3 сен 2017

Сіз тәуліктің қараңғы уақытында жаяу жүргіншілер өткелімен жүрген кезде, жүргізуші жол бермей, өтіп кетті ме?

Мұндай жағдайлар жиі болып тұрады, оның себебі киген киіміңіз болуы мүмкін. Иә, киіміңіздің түсіне жүргізушінің реациясы әртүрлі болуы мүмкін. Қара куртка мен джинсы киген адам тіпті көліктің фарының жарығымен де жақын арақашықтықта ғана көрінеді. Сондықтан тіпті 40-50 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, тежеу қиынға соғып жатады.
Үйіңізге аман-сау жету үшін жаяу жүргінші ретінде сізге ЖЖҚ-ны сақтаудан бөлек, жолда жүргізушілер өзіңізді көретіндей етіп киім кигеніңіз маңызды.
Оны қалай жасауға болатыны жайлы бір-екі кеңес ұсынамыз.
Тәуліктің ең қауіпті уақыты – ымырт түскен кез. Бұл сағаттарда көшедегі шамдар онша жарық болмайды. Сондықтан тіпті киімі ашық немесе ақ түсті болса да, жаяу жүргіншінің қауіпсіздігі тиісті түрде қамтамасыз етілмейді. Ең дұрысы - жарық шағылдырғыш әсері бар киім киген абзал. Бұл элемент курткаңызда, аяқкиіміңізде, капюшонда болуы мүмкін. Ал ондай киіміңіз болмаса, жарық шағылдырғыш әсері бар, мысалы, сөмкедегі, рюкзактағы, аяқкиімдегі, белдіктегі, браслеттегі, т.б. аксессуарлар туралы ойланыңыз.
Мұндай функцияны өз балаларыңызға да пайдаланған жөн. Бұл балаңыздың да қауіпсіздігін арттырады. Ал жүргізушінің түрлі киімдегі жаяу жүргіншіні қандай қашықтықта көретіні инфографикамызда көрсетілген.
Ал жүргізушілерге біз жол жүрісі қағидаларын сақтауға кеңес береміз.
Жолда мұқият болыңыздар!
Ал егер сіз жаяу жүруден жалықсаңыз, жүргізушілердің қатарына қосылу оп-оңай. Kaspi Bank-тің автонесиесі қалаған көлігіңізді дәл бүгін сатып алуға мүмкіндік береді. Толығырақ мына жерден біле аласыз: http://kaspi.kz/guide/auto_credit/

Комментарии

Комментариев нет.