23 дек 2017

Бүгінгі таңда көзілдірік немесе виртуалды шындық дулығасы пайдаланушылардың көпшілігіне қолжетімді болды.

Олардың көмегімен 3D бейнені алудың арқасында экранда болып жатқан нәрселерге қосылып кетуге болады.
VR дулығалар бірнеше түрге бөлінеді:
- компьютер мен консоль үшін - Xbox, PlayStation және т.б.
- смартфондар үшін
- тәуелсіз.
Смартфондарға арналған VR гарнитура кеңінен қолданылады.
Онда телефон дисплей болса, дулыға – оны ұстаушы.
Олар өте қымбат емес, фильмдер мен ойындар көруге қолайлы.
Қай жерде болсаңыз да: ұшақта да, поезда да пайдалану ыңғайлы.
Егер сіз мұндай ғажайып техниканы алуды шешсеңіз, шолу бұрышын ескеріңіз – бұл суреттің қаншалықты түгел көрінетінін айқындайды. Сондықтан бұл сипаты неғұрлым кең болса, соғұрлым шындыққа сай келеді.
Дулығада акселерометр мен гироскоп сияқты датчиктердің болуы өте маңызды. Бұл виртуалды кеңістіктің дұрыс көрсетілуі үшін қажет.
Телефоныңыздың экранында HD немесе Full HD шешімі болуы тиіс.
Kaspi.kz-тегі Магазинде ғажайып техниканы таба аласыз: https://kaspi.kz/shop/c/vr glasses/
Егжей-тегжейлі сипаттама сізге сипаттамаларды түсінуге әрі дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.
Тура Kaspi.kz-тегі Магазиннің сайтында өтінім беріңіз де, дереу мақұлдау алыңыз.
Бұл – жылдам сатып алудың керемет мүмкіндігі. Өйткені 2 жылға дейін сақтандырусыз, кепілсіз және комиссиясыз несиеге; артық төлемсіз үш айға бөліп төлеуге және қолма-қол ақшаға сатып алуға болады.
Сонымен қатар акцияның аясында 31 желтоқсанға дейін Kaspi.kz-тегі Магазинде 10 000 теңгеден басталатын сомаға сатып алынған әр зат үшін 3000 бонус аласыз!
Ойын консоліне арналған VR-көзілдіріктер қозғалыс датчиктерімен, жоғарғы шешімі бар дисплейлермен жабдықталған және графиканың барынша жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Бұл гарнитуралар барынша ыңғайлы, көзді сыртқы жарық көздерінен жақсы оқшаулайды. Ойын приставкасы болмаса, әрине олар жұмыс істемейді.
Виртуалды шындықтың тәуелсіз көзілдірігін пайдалану оңай. Өйткені оларда жұмыс істеуі үшін бәрі бар. Қосылу үшін және баптау үшін дулығаны қосса және жүйенің нұсқауларын орындаса, жеткілікті.
Девайстардың мақсаты тек ойындар мен фильмдермен шектелмейді. Диванда ыңғайлы жатып алып, сан алуан елдерге сапар шегуге болатын, ал балалар керемет табиғат әлемімен танысатын танымдық және үйрететін VR-контент құрылады.
360 градусқа сфералық бейнероликтерді қарап отырып, оның ішіне кіріп, оқиғаның нақ ортасында бола аласыз.

Комментарии

Комментариев нет.