28 дек 2021
FinGramota повышение финансовой грамотности населения

🎄 Жаңа жылға дайындаламыз!

Қажетсіз шығыннан бас тартып, Жаңа жылды қалай көңілді әрі меркелік көңіл-күймен қарсы алуға болады? Назарларыңызға Fingramota.kz-тің дәстүрлі лайфхактарын ұсынамыз.
📌Шығындар тізімін жасаймыз
Өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды бағалап, мерекелік шығындарға бөле алатын бюджетті анықтап алыңыз.
📌Жақындарымызға сыйлықтар дайындаймыз
Сыйлық оның құнымен емес, оны қандай ықыласпен жасағаныңызбен бағаланады. Егер бюджетіңіз шектеулі болса, сыйлықтарды қолдан, яғни «hand made» жасап көріңіз. Немесе пайдалы мерекелік бокс жинауға болады.
📌Мерекелік ас мәзірін жасаймыз
Мерекелік ас мәзірін алдын ала жасап, ең қажетті деген азық-түліктің тізімін жасаңыз.
📌Өтіп бара жатқан жылды қорытындылаймыз
Жылды қарызсыз қарсы алу – жаңа жылды ескі қарыздармен бастауға болмайтын, бұрыннан келе жатқан, жақсы дәстүр. Сондықтан төленбей қалған шоттарыңыз, салықтан қарызыңыз және т.б. тексеріңіз.
Қаржыңызға ревизия жасап, шотыңыздың өткен жылғы көшірмесін алыңыз, шығындарыңызға талдау жасаңыз. Егер жыл аяқталғанша қаржылық жоспарыңызды орындап, қажет емес шығыстарды қысқартып, «қауіпсіздік жастықшасын» жасай алсаңыз, онда сіз отбасылық бюджетіңіздің іргетасын мықтап қаладым деп нық айта аласыз!
_ www.fingramota.kz сайты
«Fingramota Onlinе» ұялы қосымшасы
call-центр: +7 (727) 237 1000
_
#fingramota

Комментарии

Комментариев нет.