НАЙМАН ТАЙПАСЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ

Алаш-Сеиілхан (сегіз арыс түрікмендер), Жайылхан-(Естек, Татар, Башқұрт), Майқы-(Өзбек, Сақыпжан), Ойыққалпақ-(Қырғыз, Сүйір), Созақ-(Төлен, Қарақалпақ), Қазақ-Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз).
  
Ұлы жүз
Ақарыс-Жұманбай-Кейкі-Төбет-Үйсін-Майқы,Қоғам, Құйылдыр, Мекірен.
Майқы-Бақтияр-Ойсыл, Үйсіл-Ақсақал (Абақ), Жансақал (Тарақ)-Жалайыр-Сырманақ, Шуманақ, Бірманақ.
Қоғам-Қаңлы,Қатаған(Шанышқылы)-Балық, Күпік, Саңырау, Дархан.
Қаңлы-Сарықаңлы, Қарақаңлы, Қызылқаңлы.
Ойсыл-Сергелі-Құбасай,Қаракеңірдек.Ақкеңірдек, Тутаңбалы, Қайшылы.
Ақсақал(Абақ)-Қараша би - Байдулы, Бәдібек - Сарыүйсін, Жәлмәмбет, Жарықшақ-Албан, Суан, Дулат.
Сарыүисін-Қалша, Жақып.
1
Жәлмәмбет-Шапырашты, Ошақты, Ысты.
Албан-Сары, Шыбыл.
Суан-Байтүгей, Тоқарыстан.
Дулат-Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.
Шапырашты-Екей, Еміл, Асыл, Шыбыл, Айқым.
Ошақты-Аталық, Байыл, Қоңыр, Тасжүрек.
***
Орта жүз
Жанарыс – Қара – Тарақты, Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ.
Дерек. Біраз шежіреде Қараны – Қарашор батыр, Қарақожа деп те атайды. Қара үш әйел алған адам дейді. Бірінші әйлінен Нұржан, Тарақты (Ақтанберді) есімді бір ұл бір қыз туады. Екінші әйелінен Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат туса керек. Үшінші әйелінен Керей, Уақ туыпты. Қараның балаларының ішінде қыздан үлкені Нұржан, ұлдан үлкені Арғын, ең кенжесі Тарақты екен. Қараның шаңырағы ең кенжесі Тарақтыда қалғандықтан Тарақты Орта жүзге ноқта ағасы болыпты дейді. (А.Т)
Біраз шежіренің дерегі бойынша Бекарыстан – Орта жүздің, Жанарыстан – Кіші жүздің руларын таратады. Біз жүгінген шежірелердің басым көпшілігіндегі дерекке ден қойып, Жанарысты Орта жүз деп алып отырмыз. (А.Т)
2
Тарақты – Айт - Әлім(Әлімқожа) – Алда(Алдаберді) – Қармыс – (1) Қыдыр,Жашы, (2) Апай, Тоқтауыл, Әлі, Сары, Әйтей, Қосанақ, (3) Әлеуке, Көгедей, Бұғышы (Алакөз), Бұлдырық (Шәуке).
Арғын – Қоғам – Мейрам – (1) Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, (2) Шұбыртпалы (Тоқтауыл), Жалықбас, Қамбар, (3-күң) Болат (Қаракесек), Қаржас (асырап алған баласы).
Қыпшақ – Сүлімалып – Көбекалып – Мүйізді – Сарыабыз – Ұзын, Торы, Көлденең, Бұлтың, Қарабалық.
Қоңырат – Нағанай – Орынби, Жиғалы – Құлшығаш.
Керей – Ашамайлы(-Балта, Қарақас, Сыбан, Сымайыл, Бағылан – Сармат – Көшебе), Абақ – Жантекей, Жәдік, Қарақас, Шұбарайғыр, Ителі, Шимойын, Меркіт, Молқы, Көнсадақ, Жастабан, Шеруші, Сарыбас.
