31 мар 2018

Kaspi.

kz-тегі Магазиннен сатып алынған заттарды екі тәсілмен: тауарды өзіңіз алып кету немесе жеткізу қызметін пайдалану арқылы ала аласыз.
Таңдаған дүкеніңіздің жұмыс кестесіне сай тапсырысты ресімдегеннен кейін 3 күннің ішінде тауарды өз бетінше алып кетуге болады. Кестені дүкеннің атауын басып, «Сатушылар» деген қосымша парақтан немесе сізге тапсырыстың егжей-тегжейімен жіберілген SMS-тен және e-mail арқылы көре аласыз.
20 000 теңгеден астам сомадағы тауарға тапсырыс берген кезде өз қалаңызда тегін жеткізу қызметін таңдауға болады. Егер тауардың құны 20 000 теңгеден аз болса, жеткізу қызметінің сомасы таңдаған дүкеніңізге байланысты 1 000 теңгеге дейін болады.
Тапсырыстың күйі туралы толық ақпаратты 5555 тегін нөмірі арқылы немесе тапсырыс туралы SMS-те көрсетілген нөмір арқылы дүкенге телефон соғып білуге болады.
Үйден шықпай-ақ, Kaspi.kz-тегі Магазинде тауарды бөліп төлеуге немесе несиге сатып ала алатыныңызды, сатып алушылардың тауарлар туралы пікірлерін оқи алатыныңызды, әртүрлі сатушылардың бағалары мен рейтингтерін салыстыра алатыныңызды есіңізге саламыз. Тауарлардың көптеген түрлерімен мына жерден таныса аласыз: https://kaspi.kz/shop/ Саудаңыз сәтті болсын!

Комментарии

Комментариев нет.