Діни ағымдардың ықпалы


Бүгінде қоғамда өздерін «нағыз мұсылмандар» ретінде танып, өзгелерді «кәпір» деп санайтындар бар. Еліміздің ішінде күмәнді, елді біріктіретін емес, керісінше, берекесін алып, тоздыратын топтар, елге іштей іріткі салушы, деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеті қауіп төндіруде.

Дінді өз пайдасына қарай бұрмалап, ислами наным-танымдарды шатастырушылар кездеседі. Ол топтар мен ағымдарды ғалымдар зерттей келе оларды деструктивті, радикалды, фундамент
алды немесе экстремистік деп атап жүр.

Бұл ағымдарды псевдоисламдық деп атап отырғанымыз да осыған байланысты. Себебі «псевдо» тіркесі - жалған деген мағынаны береді, яғни дәстүрлі Исламның кейбір қағидаларын басқаша түсініп, бұрмалап, оны өздерінің радикалды идеологияларына айналдырып, дін ішінде дін туындатып жүрген діни ағымдарға тиісті айтылатын ұғым.

Құранда жазылған аяттардың мағынасын бұрмалап, өздеріне ыңғайлы тұрғыда түсіндіріп, ұстанушыларға таратады. Яғни, аят-хадистердің астарын, мақсатына үңілмей, бетін қана қалқып алып, өздігінше түсіндіруге бет бұрады.
«Сәләф» сөзі «бұрынғылар» дегенді білдіреді. Діни терминологияда «салиқалы салафтар» делінген кезде сахабалар, олардың кө
зін көрген табиғиндер мен бұлардың да көзін көрген табаға табиғиндер меңзеледі. Бірақ діни терминологияда белгілі бір ағымға «салафтар» деп айтылмайды.

Салафиттер өкілдері болса оны пайдаланып, өздерін «бұрынғы Пайғамбар заманындағы мұсылман жолын ұстанамыз» деп жекелеген адамдардың идеясын насихаттап жүр.

Олар зайырлылық пен демократиялық мемлекеттік принциптеріне, конфессияаралық диалог пен келісімге, саяси институттардың қазіргі құрылымына, заңдарына қайшы келеді. Тіпті оларды мүлде мақұлдамайды.
Ислам дініндегі бір парыз амалды орындамаған мұсылманды кәпір деп санайтын ұстаным барлық төрт суниттік мазхаб
тардың (Ханафиттік, Шафиттік, Мәліктік, Ханбалиттік) діни түсініктеріне қайшы келеді.

Мұндай идеялар еліміздегі мұсылман халықтары арасында діни негіздегі пікір қайшылықтарының туындауына, соның нәтижесінде діни араздықтардың өршуіне себеп болады.

Ең қауіптісі, идеологиясында жиһад мәселесі ауқымды орын алатын салафийлер және олар секілді басқа да ағымдар мен қозғалыстар (салафиттер қауымдастығының басқа да көптеген тармақтары, солардың ішінде такфирлер, мадхалиттер және жиһадистер) бейбіт іс-әрекеттерінен қарулы шабуылдар мен лаңкестікке дейін оңай ауыса алады.

Зерттеушілер олардың діни дайындығынан өткен адамның өте радикалданып, заңды билікке, басқа дін өкілдеріне, зайырлы азаматтарға өшпенді қарсыласқа айналатынын, өзінің саяси мақсатына жету үшін кез келген тәсілді қолданатынын, соның ішінде қарулы қақтығысқа да баратынын айтады.

Сондықтан ата-бабамыз ұстанған мейірімді ислам дінін дұрыс түсініп, жүрегімізде жылулық сақтап, адамгершілік бейнемізді қолдан келгенше жоғалтпауға тырысуымыз керек.

Комментарии

Комментариев нет.