Дерек Шежіре дерегі бойынша Найманның бес жасында әкесі өліп, үлкен атасы Сарының тізесіне отырыпты дейді.Найманның шешесі Күнке деген кісі екен, ата жолымен қайнысы Қоянбайға тиеді. Қоянбай мен Күнкенің арасынан Керей туған. Осыған байланысты ел аузында «Арғын-Найман аталас, Найман – Керей енелес»деген сөз бар. Және бір мәтел «Найман – Керей енелес, Керейді Найман ешкімге теңемес, енелестер еніп сөйлесер, аталастар ат үстінен тілдесер» деп те айтылады.(А.Т)
3
Тарихи деректерде Көшебенің бәйбішесі Абақ екені жазылған («Кошубаева жена князина Обакай...» - «Материалы по истории русско – монгольских отношений 1636 – 1654», М., 1974). Ел аузында «Көшебелі көп Керей көше алмайды Сыбансыз» деп айтылатын да сөз бар. 1897 жылғы дерек бойынша Қазақстанда 285 болыс Керей болған. (А.Т.)
Уақ - Әлібай – Айдархан – Қамбар – Жосан – Еркөкше – Ерқосай – Бетеге – Қалды батыр (қырық баласы болды деген сөз бар) – Жанкелді, Жантелі – Сарман, Шоға, Ергенекті.
* * *
Кіші жүз
Бекарыс – Байұлы, Қаракесек, Жетіру.
Байұлы (он екі ата) – Шеркеш, Ысық, Тана, Байбақты, Масқар, Қызылқұрт, Алаша, Адай, Беріш, Таз, Алтын–жаппас,,Есентемір.
Қаракесек – Байсары, Шөмен, Әлім (алты-ата) – Жаманақ(Шекті), Қарамашақ(Төртқара), Ұланақ (Қаракесек), Айнық (Қарасақал), Тойқожа, Тегінболат.
Жетіру – Рамадан, Телеу, Жағалбайлы, Тама, Табын, Кердері, Керейіт.
***
4
Найман - тайпасы
Найман – Ақсақал – 0, Үйелші – 0, Күйелші – 0, Тоқбан – 0, Белгібай – Сүйінші, Сүгірші, Өтеген.
Дерек. Найман тайпасының ұраны «Қаптағай», таңбасы – бақан, босаға, шөміш деп аталады. Тайпа ішіндегі іргелі рулардың да өз алдына ұраны мен таңбасы бар. Мәселен Қаракерейдің ұраны – «Қабанбай», таңбасы – мүйіз, Матайдың таңбасы – бөрі, Садырдың ұраны – «Алдияр», таңбасы – ожау, сыңар көз, бөрі. Қаптағайдың ұраны – «Қаптағай»,«Бөрібай»,таңбасы–босаға,бөрі. Сары-жомарттың таңбасы – ергенек. Бағаналының таңбасы – балта т.б. (А.Т)
Найман тайпасының қазақ даласына кең жайылған ауқым-аймағы жөнінде Шорманның Мұсасының Шежіресінде Қаракесек Кемпірбай ақын мен Найман Қалжан ақынның айтысы келтірілген. СондаҚалжан ақын былай дейді:
Көзіңді аш ауыр жатқан Найман елмін,
Көз жібер ауданыма кімнен кеммін,
Жүз елу болыс болған Найман заты,
Қаз қонып үйрек ұшқан шалқар көлмін.
Балталы, Бағаналы, Терістаңбалы –
Арынды тау суындай қалың селмін.
Өрдегі тоқсан болыс елді қоссаң,
Алдыңда асу бермес сары белмін.
Дала ауызша тарйхы (ДАТ), яғни ауызекі шежіре бойынша Жанарыстан Қарашор батыр туды дейді.
5
Қарашордан Тұлпар батыр, одан Алшын, одан Семізбұға, одан Жұмыр, одан Жұртбай, одан Жүндібай, одан Кененбай, одан Сары (Самантай),одан Шал, одан Ер Қаптағай, одан Найман, Найманбай. Наймантай, туып еді дейді. Сонда Жанарыстың он екінші баласы Найман болып шығады.Қазақ арасында ең кең тараған шежіре үлгілері осы жүйені көп қайталайды.(А.Т)
ДАТ дерегі бойынша тағы да кең тараған аңыз әңгіме Найманнан өрбіген ұрпаққа қатысты айтылады. Найман екі әйел алған адам болса керек. Бірінші Қырғауыл деген әйелінен Ақсақал, Үйелші, Күйелші деген үш бала туады.
