25 окт 2023

✉️ Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай келіп түскен құттықтау жеделхаттары

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр.
🇺🇸 Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байден Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына жолдаған өзінің құттықтауында екі ел арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалаған.
«Қазақстан мен АҚШ-ты егемендікті, тәуелсіздікті және аумақтық тұтастықты сақтау жолындағы ортақ мүддеге негізделген серіктестік біріктіреді. Отыз жылдан астам уақыт бойы біз осы қағидаттарды сақтап, халықтарымыздың жарқын болашағын қалыптастыру үшін бірге әрекет етіп келеміз. Соңғы жылдары стратегиялық серіктестікті нығайтуға және барлық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жұмыс жүргіздік. Мен елдеріміз арасындағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниеттімін», – деп жазылған Президент Байденнің құттықтау жеделхатында.
🇬🇧 Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі III Чарльз Қазақстанмен арадағы достық қатынастар және екіжақты серіктестік одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
🇫🇷 Франция Президенті Эмманюэль Макрон өзінің құттықтауында ұзақ жылдар бойғы екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты дамытудың маңызды екенін атап өтті.
«Елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту, энергетика, су ресурстары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және шикізат салаларындағы серіктестікті дамыту үшін Қазақстанға жасайтын алдағы сапарымды асыға күтемін», – делінген жеделхатта.
🇺🇿 Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өз құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан ауқымды және жүйелі реформалардың нәтижесінде заманауи Қазақстан тұрақты дамып келе жатқанын, ал оның өңірлік және жаһандық деңгейдегі өзекті бастамаларын халықаралық қоғамдастық лайықты мойындайтынын атап өткен.
🇰🇬 Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі бастамасын қазақ халқы ұдайы қолдайтынын айтқан. Сонымен қатар ол одақтастық қатынастардың қазіргі оң динамикасы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағытында ауқымды жоспар құруға мүмкіндік беретінін жеткізген.
🇹🇯 Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және қоғам өмірінің басқа да салаларында қол жеткізген толайым табыстарын жоғары бағалады.
🇹🇲 Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов тату көршілік, өзара құрмет пен сенім қағидаттарына негізделген екіжақты қарым-қатынасқа ерекше назар аударған.
🇦🇿 Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев өз жеделхатында бауырластық пен өзара сенімге негізделген тарихи тамыры терең әзербайжан-қазақ қарым-қатынасын жан-жақты дамытуға баса мән беретінін жазған.
🇧🇾 Беларусь Президенті Александр Лукашенко құттықтау хатында Қазақстанның егемендік пен аумақтық тұтастықты нығайту үшін жүзеге асырып жатқан шараларын, экономика мен әлеуметтік салалардағы қолға алған ауқымды өзгерістерін, көпұлтты мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатта сындарлы ынтымақтастық орнатуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалаған.
🇷🇺 Ресей Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысын Республика күнімен құттықтап, елімізге табыс пен бақ-береке тіледі.
«Сіздің еліңіз әлеуметтік-экономикалық даму жолымен сенімді түрде ілгерілеп келеді. Сондай-ақ маңызды халықаралық мәселелерді шешуде өзінің елеулі үлесін қосып, әлемдік аренада зор беделге ие болып отыр. Ресей мен Қазақстан қатынастары жоғары деңгейде дамып келеді. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды одан әрі нығайту, ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ, ҰҚШҰ және ШЫҰ секілді ұйымдар аясындағы сындарлы ықпалдастықты кеңейту халықтарымыздың түпкі мүддесіне сай келеді», – делінген жеделхатта.
🇨🇳 Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа және достас Қазақстан халқына өзінің жүрекжарды лебізі мен ізгі тілегін жолдады. Ол соңғы жылдары Қазақстанда тұрақты экономикалық даму байқалатынын, еліміздің өңірлік және халықаралық істерде ықпалы күшейіп келе жатқанын атап өтті.
«Өзіңіз бастамашы болып, жүзеге асырып отырған Жаңа Қазақстан құру идеясы зор жетістікке жететініне сенімдімін. Сізбен бірге мәңгілік және жан-жақты стратегиялық серіктестікке негізделген қытай-қазақ қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеру үшін күш салуға дайынмын», – деп жазды ҚХР Төрағасы.
✉️ Свои поздравления также направили Король Саудовской Аравии Салман бен Абдельазиз Аль Сауд, Наследный принц, Премьер-министр Королевства Саудовской Аравии Мухаммед бен Салман бен Абдельазиз Аль Сауд, Папа Римский Франциск, Император Японии Нарухито, Король Марокко Мухаммед VI, Султан Омана Хайсам бен Тарик Аль Саид, Король Испании Фелипе VI, Король Нидерландов Виллем-Александр, Король Швеции Карл Густав, Президент Индии Драупади Мурму, Президент Южной Кореи Юн Сок Ёль, Президент Сингапура Тарман Шанмугаратнам, Президент Армении Ваагн Хачатурян, Премьер-министр Армении Никол Пашинян, Президент Италии Серджо Маттарелла, Президент Болгарии Румен Радев, Президент Греции Катерина Сакелларопулу, Президент Хорватии Зоран Миланович, Президент Португалии Марселу Ребелу де Соуза, Президент Румынии Клаус Йоханнис, Президент Швейцарии Ален Берсе, Президент Латвии Эдгарс Ринкевичс, Президент Польши Анджей Дуда, Президент Финляндии Саули Ниинистё, Генеральный секретарь ООН Антониу Гутерриш, Генерал-губернатор Австралии Дэвид Хёрли, Раис Татарстана Рустам Минниханов, Председатель Административного совета штата Мьянма Мин Аун Хлайн, Генеральный секретарь СНГ Сергей Лебедев, Генеральный секретарь ОБСЕ Хельга Мария Шмид, Генеральный директор ИСЕСКО Салим бен Мухаммад аль-Малик и другие.
Поздравительные телеграммы продолжают поступать. t.me/aqorda_resmi

Комментарии

Комментариев нет.