5 июл 2017

Kaspi.kz

мобильді қосымшасының көмегімен Kaspi Gold картасын басқару оңай әрі ыңғайлы.

Мобильді қосымшада Сіз:
• өз шоттарыңыздың арасында тегін;
• басқа клиенттің Kaspi Gold картасына тегін;
• кез келген банктің картасынан Kaspi Gold картасына тегін;
• аударым сомасының бар-жоғы 0,95 %, бірақ кемінде 200 теңге комиссия ұстау арқылы Kaspi Gold картаңыздан басқа банктің картасына жылдам ақша аудара аласыз.
Аударымдар тек Қазақстан банктерінің Visa және Master card карталары арасында ғана қолжетімді.
Интернетте зат сатып алуға лимитті өзгерту немесе желідегі операцияларға қолжетімділікті жабу «Интернетте ақы төлеу» қосымша бетінде бар-жоғы бір-екі минутты алады.
Егер сіз картаңызды жоғалтсаңыз, банкке бармай-ақ «картаға тосқауыл қою» қосымша бетінде оны лезде тосқауылдан шығаруға болады және оған тез тосқауыл қоюға болады.
«Менің сатып алғаным» жаңа қосымша беті жеке қаржыны есепке алуға арналған қосымша ретінде шығыстарды басқаруға және бюджетті жоспарлауға көмектеседі. Барлық сатып алынған заттар санаттарға бөлінеді және сіз, мысалы, коммуналдық төлемге, киімге немесе мейрамханаға қанша ақша жұмсағаныңызды көре аласыз.
Кез келген кезең үшін жеке санат бойынша іріктеуге болады. Ал нақты сатып алуды басып қалсаңыз, оның қайда және қашан жасалғанын, ол үшін қанша бонус алғаныңызды біле аласыз.
Бірнеше рет басып-ақ сіз картаңыздың деректемелерін қарап шығып қана қоймай, сондай-ақ оны e-mail-ге немесе SMS-пен жібере аласыз.
Kaspi Gold туралы толығырақ осы жерден білуге болады: https://kaspi.kz/guide/gold Kaspi.kz мобильді қосымшасын мына сілтемелер арқылы жүктеп алуға болады:
• Android үшін https://goo.gl/uHD2Sb • iOS үшін https://goo.gl/NyT7QG .

Комментарии

Комментариев нет.