вчера 06:27

🗣Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Жеңістің 80 жылдығына арналған апталық өтті

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармонияда Жеңістің 80 жылдығына орай арнайы тақырыптық апталық ұйымдастырылды.
2 мамыр күні Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының «Жеңіс күні» атты концерті өтті. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов. Кеш барысында хор капелласы соғыс жылдарындағы танымал әндерді орындады.
6 мамырда Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің «Ұлы той» атты концерті өтті. Концертте оркестр сүйемелдеуінде халықаралық байқаулардың лауреаттары қазақ композиторларының шығармаларын әсерлі орындап шықты.
Апталық 8 мамыр күні ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің «Жеңіс күні» атты концертімен қорытындыланды. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Қанат Ахметов, сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляков та дирижерлік етті. Концерттік бағдарлама Николай Самохваловтың «9 МАМЫР» атты салтанатты фанфарасымен ашылды. Одан кейін оркестр соғыс жылдарындағы танымал туындыларды орындады. Атап айтқанда, Матвей Блантердің «Катюша», Александра Пахмутованың «Поклонимся великим тем годам» шығармалары және қазақ композиторларының «Жеңіс күні», «Ана туралы баллада», «Сүйген сәулем» атты әндері орындалды.
Апталық барысында филармония залы көрерменге лық толып, жұртшылық әскери әндер арқылы тарих беттерін өнерпаздармен бірге еске алды.
***
🗣Неделя мероприятий, посвященных 80-летию Победы, прошла в Казахской государственной академической филармонии имени Жамбыла
В Казахской государственной академической филармонии имени Жамбыла прошла тематическая неделя, приуроченная к 80-летию Победы.
2 мая состоялся концерт Государственной хоровой капеллы имени Б. Байкадамова под названием «День Победы». Артисты под руководством Заслуженного деятеля Казахстана Бейимбета Демеуова исполнили известные песни военных лет.
6 мая в рамках недели состоялся концерт «Ұлы той» академического фольклорно-этнографического оркестра «Отырар сазы» имени Н. Тлендиева. Под аккомпанемент оркестра лауреаты международных конкурсов исполнили произведения казахстанских композиторов.
8 мая тематическая неделя завершилась заключительным концертом «День Победы» в исполнении Государственного духового оркестра Республики Казахстан. Дирижировали концертом художественный руководитель и главный дирижёр, Заслуженный деятель Казахстана, кавалер ордена «Құрмет» Канат Ахметов, а также Заслуженный деятель Казахстана Александр Беляков. Концертная программа открылась парадная фанфара Николая Самохвалова «9 МАЯ».
Затем в исполнении оркестра прозвучали популярные песни военных лет: «Катюша» Матвея Блантера, «Поклонимся великим тем годам» Александры Пахмутовой, а также произведения казахстанских композиторов «День Победы», «Баллада о матери», «Сүйген сәулем».
В эти памятные дни зал филармонии был полон — зрители вместе с артистами переживали моменты страницы истории под звуки военных песен.
ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
#жаңакүн

🗣Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Жеңістің 80 жылдығына арналған апталық өтті - 961992636763
🗣Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Жеңістің 80 жылдығына арналған апталық өтті - 961992636507
🗣Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Жеңістің 80 жылдығына арналған апталық өтті - 961992636251
🗣Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Жеңістің 80 жылдығына арналған апталық өтті - 961992637019
🗣Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Жеңістің 80 жылдығына арналған апталық өтті - 961992637531

Комментарии

Комментариев нет.