🏆Қазақстан Ставропольде өткен халықаралық фестивальде жеңіске жетті: «El Voice» тобы Гран-при иегері атанды

Қазақстандық «El Voice» вокалдық тобы Ставрополь қаласында өткен «Солдатский конверт» атты халықаралық байқау-фестивальде Гран-при жүлдесіне ие болды. Топ құрамында «Астана Опера» театры хорының әртістері Әмре Алғи мен Ардақ Төлепбергенов, солист Нұрсұлтан Әнуарбек, сондай-ақ Е.Рахмадиев атындағы филармонияның солисі Алтынбек Арыстанбек өнер көрсетті. Ұжым «Ансамбльдер» номинациясында топ жарып, «Ана туралы баллада» туындысын терең тебіреніспен орындап, қазылар алқасы мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Қазақстандық өнерпаздар сахнада шынайы драматургия тудырып, ананың перзентінен айырылғандағы қайғысын, сағынышын әсерлі жеткізе білді. Дауыстардың үйлесімділігі, көркем образды терең меңгеруі мен жоғары деңгейдегі вокалдық шеберлік нәтижесінде жеңіс тұғырынан көрінді.
Бұл жеңіс отандық ансамбль үшін айтулы жетістік болды. Биылғы фестивальге 800-ге жуық өтінім келіп түскен. Соның ішінен финалдық кезеңге небәрі 13 солист пен 13 ансамбль ғана жолдама алған. Байқауға Ресейдің 15 өңірінен және Армения, Грузия, Беларусь, Өзбекстан мен Қазақстаннан өнерпаздар қатысты.
«Астана Опера» хорының әртістері үшін бұл байқауға қатысу — тек маңызды шығармашылық сынақ қана емес, сонымен қатар Қазақстанды халықаралық аренада музыкалық дәстүрі терең, кәсіби орындаушылық мәдениеті жоғары ел ретінде танытудың бірегей мүмкіндігі болды.
ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
🏆Казахстан одержал победу на международном фестивале в Ставрополе: группа «El Voice» завоевала Гран-при
Вокальная группа «El Voice» стала обладателями Гран-при на международном конкурсе-фестивале «Солдатский конверт», который завершился в Ставрополе. В составе коллектива выступили артисты хора театра «Астана Опера» Амре Алги и Ардак Толепбергенов, солист Нурсултан Ануарбек, а также солист филармонии им. Е. Рахмадиева Алтынбек Арыстанбек. Коллектив победил в номинации «Ансамбли», покорив жюри и зрителей проникновенным исполнением произведения «Баллада о матери».
Казахстанские артисты сумели создать на сцене подлинную драматургию: трогательная музыкальная история о материнской боли и утрате прозвучала с такой силой и искренностью, что вызвала слезы в зале.
Идеальное слияние голосов, глубокое понимание художественного образа и высокий уровень вокального мастерства стали залогом заслуженной победы.
Победа казахстанцев стала настоящим триумфом в насыщенной конкурсной программе. В этом году на фестиваль поступило около 800 заявок, и только 13 солистов и 13 ансамблей были приглашены к участию в финальном этапе. Участники представляли 15 регионов России, а также Армению, Грузию, Беларусь, Узбекистан и Казахстан.
Для артистов хора «Астана Опера» участие в данном конкурсе стало не только важным творческим испытанием, но и возможностью представить Казахстан на международной сцене как страну с богатыми музыкальными традициями и высоким уровнем исполнительского искусства.
ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
#жаңакүн #КазахстанРоссия

🏆Қазақстан Ставропольде өткен халықаралық фестивальде жеңіске жетті: «El Voice» тобы Гран-при иегері атанды - 961975549275
🏆Қазақстан Ставропольде өткен халықаралық фестивальде жеңіске жетті: «El Voice» тобы Гран-при иегері атанды - 961975548763
🏆Қазақстан Ставропольде өткен халықаралық фестивальде жеңіске жетті: «El Voice» тобы Гран-при иегері атанды - 961975549019

Комментарии

Комментариев нет.