27 июн 2017

Kaspi.kz

мобильді қосымшасындағы «Менің Банкім» – бұл Kaspi клиенттеріне тікелей смартфонның экранынан өз қаражатын бақылап отыруға мүмкіндік беретін қолайлы сервис!

Қосымшаның арқасында несиелеріңіз, депозиттеріңіз, Kaspi Gold және Несие Картаңыз жөніндегі барлық ақпарат әрқашан қолжетімді, дәлірек айтқанда, өзіңізбен бірге жүреді.
«Менің Банкім» сервисінің көмегімен кез келген уақытта, қай жерде болсаңыз да:
• карталар мен депозиттер бойынша кез келген кезеңдегі барлық операцияны көруге
• өзіңіздің барлық шоттарыңыздың жағдайын, депозиттерде жиналған ақшаның өсімін қадағалап отыруға
• салымның немесе картаның деректемелерін нақтылап, оларды SMS-пен немесе электрондық поштамен жіберуге
• несие бойынша ай сайынғы төлемді жасауға немесе оны мерзімінен бұрын өтеуге
• картаны тосқауылдауға немесе тосқауылдан босатуға
• қажетті лимитті таңдап, интернетте зат сатып алу үшін карта ашуға;
• Kaspi-де өзіңіздің шоттарыңыздың арасында дереу әрі комиссиясыз аударымдар жасауға мүмкіндігіңіз бар
Kaspi Gold картасының иелері үшін шығысын бақылап, бюджетті жоспарлауға көмектесетін «Менің сатып алғаным» атты жаңа құрал қолжетімді.
Осы қосымша бетте сатып алу операциялары санаттарға бөлінеді және сіз белгілі бір кезеңде, мысалы, супермаркеттерде немесе таксиге қанша ақша жұмсайтыныңызды көре аласыз. Ал санатты басса, әр сатып алу бойынша толық ақпаратты жеке нақтылауға болады. Kaspi.kz мобильді қосымшасында қолжетімді сервистер туралы толығырақ білу үшін «Гид» бөліміне кіріңіз: https://kaspi.kz/guide/app/ .
Қаражатыңызды ыңғайлы басқарыңыз!

Комментарии

Комментариев нет.