8 апр

Су тасқынының салдарынан бірқатар облыстарда жағдай тым ауыр.

Мыңдаған отбасы уақытша орналасу орындарында тұрып жатыр. Бүгін Kaspi.kz қосымша 500 миллион теңге бөлді.
Ақша жол жөндеу, құтқарушы тікұшақтардың жұмысын қамтамасыз ету, генератор, насос, үрленетін қайық пен дәрі-дәрмек сатып алу үшін «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қорында аударылады.
«Biz Birgemiz Qazaqstan» ҚҚ төрайымы Перизат Қайрат:
«Мен су тасқынынан зардап шеккен облыстарды аралап жүрмін. Апат ауқымының қандай екенін өз көзіммен көріп отырмын. Біз су тасқынынан зардап шеккен барлық аймақта техника беретін жалғыз қормыз. Бізге генератор, насос, үрленетін қайық, үлкен моторлы қайық, фонарь, күрек, қаптар керек. Тек құнының жартысын ғана төлеуге шамамыз жетті, қалған техниканы бізге қарызға берді. Қаражаттың дәл қазір қажет екенін түсіне отырып, біз Kaspi.kz-тен тағы қосымша көмек сұрадық. Ұсынылған шоттарды төлеу үшін бізге 500 миллион теңге керек болды. Қайырымдылық көмек көрсеткені үшін әр қазақстандыққа және әрдайым байланыста болып, қажетті жәрдемді көрсетіп жатқаны үшін Kaspi.kz-ке алғысымыз шексіз. Бұл көмекке баға жетпейді, біз зардап шеккен отбасыларға тағы көмектесе аламыз!»
Biz Birgemiz Qazaqstan қоғамдық қоры 2020 жылы құрылған болатын. Қор Covid-19 пандемиясы кезінде қазақстандықтарға жәрдемдескен еді және Арыстағы ТЖ кезінде, Семейдегі өрт кезінде зардап шеккендерге де қол ұшын созған болатын, ерекше балалары бар отбасыларға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.
Наурыз айының соңында Kaspi.kz қосымшасында Kaspi онлайн-сервис ұйымдастырған болатын. Бей-жай қарамайтын әр қазақстандық зардап шеккендерге көмек ретінде Biz Birgemiz Qazaqstan қорына ақша аудара алады. Қазірдің өзінде 100 мың қазақстандықтан қорға 145 миллион теңгеден астам қаражат келіп түсті. Kaspi.kz те өзінің сүйікті клиенттері мен серіктестеріне көмектесіп, оларға қажет болса, несиені төлеу мерзімін кейінге қалдыруға мүмкіндік беріп отыр. Kaspi.kz жағдайды жіті бақылап, көмек көрсетуді жалғастыра бермек.

Комментарии

Комментариев нет.