенсіз (штансыз) Күзей» - атанған мұның баласы - Тоқа. Тінәліден: Әжіке, Әлімбет, Үсейін, Қасқа. [Үсейіннен]: Құттыбай, Жайылмас. Құттыбайдан: Қарабас, Дербісәлі, Айдар, Торғай. Қарабастан: Дүкен, Баянбай, Түгелбай, Теңізбай, Төлек. Дүкеннен - Қалдыбай, мұнан: Айтқожа халфе, Шырай қажылар, Әбей қажы[лар]. Баянбайдан: Қалдыбай, Орбай (Ұрбай). Тілеуімбеттен - Байғұн, мұнан - Сары, Қоңыр. Қоңырдан: Досымбек, Қанай, Құрмантай, Енем. Қанайдан - Сары батыр, онан - Көбе, 35 Нөгер. Құрмантайдан - Үмбетей, онан - Елшібек. Онан: Қанту, мұнан Бейсенбай, Өтебай; Жанту, мұнан - Айдапкел ескі законда қазы болған. Енемнен - Баянбек: аты Өтеміс еді, Баянбек аты қалып, «Енем» атанып кетті. Мұнан - Жаманбай, мұнан-Елеу, мұнан - Бижан (Бейісжан). Қарабастың үшінші баласы Түгелбайдан: Ерәлі, Серәлі, Тілеулі, Бектас, Бегімбет. Ерәлі тоғыз ағайынды, мұнан - Созыпкел - тоғыз, мұна[н] - Мұсабай - тоғыз, мұның бір баласынан және тоғыз. Тілеуліден - Ақбекет, мұнан - Қылыш қажы. Төрт атаға шейін тоғыз-тоғыздан. [Қа]найдан - үш ағайынды Сары, Қоңыр, Кеңгір. Кеңгірден - Олжабай... онан - Сапақ. Жайылмастан: Қожақұл, Дәулет. Қожақұлдан: Өтеген, Көлбай. Өтегеннен: Байзақ, Жанзақ. Жанзақтан - Бердісүгір, мұның балалары: Әбділда, Жақып, Сайдалы, Аққошқар. Дәулеттің бәйбішесінің аты - Қарашаш. Мұнан - Ақжігіт, Жанжігіт, Бөкен, Бөкі. Тінәлінің бел баласы - Үсейін. Үсейіннен - Жайылмас. Бұл Жайылмастан: Әлі болыс пен Бердісүгір байлар: бірі - Өтегеннен, бірі - Көлбайдан. Көлбайдан: Жантілі, Майкөт. Майкөттен - Өміртай, мұнан Құлшымбай. Құлшымбайдан - Әлі болыс. Жантеліден - Жұрқабай, онан: Ысқақ, Амалдық. Қасқа, Олжа, Өстемір, Қарт, Сәтбай, Байқабыл, Жайық, Тақабай, Дәнес, Машақа, Асаубай, Малай, Сары. Түбі-тегі Қырғыз Тәуке балалары: Абаты – Сармысықтың төлеңгіті. Тоқтаулық, Бабылтай, Мартан, Айтыбай. Бұл кісіден бала жоқ, жалғыз-ақ қыз бар. Төрт атаға келіп тұрған, арғы атасын білмейді. Сайдалы ішінде өсіп-өнген қырғыз: Молдамәшік, ибн Жанбаба, ибн Есенбай, ибн Қазболат, ибн Жаңаберді, ибн Қожан, ибн Дербіс, ибн Қармыс, ибн Обай, ибн Торай. Қырғыз Шерік Алтай ішіне келіп араласып сіңіп кеткен Қожан. Мұнан бұрынғы: Дербіс, Қармыс, Обай, - үш атаны [Қ]алмақ, Қабылан ішінде өткізген. «Елден қашқан түлкі де - менікі, Жайықтан қашқан түлкі де менікі» - деген соң, Қалмақ ішінен қашқан Сайдалы ішінде екі жүз он үй - Ірбістен үш илеуі, Қоңырат, Қырғыздан бір илеуі бар. Әуелінде қырық жігіт, бойдақ болып шығып, әрқайсысы әр елде қалып, алтау-жетеуі Алтай ішіне келген. Жоғарғы Шекті: Қазыбек би, төменгі Шекті: Бикен, Шоқай батыр. Және Бикен - Жазының баласы. Сары, Шеген, Қара, Жазы - қатар шыққан. Қара балуан Жәнібек балалары. Жәнібек батыр балалары «Дәуітбай» - атанады. Мұнан Момыш батыр, мұнан - Бірімжан, Қазыбек. Бірімжан балалары: Қорғанбек, Дәуренбек. Қазыбектен - Әбдібек жалғыз. Шегеннің кенже баласы - Бектеміс бай. Шолақ тон Сиқым бай - Шаңырақшының баласы, руы - Қараман. Қазақ мылтық Қунақ керуенбасының заманында Шыршықтың өткелінде: «Құдайыңмын!» - деген торы жорға атты батырды аттан аударып алып, тепкілеп жеңбейтұғын - қу осы шолақ тон Сиқымбай.
