ҰЛТАРАЛЫҚ АРАЗДЫҚТЫ ТУДЫРМАУ

Ұлтаралық араздықты тудырмау... Сізге де, маған да таныс сөз, солай ма..? Әлемді қайдам, Қазақстанда ұлтаралық араздықты тудырмаудың жолы: қазақтың әл-ауқатын көтеру! Басқаларды байытып қойып, өзіңдікі өзекке тепсең де кетпейдінің кері ме..? Олай болмайды. Ең әуелі қазақ! Сосын басқалар... Егер қазақтың әл-ауқаты жақсы болса басқа ұлттарға қырын қарамайды, өйткені өзінің де әл-ауқаты жақсы дегендей. Елімізде жүрген келімсектердің бәрі Қазақстан азаматы емес, есесіне қазақтың ақшасын күреп тауып, сол ақшаға қазақтың қыздарымен көңіл көтеріп, ұнап жатса үйленіп алып, сол арқылы Қазақстан азаматтығын алып, осында ұрпақ өрбітіп, әлем жұртшылығына "е, қазақ мынадай екен ғой, тегі жоқ, шар тараптан жиналған жиынтықтар ма, бұндай жиынтықтарға мұнша жердің не керегі бар екен" деген ойға қалып, тәуелсіздігімізге нұқсан келеді. Ең әуелі, әлемге енді танылып келе жатқан қазақты көп ұлтты ел дей отырып, өзіміздің монголоид екенімізді әлемнің санасына шегелеп сіңіруіміз керек, сол арқылы Шыңғысханды өзімізге қайтару оңай болмақ.
ЖЕРДІ САҚТАП ҚАЛУ
Қазір бұрынғы заман емес: не істесең ол істе, жерімді бермеймін — деп қылыш, найза асынып, майдан ашатын. Қазір Бірлескен Ұлттар Ұйымы деген "әділдіктің" туын желбіреткен ұйым бар. Ал, Оңтүстігіміздегі өзбектер мен Шығысымыздағы қытайлар күн санап көбейіп келеді. Ертеңгі күні айтады әлгі "әділетті" ұйым: сенің халқың аз, жерің үлкен, ана өзбектер мен қытайларға біраз бөлігін беруің керек, аз халықпен мұнша жерде отырғаның әділетсіздік — деп. Бәрімізге белгілі, сол БҰҰ-ның: адам басына әр шаршы метр "осынша" болу керек — деген қағидаға дейін шығарып қойған, ертең сол қағиданың салқыны қазаққа тиіп жүрмесіне кім кепіл..? Оның алдын алу керек. Ол үшін демографияны міндетті түрде көтеру керек. Оны сол саладағы жауаптылар шешер. Өзімнен алып қосарым: Қытай қытайландырып жатса жатқан шығар, өзбегің де одан қалыс емес. Жақын 10-15 жылда ол жерден (Өзбекстаннан) қазақты таппайсыз. Онсыз да қазақтардың есебіне құрылған о бастағы УзССР уақыт өте келе Қазақстан халқының санынан екі есе көбейіп кеткеніне таңым бар. Демек әлі де көбейе береді, туу арқылы емес, өзбектендіру арқылы. Өзбектерге ол қазақша айтқанта шот емес, өйткені оларда белгілі бір ортақ антропологиялық келбет жоқ. Бізден шыққан көшпенді өзбектер өзбек атауына қоса қысық көз, шықшыт бетті апарып қосты, ар жағынан саудагер сарттар қатарын көбейтті, Ираннан қой бақтыруға алдырған сол маңдағы қарақалпақтың эранылары (ирандары) тағы бар, мен білмейтін тағы қаншама заманның ағымымен келіп қалған түрлі түсті өзбектесіп кеткен этностар бар, бұлай деуіме себеп ұстаздарымның бірі: мен өзбек емеспін, арабпын — дегені. Бірақ құжат бойынша өзбек. Осылайша өзбектердің саны 30 миллионнан асып кетті. Мәселе олардың көптігінде емес, мәселе сондағы қазақтардың өзбектесіп кетуі мен Өзбекстанның жерінің тарлығында. Бізге ол да қауіп, түсінсек. Сондықтан, оралмандарды жүйелі түрде, жылына 100 отбасыдан көшірсек, сол көрсеткіштен ауытқымай отырып, аяғына жеткізу керек. Және Қазақстандағы дүние есігін ашқан әр қазақтың нәрестесіне жеткілікті түрде жәрдемақы төленіп отыруы керек, нәресте өмірге келген отбасының кіріс-шығысын есептеместін белгілі бір бағаны ұстап, баланың ақысын беріп тұру керек. Өйткені ол бала мемлекеттікі, ертең мемлекетке қызмет қылады. Біз солай қазақтың санын көбейте аламыз, солай ғана жерімізді сақтап қала аламыз.