Екінші Шүңірекей деген әйелінен Тоқбан жалғыз туған. Ол кез ел іргесін жау торыған бір мазаң заман екен. Бір жаугершілікте Найманның төрт баласы бірдей қаза тауып,бұл төртеуінің ішінде үйленгені жалғыз Тоқбан екен, оның Әлпеш деген келіншегі жесір қалады. Кейбір шежіреде Әлпешті Ақсақалдың немесе Ақсопының келіншегі еді дейді. Сондай-ақ, бұл келіншектің есімін Ақсұлу,Мәзбура деп айтатын шежірелер бар... Бұл шежірелердің қай-қайсысы да Найманның келіні Үйсін Дулат бидің қызы екенін айтады. (А.Т)
Міне, осы Әлпештің әменгерім деп алаңдайтын ешкімі болмаған соң, ақылына көркі сай жас келіншекке Арғын мен Қыпшақтың балалары ата жолымен сөз салады. Найман уәж айтар қисын таппай, ерікті келінінің өзіне береді. Әлпеш болса «Атамның тұяғын үзбеймін, атын жоғалтпаймын» деп, Арғын мен Қыпшақ балаларына жолын беріп, басын босатып алып, Найманның қырық
6
желісін қырқа матап, қалыңдықтың малын шығарады да,
әкесі Дулатпен жамағайын Ақмырза деген кісінің Гүлше есімді қызын атасы Найманға алып береді. Кейбір шежірелерде Гүлшені түркмен қызы еді, есімі Құрым, Қарашаш, немесе Дәмелі еді деп те айтады. Найекең (Найман) жарықтықтың жасы бұл кезде сексеннің о жақ бұ жағында еді дейді...(А.Т)
Әлпеш атасы Найманға алып берген Гүлше қызды мейлінше құрметтеп, «Енді сен маған ене болдың» деп, атын атамай, «Қызене» дейді екен. Гүлше Найманға тиген соң алты айдан кейін жүкті болады. Күндердің бір күнінде Найман қатты сырқаттанып, төсек тартып жатып қалады. Ауыруының бетін байқаған соң, Арғын ағайындарын шақырып өсиет айтады. «Жасым сексенге келіп, бұл өмірден тұяқсыз өтемін –ау деп, өкіріп жылап жүргенде көремін бе деген балам еді. Мына Қызенеден ұл туса, оның жауабын Тәңірінің алдында сендерден сұраймын» дейді. Мұнан соң көп ұзамай Найман дүние салады. Кешікпей-ақ, Гүлше де аман-есен қол-аяғын бауырына алып, бір ұл бала табады. Бұл кезде Найман шаңырағының бас иесі болып отырған Әлпеш алты Алаштың басын қосып, ақ түйенің қарнын жарып, ұлан-асыр той жасайды. Осы тойға Үйсін Дулат би «Найман қаны араласқан қадірлес құрам еді, мына нәресте артында қалған белгі ғой, атын Белгібай қояйық» дейді. «Балаға ат қою жолы біздікі еді, арнаған атымыз бар еді» деп, арғындар өкпе қылады. «Кім деп қоймақшы едіңдер?» деп сұрағанда, «Найман атамыз Тәңірінен өкіріп жылап жүріп тілеп едім деуші еді, атын Өкіреш қоямыз» дейді.
7
Мұның бәріне Әлпеш ақ жамбы, ақ бас құндыз, ақ атан бастатып жолын беріп риза қылады. Бұл жөнінде ел аузындағы шежіре сөзде мынандай өлең бар:
«Баланың атын қойды Белгібай деп,
Атадан туып қалған белгі ғой деп.