АТАТЕК.ШЕЖІРЕ. Бермановна Санимкул.
:Сəнімкуль Беркимбаева
Арғын-Қуандық шежіресі
[Жанарыс – Қарақожа – Арғын – Құтан - Мейрам - Қуандық]. Арғынның бәйбішесінің аты - Әргүл (Аркүл). Мұнан - Құтан, Бұтан. Бұтан жасында өліп қалып, мұнан нәсіл жоқ. Құтаннан - Мейрам сопы жалғыз. Қарашаш деген бір қарындасы болыпты. Мейрам сопының бәйбішесінен, Нұрфая бәйбішеден: Қуандық, Сүйіндік. Тоқалынан: Бегендік, Шегендік. Қуандық, Сүйіндіктің шешесі[нің] үйіменен бірге келген күңге аяқ салып, Мейрам өзі алған. Аты - Қарқабат. Онан - Болатқожа. Бес Мейрамның баласы - осылар.
Арғынның тоқалының аты - Момын. Мұнан: Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Арықсопы, Нәдірсопы. Ақсопының балалары: «Толыбай» (Төлебай) ұранды Қанжығалы, «Маябоз» ұранды - Тобықты.[Қа]расопының баласы - «Қарақай» ұранды - Қарауыл менен [Ба]рлыбай ұранды - Бәсентиін. Сарысопының баласы - Ұшыбай (Өшібай) ұранды - Атығай, он екі атаның ұлы Дәуіт.
Арғын бабамыздың жүз алты жасқа келгенде алған тоқалынан - Айнакөз деген - тоқалының аты - Тәнбіс сопы. Орынборға қараған - «Тоқал Арғын». Бұларды «Шар жетім Шақшақ» - дейді. «Төрт жалғыз» атанған: Ақташы, Байташы, Тағышы, Бұғышы.
Асылы Арғын он екі атаның ұлына тарайды. Жұрт білетұғыны: «Алты атаның ұлы - Арғын» - деп сөйленеді. Сол үшін: «Арғын болдың - әркім болдың» - деген.
Тәнбіс сопыдан: Үсенбай (Үйсінбай), Елемес. Елеместен - Ерман, мұнан - Шағыр, Бө[лтірік]. Шағырдан: Ақай, Жолдыбай, Тағышы, Аманжол, Сом[жүрек].
[Қуандықтан]: Есенқарт, Аманқарт, Алтай, Қарпық, Борыш, Темеш. Қарпықтан: Тінәлі, Мәмбет, Күзей. «Істенсіз (штансыз) Күзей» - атанған мұның баласы - Тоқа. Тінәліден: Әжіке, Әлімбет, Үсейін, Қасқа. [Үсейіннен]: Құттыбай, Жайылмас. Құттыбайдан: Қарабас, Дербісәлі, Айдар, Торғай. Қарабастан: Дүкен, Баянбай, Түгелбай, Теңізбай, Төлек. Дүкеннен - Қалдыбай, мұнан: Айтқожа халфе, Шырай қажылар, Әбей қажы[лар]. Баянбайдан: Қалдыбай, Орбай (Ұрбай). Тілеуімбеттен - Байғұн, мұнан - Сары, Қоңыр. Қоңырдан: Досымбек, Қанай, Құрмантай, Енем. Қанайдан - Сары батыр, онан - Көбе,
35
Нөгер. Құрмантайдан - Үмбетей, онан - Елшібек. Онан: Қанту, мұнан Бейсенбай, Өтебай; Жанту, мұнан - Айдапкел ескі законда қазы болған. Енемнен - Баянбек: аты Өтеміс еді, Баянбек аты қалып, «Енем» атанып кетті. Мұнан - Жаманбай, мұнан-Елеу, мұнан - Бижан (Бейісжан).