АҚЫНДАРДЫҢ СӨЗІН ӨЗГЕРТУ
Орызалы ақынның: сартқа тиген қызыңнан, орысқа тиген күні артық — деген өлеңін: қытайға тиген қызыңнан, орысқа тиген күні артық — деп әндетіп жүр, кейбіреулер. Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан деп, айналып келіп қытайға шүйлігеміз, ал түрікке мың-мыңдап қыздарың тиіп жатыр. "Ол мұсылман ғой, ол түркі тектес қой" дейтіндер де жоқ емес. Ол мұсылман болса мұсылман шығар, бірақ сол мұсылмандыққа екінің бірі кіріп, екінің бірі шыға береді, діндес болғаннан кіндігің байланып, туысқан боп қалмайсың. Соны түсіну керек. Ол түркі тектес қой дегенге де келісу қиын. Ол түркі тектес емес, түркі тілдес деген дұрыс болар. Әйтпесе неміс пен нидерланд сияқты бір типті герман, испан мен италиян сияқты бір типті роман, немесе орыс пен белорус сияқты бір типті славяндай бір типті болар едік. Қытайдан сақтанып, түріктен сақтанбау — қыстың күні малақай киіп, жалаң бұт жүргенмен бірдей. Сондықтан біреуге майыса құлап, біреуге қатайып қалудың керегі шамалы. Қызық... түріктің жанкүйерлері: түріктер Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындады — деп құлдық ұрады. Не бопты алғаш мойындаса..? Соңғы мойындаса да, тіпті мойындамай қойса да ренжімеймін. Әркімнің өз шешімі, өз ойы бар емес пе..? Және бір айта кететін жайт, Мағжан Жұмабаевтің:
Ерте күнде отты Күннен Гун туған,
Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам.
Жүзімді де, қысық қара көзімді
Туа сала жалынменен мен жуғам — дейтін шумағындағы "қысық қара көзімді" дейтін жерін "қисық қара көзімді" деп қаламын көзіне тығып алса керек, әлдебір жазушы өзінің ғұндар туралы жазбасына Мағжанның осы шумағын қоса отырып. Әйтпесе не масқара, өзінің ата-бабасын қисық көзге теңеп..? Әлде ғұнның қысық көзінен, ұятындағы қисық көз артық болды ма екен..? Мен ұялмаймын, егер маған біреу келіп: қысық көз — десе, марқайып қалам. Өйткені ол мені ата-бабамның түрімен атап тұр, ғұнға теңеп тұр, оның несі ұят..? Ол ол ма, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көзінше алтын адамның (киімнің) көшірмесімен жасанып шыққан бір еркек жаңағы Мағжан атамыздың шумағындағы "қысық қара көзімді" деген жерін "Жүзімді де, мөлдір қара көзімді" деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Еркектің айтып тұрғаны! Көзі мөлдір екен оның. Не күлерімді, не күйерімді білмей қалдым. Қорыта келіп айтқанда, ақындардың сөзін өзгертпеңіздер. Ақынның бір ауыз сөзінде емес, тіпті бір әрібінде мағына жатқан болуы мүмкін. Сіздер өзгерте берсеңіздер, ақын сорлының айтқысы келген ойы көмескіленіп кетеді.
Бақберген Арысланбаев
(Жалғасы бар)

Комментарии

Комментариев нет.