Ару Әлпеш баланы ардақтайды:
«Тәңірім бір тілекті берді ғой»-деп».
Белгібай ер жетіп 17 жасқа толғанда әменгерлік жолмен жесір отырған 37 жастағы жеңгесі Әлпешке үйленеді. Белгібай мен Әлпештің арасынан бір ұл туып, «сүйіншй, Найманның тұяғы жалғасын тапты» деп қуанып, атын Сүйінші қояды. Мұнан соң Әлпеш: «Мен аруақтың орнын сыйлаған соң, саған қосылған жеңгең едім, енді өзің таңдап қыздай қатын ал»,-деп, Белгібайдың көңілі сүйген бір қызды алып береді. Ол – түркмен Арлауыт бидің Қаракөз атты қызы болса керек. Белгібайдың бұл әйелі бала көтермейді. Бұл екі арада Әлпеш екінші балаға жүкті болып, ол аман-есен туған соң, есімін Сүгірші қояды да, оны қаракөз сұлудың бауырына салады. Кейін Әлпеш тоқтасқан кезде бөлек шығып, «енді орнымды бассын» деп, өзінің немере сіңілісін Белгібайға қосады. Одан Өтеген туады. Сөйтіп, Белгібай (Өкіреш) некелеп қосылған үш әйелінен Сүйінші, Сүгірші, Өтеген атты үш бала көреді. Кейінгі қалың Найман осы үш атадан тарайды. Осындай күйге жеткізген Әлпеш сияқты дана әйелді төңірегі «Найманның әулие келіні» деп атаған. (А.Т)
8
Енді, Белгібайдың анасы, «Қыз ене» атанған Гүлше бар емес пе, Найман өліп, асын берген соң, ата жолымен Найманның ұлы атасы Сарымен бірге туысқан Шолмақтың немересі Елтайға Гүлшені қосады.Ұлытау төңірегінің шежіресінде Найманның інісі Наймантайдан Елтай туып еді дейді. Сол Елтайды Әлпеш: «Атамның орнына ата болды» деп, есімін «Елата» атап кетеді. Кейін Елата мен Гүлшенің арасынан бір ұл туады. Оны белгібайға серік болсын деп, атын Серікбай қояды. (А.Т)
Кейбір шежіре бойынша Серікбайдан Келбұға, Кетбұға, Кетбұғадан Бағаналы тарайды дейді. Сөз орайында Кетбұға жырау әйгілі Шыңғыс ханның оң тізесін басып отырған биі болғанын, «Ақсақ құлан» сияқты күйді тудырған ұлы күйші екенін айта кеткен жөн.(А.Т)
Найманның тұяғын жалғар ұрпақты шашау шығарғысы келмей, ұжымын жарастыра білген Әлпеш Серікбайды өз бауырына салып өсіреді. Белгібай мен Серікбайдың енелес болғаны өз алдына, екеуі де Әлпештің бауырында өскендіктен, жұптары жазылмай біте қайнасып, бір туғандай болып кетеді. Осының бәріне Әлпеш ана ұйытқы болып, Найманның кіндігінен тараған ұрпақ жирма шақты ауыл болғанша «жат болып кетпесін» деп, енші бөлістірмей мал-жанын ортақ ұстапты дейді. «Байдың малы ортақ болсын, батырдың жаны ортақ болсын, шебердің қолы ортақ болсын, шешеннің тілі ортақ болсын, балуанның күші ортақ болсын, біреуге біреу зорлық жасамасын!» деген өсиет осы Әлпеш анадан қалыпты деген сөз бар. (А.Т)
9
