21 дек 2021
FinGramota повышение финансовой грамотности населения

Назарларыңызға «OYLA» журналының «Төлемдер, аударымдар және онлайн-алаяқтар» тақырыбындағы жаңа санын ұсынамыз 💳🤹🏻‍♀️

🤓Бұл шығарылымда біз виртуалды және цифрлық карталар туралы, сондай-ақ балалар мен олардың ата-аналарын кибералаяқтардан сақтау туралы сөз қозғаймыз.
👉Барлығы телефон мен планшет ұстайтын цифрлық ғасырда жеке деректеріміз бен өз ақшамызды «екі батырма басу» арқылы басқарамыз.
Көбіңіз электрондық әмиянның қалай жұмыс істейтінін және виртуалдық картаның не екенін білесіздер. Ата-аналар мұндай картаны банктің мобильді қосымшасы арқылы баласына ашып беріп жатады.
Мұндай картаның қарапайым картадан ерекшелегі жоқ десе де болады, тек оның пластик тасымалдаушысы жоқ. Оны да баланың телефонына байланыстырып, тауарлардың ақысын төлеуге болады. Бірақ бұл онлайн-сауда тұрғысынан алғанда айтарлықтай қауіпсіз.
Егер бала телефонын жоғалтып алса, онда алаяқтар ата-анасының шотынан ақша ала алмайды. Әкесі немесе анасы мобильді банк қосымшасы арқылы картаны бұғаттап, жаңасын шығара алады.
📌Өзіңізді және балаларыңызды интернет-алаяқтардан қорғау туралы толығырақ www.fingramota.kz сайтынан оқыңыздар
👇👇👇 https://fingramota.kz/kk/news/post/tlemder-audarymdar-zhne-onlajn-alayatar _ www.fingramota.kz сайты
«Fingramota Onlinе» ұялы қосымшасы
call-центр: +7 (727) 237 1000
_
#fingramota

Комментарии

Комментариев нет.