Тәтті келу

Ертеде тұрмысқа шыққан қызының келуі жиілеп кеткенін байқаған әкесі " қызым тәтті болып келсең дұрыс болады " деген екен. Мұны естіген қызы келесі келгенінде тәтті тағамдар пісіріп ала келеді. Әкесі тағы да " тәтті келгенің дұрыс болады " деген екен. Түсінбеген соң қызы " Әкешім тәтті кел дегеніңіздің мәнісі не ? " деп сұрайды. Әкесі күлімдеп " қызым тәтті кел дегенім жиі келе берме, сирек кел , сирек келсең қадірің артады , ата - енеңе сыйлы боласың , арамыз жылы болады, өзің де тәтті боласың дегенім " депті.
Көңілге кірбін салмай, жүректі жараламай, әдемі сөзбен ақылын айта білген, тәлім- тәрбие берген Әкелер аман болсын!!!
Ватцаптан алынды

Тәтті келу  - 926253291915

Комментарии