Әдпеш ананың өсиеті төрт ұрпаққа дейін сақталып, Найманның ұрпағы енші бөліспепті. Алайда, жас-өсіп, жарлы-байып дегендей, елдің ауқымы ұлғайған соң,амалсыз енші бөлісіп, қоныс айырысқан. Қалың Найманның еншісін бөлу билігі жас та болса ақылы кемел Кетбұғаға беріліпті. Кетбұға тоғыз Найманға енші бөліп, таңба таратады. Сонда еншілес Кетбұға мен Келбұғаға таңба жетпей қалып, таңбаларын жылқының сол жағына басады. Содан олар «Терістаңбалы» аталса кетек. Найманның ұрпақтарының еншісін дау-дамайсыз бөлгені үшін Кетбұға Ноқта ағасы атанады. (А.Т)
ДАТ дерегін салғастыра қарағанда Алтай, Тарбағатай өңірі мен Ұлытау төңірегінде айтылатын шежірелерде айырмашылық кездесіп қалады. Мәселен,шығыс өңір шежірелерінде Бағаналыны Сүгірші ұрпақтарынын таратады: Сүгірші - Төлеген - Ұлан батыр- Қарабек- Сарыжомарт- Бағаналы болып тарайды. Ал Балталыны Елатадан таратады: Елата(Елтай) – Серікбай – Кетбұға- Балталы. Сонда Балталы мен Бағаналы бөлек-бөлек екі ататдан тарағанымен, қоныстас болып, жұбын жазбаған дейді. (А.Т)
Ал, Ұлытау төңірегіне тараған шежірелерде біраз айырмашылық бар. Біз бұл еңбегімізде негізінен Ұлытау маңының шежіресіне құлақ асып, Ұлытау төңірегіне кең тараған шежірелерге тоқталуды жөн көрдік. Себебі, ілгерідегі қариялардан қалған сөзді түзетіп, бүгінгі ұрпақтарына басқаша жеткізуге дәтіміз шыдамады, аруақтарды сыйладық. (деп жазады Ақселеу Тарақты өзінің «Балталы Бағаналы ел аман бол» атты еңбегінде)
10
Осы шежіредегі соңында (А.Т) деген белгісі бар деректер Ақселеу Тарақтының сол еңбегінен алынған.
Ұлытау төңірегінің біраз шежіресі бойынша Орта жүз Жанарыстың төртінші баласы Семізбұға еді дейді. Семізбұғадан Жұртбай туады. Жұртбайдан Сары, Сарыдан Шал, Шалдан Қаптағай туады. Қаптағайдан – Найман, Наймантай, Найманбай туады. Мұнан әрі Найман, оның жаугершілікте өлген төрт ұлы, Сол төрт ұлдың бірі Ақсақалдан (Тоқпан деп те айтады) жесір қалған Әлпеш. Сонан соң Найман атасына Әлпештің Гүлшені алып беруі, одан Белгібайдың (Өкіреш) тууы, кейін Белгібай есейген соң әменгері ретінде Әлпешке үйленуі сияқты әңгімеге ұласады. Найманнан – Ақсақал, Үйшелі, Күйшелі, Тоқпан, Белгібай туған. Бұлардың алғашқы төтреуінен ұрпақ жоқ. Ал Белгібайдан – Сүйінші, Сүгірші, Өтеген туады. Осылардың Сүйіншісінен Төлеген, одан Қытай туады. Қытайдың бәйбішесінен Қаракерей, Матай, Төртуыл, Садыр, тоқалынан Кетбұға, Келбұға туады. Қытайдың бәйбішесі ертерек қайтыс болып, одан туған Қаракерей, Матай, Төртуыл Садыр, деген балалары атасы Төлегетайдың бауыранда өседі. Сондықтан бұлар «Төрт Төлегетай» атанып кеткен.
