УП города Петропавловска
22 апр

Петропавлда науқастарды судан өткізуге полицейлер көмектесіп жатыр

Петропавлдың жан-жағы түгел су. Сайда орналасқан үйлер су астында. Су кірмесе де аралда қалып қойған елді мекен көп. Ондағы халыққа көмек керек. Сондай жандарды құтқарушылар қайықпен тасымалдап жатыр. Ал қайықтың өтуіне ыңғайсыз тұстардан арқалап алып шығуда.
Мына жазба желіде көп тарады. Полиция қызметкері Біржан Бәкіров тасқыннан науқасты өткізе алмай тұрған дәрігерлерге көмектескен. Соның арқасында Мамлют ауданының тұрғыны орталыққа жеткізілді. Көпшілік сүйсінген видеоға қатысты Біржан бұл ерлік емес, міндетім,-дейді.

Комментарии

Комментариев нет.