Рухани-адамгершілік құндылықтар мен зайырлы қазақстандық қоғамы

Әлемнің барлық халықтарында өздеріне тән салт-дәстүрлерінің бар екені белгілі. Салт-дәстүрлер халықтың тұрмыс салтын, оның әдет-ғұрпын, ұлттық белгілері мен ерекшеліктерін көрсетеді. «Салт-дәстүрлер» ұғымы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан және қоғамдық ой-пікір күшімен қорғалатын тарихта қалыптасып кеткен тұрақты және айрықша жалпыланған нормалар мен адамдардың қоғамдық қатынастар қағидалары деп түсініледі.
Ерте заманда салт-дәстүрлерді бұзу ретсіздікке жататын және сөзсіз жазаға тартылатын болған. Осы өзара ықпалдың арқасында қазақ халқының салт-дәстүрлері Ұлы даланың әртүрлі жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген халық топтары - жайдарлы, жылы шырайлы, қонақжай, ата-бабаларының өсиеті бойынша өмір сүруге талпынған. Бүкіл әлеммен келісушілікте өмір сүретіндер үшін көркемді, мазмұнды, шырайлы болып келеді.
Қазақ халқы үшін «Наурыз мейрамы» көктемнің құлпыруы, махаббат салтанатының, жемістілік пен достықтың бірден бір нышаны ретінде бірқатар рәсімдермен сабақтасады. Қазіргі таңда, ертедегідей Наурыз қарсаңында адамдар өз үйлерін және шаруашылықтарын ретке келтіріп, осы мейрам құрметіне ағаштар мен гүлдер отырғызатын.
Ежелден қазақ халқы бір некелікті қолдаған және туысқандық мүмкіндігі бар некеге тыйым салған. Осыған сәйкес жеті атасынан аспаған бір рудың өкілдері неке құра алмаған. Бұл тыйымдар ұлттың өркендеуінің кепілі болатын дені сау ұрпақ туылуы үшін керек болған.
Қазақстан қоғамында өзіндік ерекшелікті, даралығын, тұрмыс салтын және дәстүрін көрсететін, тарихи қалыптасқан моральдық-этикалық, эстетикалық, діни құндылықтардың айырықша маңыздылығына мән беру керек. Бұлардың жиынтығы қоғамның рухани өмірінің мәнін, ең жақсы қасиеттері мен ерекшеліктерін көрсетеді.
Ұлттық құндылықтар адамның өмірлік ұстанымын, оның қоғам мен мемлекетке деген қатынасын, өз елінің өткен, қазіргі және келешектегі жағдайына көзқарасын, ұлттық игілікті сақтаудағы жауапкершілігін орнықтырады.
Сонымен қатар, Қазақстанның рухани дамуы діни және этникалық себептері арқылы қалыптасқан. Оның ішінде ислам құндылықтарының және шығыс пен батыстың селбесуі қазақстандық толеранттылықты құрды, бұл қазіргі жаһандандырылған әлемде Қазақстан Республикасының брендіне айналды. Қазақстанның этноконфессионалдық әралуандығы - ол өзге қазақстандықтар үшін басқа ұлттардың құнды мәдени игілігімен алмасуға болатын зор байлық, бүкіл біздің қоғамымыздың игілігі екенін жақсы түсінеміз.
Қазақстандықтардың ұлттық рухани құндылықтарын діни төзімділік, шыдамдылық, мейірбандық, сенімділік, кешірімділік, патриотизм, қонақжайлылық, өзге этностардың салт-дәстүрлеріне деген құрмет, еңбекқорлық, берік дәстүрлі жанұя кіретін, белгілі бір құрылым жасайды. Осы құндылықтардың барлығы қазақтың ділін құрайды. Өзінің ұлттық құндылықтарынан бас тартқан қоғам рухсыз қоғамға айналады. Әрине, бұл жағдайда басты көңіл жастарға бөлініп, олардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру керек.
Біздің елімізде әрбір этнос бір-біріне үлгі боларлықтай адамгершілік қасиеттерге ие, ешкім кемсітілмейді немесе өзін жоғары санамайды. Ұлтының сенімінің, саяси көзқарасының әртүрлілігіне қарамастан, Қазақстан азаматтары үшін рухани даму, адамгершілік, заңдарды сыйлау, ортақ көзқарас - бұл - қоғамның дамуы мен тазаруының негізі.

Комментарии

  • 26 авг 2023 20:46
    Приуральская деревня большая яма три метра глубина
  • 26 авг 2023 20:47
    Аким станционная не чего не делает приуральская деревня караболык район Костанайской области
  • 26 авг 2023 20:47
    Яма на дороге приуральская деревня караболык район Костанайской области