Төлегетай XVI ғасырда өмір сүрген. Сол уақытта қазақтың беделді адамы болған. Төлегетай Сыр-Дарья өзенінің сол жағында Түркістан маңында Өзенді деген жерде жерленген. М.Тынышбаев «Ақтабан шұбырынды» тарихынан 24 бет
11
Төрт Төлегетайдың ұрпақтары қазір Семей, Шығыс Қазақстанда, Алтай, Жетісу өңірінде. Ал, Келбұға мен Кетбұға, біріншіден – тоқалдан туғандықтан, екіншіден – бәйбіше балаларынан бөлек шаңырақта өскендіктен, кейін еншілері де бөлек болып, Төрт Төлегетай ұрпақтары шығыс пен оңтүстікке қоныс іздеп көшкенде оларға ілеспей Арқада қалып қойған. Сөйтіп, Келбұға мен Кетбұға ұрпақтары Ұлытау мен Шу өзенінің арасын ертеден қоныс етіп келеді. Осы күнгі Қаражал қаласының түбіндегі Қытай деп аталатын жер Каракерей, Матай, Төртуыл, Садыр мен Келбұға, Кетбұғаның әкесі Қытайдың құрметіне аталған атау. Сүйінші мен Сүгірші ұрпақтарының Жоңғар шапқыншылығына дейін осы Қытай маңындағы Ақтау, Қызылтау өңірін, Атасу өзенінің бойын қоныстанғаны жөнінде тарихи дерек те бар (Материалы по киргизскому землепользованию. 9-том. С-Петербург. 1905г.).(А:Т)
Ұлытау төңірегінің шежіресі мұнан әрі Сүгіршіден Төлеген, Төлегеннен Ұлан батыр мен Қарабек туды дейді. Қарабектен Сармантай мен Сарыжомарт туады. Ал Өтегеннен Асан, одан Қарауыл, одан Жасық, одан Құдас, одан Мұрат, одан Мәмбет, одан Болат болып тарайды. Сонда, қалың Найман Белгібайдың бел балалары Сүиінші, Сүгірші, Өтеген үшеуінен өрбіген болып шығады. Енді осы шежірені таратып көрейік.(А.Т)
Сүйінші – Төлегетай – Қытай(Қынтай)(Қатай) – (1)Қаракерей, Матай, Төртуыл, Садыр, (2)Келбұға, Кетбұға.
12
Сүгірші – Төлеген – Ұлан батыр, Қарабек – Сармантай, Сарыжомарт.
Өтеген – Асан – Қарауыл – Құдас – Мұрат – Мәмбет – Болат.
***
Қаракерейдің
Ұрпағы
Қаракерей – Байторы, Ерторы.
Байторы – Тайлақ, Жайнақ, Мейрам, Айрам.
Ерторы – Байсиық – Болатшы,Қызылым,Қызылқұрт.
Қызылқұрт – Қарамолда, Жаңбыршы, Жаңғұлы.
Дерек Байсиықтан тараған (Жаңғұлы, Меңлібай, Жаңбыршы, Қарамолда, Төбет) дарды Қаракерей ішінде «Семіз Наймандар» деп атайды. Тарихта бұл туралы мынандай аңыз бар: Бұл бесеуі бірде Үйсін еліне жоқ іздеп барады. Өздері шетінен семіз болса керек! Үйсіндер «бұл семіздер кімдер» деп сұраса «Наймандармыз» депті. Содан ел аузында осы атақ қалады.
Солардың бірі Жаңғұлының ұрпағы.
Жаңғұлыдан: - Құлманбет,Тілеуімбет (Тұманшы), Қожан (Шыңы), Қасқа, Ақбелбеу тарайды.
Құлманбеттен – Асан, Үсен, Қыдыр, Сауқал, Есенғұл.
13
Есенғұлдан: Есентай одан Жауыр
Тілеке – Қарабылғақ
Былғақтан – Сартай, Қалдыбай
Сартайдан белгісіз
Қалдыбайдан – Байқотан, Бошан.
Байқотаннан – Ноғай
Бошаннан – Қаракісі.
Сауқалдан: Жанболсын – Ырысбай – Қолқан – Смағұл – Тоқтаған,Абайхан,Меделхан,Күлжан
Дәулетбайдан – Қозыбай.
Малайдан – Базарбай одан Кунту – Қойкел.
Қадырдан: Жиенбай - Аманғұл, Жаманай
Аманғұлдан – Боранбай, Қараменде, Шегенбай, Бозай
Бозайдан – Баймұрза - Өртбай – Ғалым.
Досайдан – Тойшыбек одан Құлып.
Балатемірден –

НАЙМАН  ТАЙПАСЫНЫҢ   ШЕЖІРЕСІ - 954325227850

Комментарии

Комментариев нет.