18 мар 2018

2018 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда автомобильдердің электрондық паспорттары енгізіледі.

Көлік құралының электрондық паспорты (КҚЭП) – Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) барлық елдері үшін бірыңғай сүйемелдеуші құжат. Ол автомобиль өндірілген (немесе ЕАЭО-ға кіргізілген) сәттен бастап кәдеге жаратылғанға дейін мәліметтермен толықтырылып отырады. Мұндай паспорттарда көліктің бүкіл тарихы жазылады және олар қағаз құжаттардың санын, сондай-ақ оларды қарау мерзімдерін азайтады.
Жаңа көліктерге КҚЭП өндіруші зауыттардан, ал ЕАЭС елдерінен импортталатындарына мемлекеттік уәкілетті органдардан алынады.
Айдалған көлік иелері үшін электрондық паспорт әзірше міндетті емес, бірақ болашақта машинаны қайталама нарықта сатып алған кезде, кез келген адам қалауынша арнайы порталдан оның тарихын көре алады. Бұл құжаттардың заңсыз жасалуына жол бермейді және күмәнді автомобиль сатып алу ықтималдылығын төмендетеді.
Электрондық паспорттар біртіндеп енгізіледі, алайда тексерілген автомобильді қазірдің өзінде «Колеса Тексеру» сервисінің көмегімен сатып алуға болады. Kolesa.kz сайтына кіріп, «Тексерілді» деген белгісі бар марканы таңдасаңыз жеткілікті.
Мұндай автомобильдер 69 тармақ бойынша және шанақ, салон, қозғалтқыш, жүріс бөлігі, берілісті ауыстыру қорабы, тежегіш жүйесі сияқты барлық негізгі элементтері бойынша кәсіби диагностикадан өткізілген. Тексеру нәтижелерін тікелей хабарландырудағы Тексеру актісінен көруге болады.
Егер сіз ұнатқан автомобильді таңдасаңыз, сатып алуды кейінге қалдырмаңыз, өйткені тікелей Kolesa.kz сайтында Kaspi-ге Автонесиеге өтінім беруге болады. Ал онлайн мақұлдауды бар болғаны 1 минуттың ішінде аласыз!
Көлік иесіне де қолайлы: сапалы толыққанды тексеру және көлікті несиеге жылдам сату.
Толығырақ Kaspi.kz сайтынан білуге болады https://kaspi.kz/guide/auto_credit/

Комментарии

Комментариев нет.