12 июн 2017

Енді Kaspi Gold байланыссыз төлем технологиясын қолдайды!

Бұл – енді зат сатып алу одан да оңайырақ, жылдам әрі ыңғайлырақ болды деген сөз. Енді лимонад банкасын немесе метроға жетон сатып алу үшін картаны кассирге беру, PIN-код енгізу, күту, чекке қол қою міндетті емес.
Кассадағы POS-терминал байланыссыз төлем жасау мүмкіндігін қолдайса және сатып алған заттың құны 5 000 теңгеден аспаса, сіз картаны құрылғыға жай ғана басасыз. Бар болғаны сол, бәрі дайын: сома Kaspi Gold-тен есептен шығарылып, бірден чек басып шығарылады, ал сіздің расталған ұялы телефон нөміріңізге сатып алынған зат туралы SMS келеді. Қандай жағдай болмасын, төлер алдында терминалдың экранындағы соманың сатып алынған заттың құнына сәйкес келуін тексеруді ұмытпаңыз.
Сіз Kaspi Gold картасымен төлеп, жұмсалған әр сомадан:
• әрдайым 1 %;
• жалпы сомасы 1 миллион теңгеден көп Kaspi Депозиттер болған кезде 2 %;
• Kaspi Бонус бағдарламасының акциялары бойынша 3 % және одан көп бонус алатыныңызды ұмытпаңыз.
Kaspi Bank-тің кез келген бөлімшесінде байланыссыз төлем жасау мүмкіндігі бар Kaspi Gold картасын алуға немесе ескі картаның орнына жаңасын қайта шығартуға болады.
Kaspi картаның қолданылу мерзімі өткен соң қайта шығарған кезде оны тегін ауыстырады. Егер қолданылу мерзімі аяқталатын кезге дейін әлі уақытқа болса, сіздің бастамаңызбен қайта шығару құны 1 995 теңгені құрайды.
Kaspi Gold картасы жөнінде толығырақ Kaspi.kz сайтының «Гид» бөлімінен біле аласыз: https://kaspi.kz/guide/gold

Комментарии

Комментариев нет.