19 июн 2020

Бөліп төлеу арқылы зат сатып алғанды жақсы көретіндердің клубына кірген кезде, сіз төлем жасайтын күнді өзіңіз таңдайсыз.

Ай сайын сол күнге дейінгі 15 күн бұрын сізге шот беріледі, оны кез келген тәсілмен: Kaspi Gold-пен немесе Kaspi Депозиттен төлеуге болады.
Шот берілгенге дейін ақша салуға болмайды, ал Kaspi Red-пен сатып алынған заттың құнын мерзімінен бұрын ішінара өтеуге болады.
Ол үшін Kaspi.kz қосымшасындағы «Red» бөлімінде «Мерзімінен бұрын өтеу» қосымша бетін таңдайсыз да, сатып алған заттың өтегіңіз келетін сомасын көрсетесіз.
Сіз ақшаны «Мерзімінен бұрын өтеу» функциясы арқылы салғанда, ай сайынғы шотты емес, сатып алған заттың өзін: алдымен бұрын алғанның, кейін жаңадан алған заттардың құнын төлейсіз. Мерзімінен бұрын өтелгеннен кейін болашақта төленетін шот азайып, жоспарлы күні беріледі.
Шоттар мен Kaspi Red-пен жасалған сауда туралы барлық ақпаратты әрдайым Kaspi.kz-те көре аласыз: https://dz3a4.app.goo.gl/red

Комментарии

Комментариев нет.