29 сен 2017

Тамызда Kaspi Red 200 000 қатысушымен бірге өзінің алғашқы туған күнін атап өтті!

Біз жыл бойы сүйікті клиенттеріміз үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырыстық.
Ал келесі жылдары осы клубта қатысуды жалғастырғыңыз келсе, сіз мынаны білуіңіз керек.
Сонымен, сіздің клубта мүшелігіңіздің аяқталуына бір күн қалғанда сіз Kaspi-ден sms-ескерту аласыз. Ал Kaspi Red-те қалу үшін сіз жаңа жылда алғаш зат сатып алып, клубтық жарнаны төлеуіңіз керек.
Мысалы, қатысқан бірінші жыл 30 тамызда аяқталды. Сосын сіз 10 қазанда зат сатып алсаңыз – бұл келесі жылы қатысқан бірінші күн болып саналады. Жарна сіздің зат сатып алу үшін таңдаған лимитіңізге байланысты. Сізге зат сатып алғаныңыз үшін шот ұсынылған кезде, оған 3 төлемге бөлінген клуб жарнасы да кіреді.
Kaspi Red-ті ыңғайлы уақытта Kaspi.kz мобильді қосымшасында төлеуге болады, ал Kaspi Терминал арқылы сіз мерзімінен бұрын өтей аласыз.
Қазақстандықтардың көбісі қалаған тауарларын сатып алуы үшін немесе қызмет ақысын бөліп төлеуі үшін біз серіктестер желісін үнемі кеңейтіп отыратынымызды және жаңа қалаларды қосып отыратынымызды ұмытпаңыздар.
Серіктестерімізбен бірге сіздер үшін арнайы тиімді ұсыныстар жасаймыз.
Kaspi Red-тің шарттары туралы сіз Kaspi.kz-тегі Гид бөлімінен толығырақ біле аласыз: https://kaspi.kz/guide/red/

Комментарии

Комментариев нет.