Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында Қызылкөл деген шағын ауыл бар. Ежелден төре-төлеңгіттер мекен еткендіктен «төре ауыл» деп аталады. Кенесары хан қырғыз жерінде мерт болған соң, ханның ұрпақтары осында ауып келіп, қоныстанған. Кенесары ханның туған ағасы Есенгелдінің баласы Жәңгір Кенесары өлген соң кіші әйелі Мәуітіні жеңгедей алып, осы Мәуіті анадан Созақ жерінде 1855 жылы Шәді төре туған. Абылай ханның шөпшегі болып келетін осы Шәді төре Шаян, Қарнақ, Ташкент, Бұхарадағы Көкелташ медреселерін бітіріп, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік біліп шығады. Майлықожа, Құлыншақ, Тұрмағамбет, Молда Мұса ақындармен жиі қарым-қатынаста болып, жазбаша айтысқан. Шәді - Қазан төңкерісіне дейін қазақ даласындағы баспадан ең көп кітабы шыққан ақын. Қазан, Орынбор, Ташкент баспаларынан «Сияр Шариф», «Хазіреті Мұса мен Перғауын», «Төрт дәруіш» сынды талай діни өлең-дастандары, қиссалары, шежірелері басылып шыққан. Кезінде Шәді шығармашылығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған филология ғылымдарының докторы, жазушы Немат Келімбетов 13 кітаптың атын атайды. Кейбір мәліметтер оны жиырмадан асырады. Шәді Пушкиннің «Мыс салт атты» поэмасын қазақшаға аударған. Тіпті роман жазған деген де сөз бар. Кенесары ханның бел баласы, атақты Сыздық сұлтан 1910 жылы қайтыс болғанда, жаназасын осы Шәді төре шығарады. Атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың шешесі Сақыпжамал Шәді төренің қарындасы болып келеді. Яғни Шәмші - Шәді төренің жиені. Шәді ақын да Шәкәрім қажы сынды зергер ұста болған. 1928-29 жылы кәмпеске кезінде Шәдіні кедей болса да, діншіл молда деп, Түркістан түрмесіне қамайды. Бірақ кезінде дәмдес-тұздас болған Сәкен Сейфуллиннің араласуымен босанып шығады. Мухамбедия Ахмет-Төре.
АТАТЕК.ШЕЖІРЕ. Бермановна Санимкул.
:Сəнімкуль Беркимбаева
ШӘДІ ТӨРЕ……
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында Қызылкөл деген шағын ауыл бар. Ежелден төре-төлеңгіттер мекен еткендіктен «төре ауыл» деп аталады.
Кенесары хан қырғыз жерінде мерт болған соң, ханның ұрпақтары осында ауып келіп, қоныстанған.
Кенесары ханның туған ағасы Есенгелдінің баласы Жәңгір Кенесары өлген соң кіші әйелі Мәуітіні жеңгедей алып, осы Мәуіті анадан Созақ жерінде 1855 жылы Шәді төре туған.
Абылай ханның шөпшегі болып келетін осы Шәді төре Шаян, Қарнақ, Ташкент, Бұхарадағы Көкелташ медреселерін бітіріп, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік біліп шығады.
Майлықожа, Құлыншақ, Тұрмағамбет, Молда Мұса ақындармен жиі қарым-қатынаста болып, жазбаша айтысқан.
Шәді - Қазан төңкерісіне дейін қазақ даласындағы баспадан ең көп кітабы шыққан ақын. Қазан, Орынбор, Ташкент баспаларынан «Сияр Шариф», «Хазіреті Мұса мен Перғауын», «Төрт дәруіш» сынды талай діни өлең-дастандары, қиссалары, шежірелері басылып шыққан.
Кезінде Шәді шығармашылығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған филология ғылымдарының докторы, жазушы Немат Келімбетов 13 кітаптың атын атайды. Кейбір мәліметтер оны жиырмадан асырады. Шәді Пушкиннің «Мыс салт атты» поэмасын қазақшаға аударған.
Тіпті роман жазған деген де сөз бар. Кенесары ханның бел баласы, атақты Сыздық сұлтан 1910 жылы қайтыс болғанда, жаназасын осы Шәді төре шығарады.
Атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың шешесі Сақыпжамал Шәді төренің қарындасы болып келеді. Яғни Шәмші - Шәді төренің жиені.
Шәді ақын да Шәкәрім қажы сынды зергер ұста болған. 1928-29 жылы кәмпеске кезінде Шәдіні кедей болса да, діншіл молда деп, Түркістан түрмесіне қамайды.
Бірақ кезінде дәмдес-тұздас болған Сәкен Сейфуллиннің араласуымен босанып шығады.
Мухамбедия Ахмет-Төре.