22 дек 2021
FinGramota повышение финансовой грамотности населения

📌Психологтардың кредит тұзағы туралы ойы

👉Кредит алу қанағаттанудың жалған сезімін береді, ақша сізге тез және оңай келген сияқты болады. Сіз қалаған затыңызды оңай сатып ала аласыз: жаңа гаджет, автомобиль, жылжымайтын мүлік және басқа да артықшылықтар, мақсатқа қол жеткізілді.
👉Міне, қызықты факт: қарызды төлеу керек, ал оны төлеуге ынта жоқ. Қалаған затқа қол жеткізгеннен кейін ол бірден жоғалып кетеді.
Кредит міндеттерін орындауға жауапсыздықпен қараған кезде, қарыз алушы оңай «қарызға батуы» әбден мүмкін.
👉Қарыз туралы ой үнемі ашуланшақтыққа және қорқыныш жағдайына алып келеді. Мұндай уайымнан жүрек талмасы, бас ауыруы және қан қысымының жоғарылап не төмендеп кетуі мүмкін.
👉Мұндай жағдайларда психолог маманның көмегіне, ал кейде психотерапевтің көмегіне жүгінген жөн.
Ең бастысы – сізге көмек керек екендігін және тығырықтан шығатын жол үнемі бар екенін түсіну. Fingramota.kz жоғарыда аталған жағдайлардың алдын алу үшін кредит рәсімдеуге мұқият дайындалуға кеңес береді. Оны қалай істеу керектігін fingramota.kz сайтынан оқыңыздар.
_ www.fingramota.kz сайты
«Fingramota Onlinе» ұялы қосымшасы
call-центр: +7 (727) 237 1000
_
#fingramota

Комментарии

Комментариев нет.