Қарабастың үшінші баласы Түгелбайдан: Ерәлі, Серәлі, Тілеулі, Бектас, Бегімбет. Ерәлі тоғыз ағайынды, мұнан - Созыпкел - тоғыз, мұна[н] - Мұсабай - тоғыз, мұның бір баласынан және тоғыз. Тілеуліден - Ақбекет, мұнан - Қылыш қажы. Төрт атаға шейін тоғыз-тоғыздан.
[Қа]найдан - үш ағайынды Сары, Қоңыр, Кеңгір. Кеңгірден - Олжабай... онан - Сапақ. Жайылмастан: Қожақұл, Дәулет. Қожақұлдан: Өтеген, Көлбай. Өтегеннен: Байзақ, Жанзақ. Жанзақтан - Бердісүгір, мұның балалары: Әбділда, Жақып, Сайдалы, Аққошқар. Дәулеттің бәйбішесінің аты - Қарашаш. Мұнан - Ақжігіт, Жанжігіт, Бөкен, Бөкі.
Тінәлінің бел баласы - Үсейін. Үсейіннен - Жайылмас. Бұл Жайылмастан: Әлі болыс пен Бердісүгір байлар: бірі - Өтегеннен, бірі - Көлбайдан. Көлбайдан: Жантілі, Майкөт. Майкөттен - Өміртай, мұнан Құлшымбай. Құлшымбайдан - Әлі болыс. Жантеліден - Жұрқабай, онан: Ысқақ, Амалдық.
Қасқа, Олжа, Өстемір, Қарт, Сәтбай, Байқабыл, Жайық, Тақабай, Дәнес, Машақа, Асаубай, Малай, Сары.
Түбі-тегі Қырғыз Тәуке балалары: Абаты – Сармысықтың төлеңгіті. Тоқтаулық, Бабылтай, Мартан, Айтыбай. Бұл кісіден бала жоқ, жалғыз-ақ қыз бар. Төрт атаға келіп тұрған, арғы атасын білмейді.
Сайдалы ішінде өсіп-өнген қырғыз: Молдамәшік, ибн Жанбаба, ибн Есенбай, ибн Қазболат, ибн Жаңаберді, ибн Қожан, ибн Дербіс, ибн Қармыс, ибн Обай, ибн Торай. Қырғыз Шерік Алтай ішіне келіп араласып сіңіп кеткен Қожан. Мұнан бұрынғы: Дербіс, Қармыс, Обай, - үш атаны [Қ]алмақ, Қабылан ішінде өткізген. «Елден қашқан түлкі де - менікі, Жайықтан қашқан түлкі де менікі» - деген соң, Қалмақ ішінен қашқан Сайдалы ішінде екі жүз он үй - Ірбістен үш илеуі, Қоңырат, Қырғыздан бір илеуі бар. Әуелінде қырық жігіт, бойдақ болып шығып, әрқайсысы әр елде қалып, алтау-жетеуі Алтай ішіне келген.
Жоғарғы Шекті: Қазыбек би, төменгі Шекті: Бикен, Шоқай батыр. Және Бикен - Жазының баласы. Сары, Шеген, Қара, Жазы - қатар шыққан. Қара балуан Жәнібек балалары. Жәнібек батыр балалары «Дәуітбай» - атанады. Мұнан Момыш батыр, мұнан - Бірімжан, Қазыбек. Бірімжан балалары: Қорғанбек, Дәуренбек. Қазыбектен - Әбдібек жалғыз. Шегеннің кенже баласы - Бектеміс бай. Шолақ тон Сиқым бай - Шаңырақшының баласы, руы - Қараман. Қазақ мылтық Қунақ керуенбасының заманында Шыршықтың өткелінде: «Құдайыңмын!» - деген торы жорға атты батырды аттан аударып алып, тепкілеп жеңбейтұғын - қу осы шолақ тон Сиқымбай.