11 июл 2017

Kaspi.kz

мобильді қосымшасы сүйікті клиенттеріміздің өздерінің ұялы телефонынан Kaspi.

kz-тің барлық сервистеріне қауіпсіз әрі ыңғайлы қол жеткізуіне көмектеседі.
Мобильді қосымшада Сіз:
• Kaspi.kz-тегі Магазинде зат сатып ала аласыз
• 450-ден аса ұйымның қызмет ақысын төлеп, бүкіл төлем тарихын көре аласыз
• Ай сайынғы төлемді төлей аласыз немесе несиені мерзімінен бұрын толық өтей аласыз
• Өз шоттарыңыздың арасында, банктің басқа клиентінің Kaspi Gold картасына немесе өзіңіздің Kaspi Gold картаңыздан Қазақстанның кез келген банкінің Visa және Master Card карталарына ақша аудара аласыз
• Картаға тосқауыл қойып, тосқауылдан шығара аласыз
• Kaspi Red-тің ай сайынғы шотын төлей аласыз және зат сатып алуға лимитті 100 000 немесе 150 000 теңгеге дейін көбейте аласыз
• Kaspi Бонус бағдарламасының акциялары жөнінде ақпарат ала аласыз
• Жақын маңдағы Kaspi Терминалды, Kaspi бөлімшесін немесе кез келген банктің банкоматын таба аласыз, сондай-ақ Kaspi Red клубының серіктестерінің барлық дүкендерінің мекенжайын біле аласыз.
Тіпті Сіз Kaspi Bank-тің клиенті болмасаңыз да, Kaspi.kz мобильді қосымшасын пайдалана аласыз. Kaspi.kz-те төлем жасау үшін кез келген Kaspi Терминалында Kaspi Әмиянды толықтырсаңыз болғаны. Kaspi.kz мобильді қосымшасын мына сілтемелер арқылы жүктеп алуға болады:
• Android үшін https://goo.gl/uHD2Sb • iOS үшін https://goo.gl/NyT7QG

Комментарии

Комментариев нет.