9 июн 2020

Mobile Business Banking-тің 2020 ж.

зерттеу нәтижелеріне сай Kaspi Business қосымшасы Қазақстандағы шағын және орта бизнеске арналған ең үздік мобильді банк болып танылды. Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе былайша түсіндірме берді:
«Өткен жылы біз серіктестеріміз үшін Kaspi Business-ті жасадық, олардың көбісі шағын және орта бизнестің өкілдері. Серіктестеріміз Kaspi Business қосымшасының көмегімен төлем қабылдайды, ақша аударады, салық төлейді, бизнесті дамытуға несие алады және Kaspi.kz-пен сатылымды басқарады.
Осының бәрі мобильді телефонның экранында ыңғайлы әрі оңай жүзеге асырылады. Әр серіктеске бізбен бірге болғаны үшін рақмет айтамыз!».
Зерттеуде Google Play мен App Store қосымшаларындағы маркетплейстер деректерінің негізінде іріктелген мобильді қосымшалардың қызметі қарастырылды. Талдау бизнеске арналған мобильді банктің барынша ықтимал қызметін көрсететін 12 негізгі блокқа біріктірілген 140 критерий бойынша жүргізілді.
Зерттеуді SME Banking Club халықаралық қауымдастығы осымен үшінші рет жүргізіп отыр.

Комментарии

Комментариев нет.