2 мая 2017

2 мамырда Kaspi бөліп төлеуге сатып алғанды, бонус алғанды жақсы көретіндердің бірегей Kaspi Red клубын Шымкент қаласында іске қосады.

Kaspi Red клубының Шымкентте 100 аса серіктес дүкендері бар. Олардың ішінде LC Waikiki, DeFacto, Intertop, Mon Amie, KIMEX, Marwin, Alser сияқты танымал брендтер мен көптеген басқа дүкендер бар. Шымкент қаласының тұрғындары клуб серіктестерінің дүкендерін қаланың ең танымал Shymkent Plaza, Mega Planet, Баян Сұлу және басқа да сауда ойын-сауық орталықтарынан таба алады.
Kaspi Red-пен жұмыс істеу өте оңай. Клубтың әр қатысушысы 50 000, 100 000 немесе 150 000 теңге мөлшеріндегі зат сатып алуға арналған үш лимиттің бірін таңдайды. Барлық зат 3 айға бөліп төлеуге, пайызсыз және артық төлемсіз сатып алынады. Сатып алынған әр заттың құны тең 3 төлемге бөлінеді. Олардың біреуі ай сайынғы шотқа қосылады, шот берілгеннен кейін 15 күннің ішінде оны төлеу керек. Шотты Kaspi Терминал арқылы немесе Kaspi.kz сайтында депозиттен, Kaspi Gold картасынан немесе Kaspi әмияннан төлеуге болады.
Kaspi Red клубының қатысушыларына сатып алынған әр зат үшін:
• 1 % бонус – әрдайым
• 2 % бонус – егер жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын Kaspi Депозиттер болса
• 3 % және одан жоғары бонус – Kaspi Бонус бағдарламасының акциялары бойынша есептеледі
Одан басқа алғашқы айда Kaspi Red-пен 10 000 теңгеден көп ақшаға зат сатып алынған кезде, біз сыйлыққа 1 000 бонус береміз.
Kaspi Red Алматы қаласында 2016 жылы тамызда іске қосылды. Осы уақыттың ішінде клубтың қатысушылары 400 мыңнан аса бөліп төлеуге сатып алу операциясын жүргізді. Ал 2017 жылғы 21 ақпаннан, яғни Kaspi Red Астанада пайда болған кезден бастап астаналықтар клубтық картаны 35 мыңнан көп рет пайдаланды.
Kaspi Red клубы туралы толығырақ Kaspi.kz сайтының Red бөлімінен білуге болады: https://kaspi.kz/red .

Комментарии

Комментариев нет.