• (Мейірхан Адамбеков) - Шайтанкөл. 🌺🌹🍀 Қыз тәрбиесі 🌷🌸💐 Ұлт намысы 🌺🌹🍀
Шайтанкөл!!!(орын Мейірхан Адамбеков) сөзі:Серік Ақсұңқар.Қарқаралы.

Комментарии

  • 19 янв 2020 14:23
    Жалғанның жалған екенін ұғындырып, Шайтанкөлден ұшып тағы бір аққу қош деді...
    Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мейірхан Сәйдіұлы Адамбеков дүниеден озды.
    Жаныңыз жәннәттә болсын!!!  Сіздің салған әніңіз мәңгі жадымызда!


  • 19 янв 2020 14:24
    Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры талантты әнші Мейірхан Адамбеков өмірден озды. Қайғылы хабарды Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкен Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    «Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, талантты әнші Мейірхан Сәйдіұлы Адамбековтың 62 жасына қараған шағында дүниеден озғаны туралы xабарды естіп қабырғамыз қайысып отыр. Туған-туыстары мен жора-жолдастарына, Арқаның өнер сүйер жұртына қайғырып, көңілімізді білдіреміз. Иманды болыңыз, аға...», - деп жазды Абзал Нүкен.

    Мейірхан Сәйдіұлы 1958 жылы 1 шілдеде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Алматы эстрада-цирк студиясын, Қазақстан-Ресей университетін бітірген. Қ. Байжанов атындағы концерт бірлестігінің әншісі, Тәттімбет атындағы өнер колледжінде халық әндері бөлімінің меңгерушісі болған.

    Халық композиторлары Біржан мен Ақан серінің, жаяу Мұса мен Мәдидің, Шашубайдың., Естай мен Ғазиздің әндерін ұлттық нақышпен орындайтын әнші Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың лауреаты атанған еді. Қазақстан өнер шеберлерімен бірге Франция, Швеция, Австрия, Болгария, Голландия, Венгрия, Ресей сынды елдерде өнер көрсеткен болатын.
  • 19 янв 2020 14:30

    Хош, Бауырым! Алдың--бейіш, артың--кеніш болғай!


    Түрік – Ата,

    Ақсораң – Ұлы Анамыз,

    Ауызда – Қарқаралы дуаны – аңыз.

    Басында Ойрантаудың ойран дауыл,

    Қасында Біләл жырау дуалы ауыз.


    Туғаннан менің шерлі-шемен кеудем,

    Елде жоқ сиқырлы үнге елеңдеумен.

    Есіктен Біләл жырау төрге озғанда,

    Бесікте шыбын жаным бебеулеген.


    Көреді Білекеңдей беренді – кім,

    Сезеді мендей қайдан тереңдігін?

    Белінен сол бір шалдың сен жаралсаң,

    Демінен мен туғанмын сенен бұрын.


    Жоқ менің, Алаш сынды алыпқа өкпем;

    Тәңірің ән салғызды танып көктен.

    Тамшы ма ең Жәнібектің көзіндегі

    Талдының өзеніне тамып кеткен?!.


    Беу, неге мен босаймын қайғы-мұңға:

    Жүрегім елжіреп тұр тай-құлынға.

    Бір тамшы Жәнібектің көзіндегі

    Алаштың мөлдіреп тұр айдынында.


    Әлемді бір шолдым да әріге өттім,

    Дүние – Әміренің әні деппін.

    Үстінен Шайтанкөлдің нөсерлеп тұр,

    Көзінен тамған жасы Жәнібектің!..


    Көкшетау Біржан салмен бес түлесе,

    Наданды Мәди-Муза кескілесе;

    Қазағым – Ғаламның бір шерлі дауысы,

    Есінеп есер – дүние естімесе,

    Қайтемін енді...


    Серик Аксункар.

  • 19 янв 2020 19:22
    Ғазиз аға, есіңізде ме.... осы жерге гостролде жүргенде барып едім... Керемет жер